Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

Қазақ үйдің тұрмысы

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп, Босаға, маңдайша мен табалдырық, Кереге алты жапсар, алпыс уық, Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық. Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау, Төрт ірге, есік жабық, ши, туырлық, Он бес бау, ішкі - сыртқы белдеу, желбау, Түс киіз, көрпе, шай шымылдық, Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ, Алаша, бешпент, көйлек, шәлі, берік, Самаурын, үстел, кесе, шәйнек, шәугім, Кәдеге, сандық, кебеже, ақ түндік, Патнос, шелек, мосы, адалбақан, Ұстара, қайрақ, тарақ, бақан, сырық, Шылапшын, аяқ, қасық, қазан, ошақ, Жүкаяқ, шкаф, пышақ, айна, орындық. Тәрелке, ожау, шөміш, саба, торсық, Ұршық, біз, балға, көсеу, қап, ине, жіп, Сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс, байпақ, Дастарқан, тақия, ішік, белбеу, белдік, Ер - тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы, Құйысқан, үзеңгі, ішпек, өмілдірік, Аяққап, тұз баспағы, сабын, сақар, Ірімшік, жәшік, қоспа, май, қымыз, құрт, Айран, ұйтқы, ашытқы, көже, саумал, Ұн, тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық, Жүн - жұбыр, қыбыр мен тері-терсек, Келі, келсап, пышақ,аша, күрек, Ат, қалта ноқта, бұйда, үскі, кілт, Сыпыртқы, сүлгі орамал, қырғы көнек, Жайнамаз, қалам, қағаз, дорба, сауыт, Домбыра, тұтқыш, гармонь, шаппашот, тұлып Машина, кергіш, қайшы, ілгек, шамдал, Кепсер, қақпақ, саптыаяқ, тәспі, құлып, Асыл тас, ақық, меруерт, маржан, үкі, Бастырма, ілгек, жүзік, сақина, шоқ, Кимешек, шүберек, сағат, құран кітап, Темекі, қант, қағаз шай, насыбай шелек, Асық, шақша, шалғы, орақ, бұрғы, қашау, Желі арқан, көген, тоқпақ, жылқы құрық. Басқа түрлі жабдығын санай алмай, Сыртқы үзігін көрмекке кеттім шығып.

Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы. Киіз үйдің қалпын суреттейді.Толық ішіндегі бейнені береді.Шалыс ұйқасқа құрылған он бір буынды өлең. 1915-1916 жылы жазылған.

Қарындастарыма

Айтылмай мынау сөзім қалған дағы, Жоқ болса қыздың теңі - арман дағы. Жігіттің сырт омынан іші аспаса, Сол қызға бір қосылған «арлан дағы». Теңі боп айтып өткен әлгі қыздың, Жігіттің қай сенері барған дағы, Қызбенен бірдейлік пе, асарлық па, Тапқаны қыздың бар ма, нанғандағы. Сыр - сипат, өнер, білім бойында боп, Ол дағы ғашық отқа жанған дағы. Сыр - сиық, мінез - қылық үйлеспесе, Қадірсіз, қымбат басың арзан дағы. «Жар» десем жалпы жасқа арнап айтам, Түбінде есетіні ізде қамдан - дағы! Тәрбие, оқу - білім, әдеп, үлгі Қылатын бізді жақсы бұл маңдағы. Біріксе бірдей мінез екі құрбы, Сол екен жер - жиһанның таңданбағы. Күң болма, ез - ынжыққа, қарындасым Абайлап асыл тауып ал аңғар дағы. Таңда, тап, сүй, құшақта, күліп - ойна!

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Жастыққа жақсы жармен жарналас бол! Қызық сол, жарқындарым, жалғандағы.

Өлең 1915-1916 жылдары жазылған. Өлеңнің жанры:Арнау өлең. Өлеңде қыз баланың жақсы жар жолықтырып, армансыз ғұмыр кешуге ұмтылуы керек екендігі айтылған. Өлең 11 буынды,аралас ұйқасқа негізделген.

Май

Апрель кетіп, май жетсе, Табиғатқа жан кірер. Мұз бұзылып, қар кетіп, Қара жерге әр кірер. Жыл құстар шулап, жер кепсе, Жайраңдасар әркімдер. Жылға суық билетсе, Жайма - шуақ әр күндер. Орман, тоғай желдетсе, Әнге басар әлгілер.

1915-1916 жылдары жазылған өлең. Өлеңнің жанры: Табиғат лирикасы. Күннің жылынып, май айының келгендегі табиғаттың өзгеріп, қара жерге сән кіретінің жайлы айтылған. Өлеңде кейіптеулер кездеседі. Өлең 7буынды, кезектес ұйқасқа негізделген.

* * * Май айында көп ағаш, Мақтанады шайқалып. Көк жапырақ қып - қиғаш, Бауырында майса жайқалып. Салқын таңда сандуғаш Сайрап отыр тайпалып, Құс, көбелек, қарлығаш Қанатын қағып, қайқайып. Тал бауырында талдырмаш, Әзіл, ажуа қайтарып.

Өлеңнің жанры: Табиғат лирикасы. Табиғаттың мамыр айында құлпырып, жандана түсуі жайлы айтылған. Өлеңде кеіптеулер мен эпиттер кездеседі. Өлең 7буынды, кезектес ұйқасқа негізделген.

* * *

Түйе боздап, қой қоздап,

Балалар ойнап, құс шулап.

Қаз қаңқылдап, ой қозғап,

Бақа шырлап, су зулап.

Шөп жалпылдап, жел есіп,

Арық аунап, мал қунап.

Ит саңқылдап, ел көшіп,

Құлын шырқап, тай тулап.

Мастанып жүр жарлы да,

Сұрап жұтқан аққа улап.

Тілді үйретпей, қыздырмай,

Қысқартайын сөзді жай.

Көп сүйретпей, оздырмай,

Қысқа айтайын ызғымай.

Кәріліктің алды қараша,

Жігіттіктің алды май.

Өлеңнің жанры: Табиғат лирикасы. Өлеңде мамыр айының келгеніне тіршілік иелерінің қуануы сөз етіледі. Өлең 7буынды, кезектес ұйқасқа негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]