- •I. Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жобаның құрамы
- •1.2 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
- •1.3 Климаты мен тарихи жағдайы
- •2.5 Бөлме экспликацясы
- •Іі. Сәулеттік құрылыстық бөлім
- •2.1 Бас жоспар
- •2.2 Телім жоспар бойынша техника техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.3 Көлемдік-жоспарлау шешімдері
- •2.4 Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
- •2.7 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
- •2.8 Іргетас блоктары бойынша тізімі
- •2.9 Еден экспликациясы
- •2.10 Ағаш және пластик тізімі
- •2.11 Қабаттар аражабындары мен төбежабындары бойынша тізімі
- •Ііі. Санитарлық – техникалық бөлім
- •3.1 Жылумен қамтамасыз ету
- •3.2 Жылыту және желдету
- •3.3 Сумен қамтамасыз ету
- •3.4 Кәріздендіру
- •3.5 Газбен қамтамасыз ету
- •Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары
- •Өртке қарсы және жарылуы қауіпсіздік іс-шаралары
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Құрылыс нормасы және ережелері
3.2 Жылыту және желдету
Жылыту – үй – жайдың температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап тұру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. Негізінен сумен жылыту кең таралған. Мұнда жылу ыстық сумен жылыту құралдары арқылы беріледі. Сумен жылыту жүйесінің құрамына су қыздырғыштар, жылыту құралдары
(радиаторлар, конвекторлар, панельдер, т.б.); су құбырлары, су қызған кезде оның артық көлемін қабылдайтын ыдыс, бекітіп реттеу арматурасы кіреді. Сумен жылыту жүйесі табиғи айналымға түсірілетін түрлерге бөлінеді. Біріншісінде су қыздырғышта ысытылған су және жылыту құралдары мен құбырларда салқындаған судың температураларының, тығыздықтарының айырымдары есебінен айналымға түседі.
Жылумен қамтудың ішкі жүйесі үшін жылу беруді 100% резервін қамтамасыз ету жобалауға берілген тапсырмада белгілінеді. Желдеткіштерге қойылатын гигиеналық талаптар ауадағы арнайы метеорологиялық шарттар мен оның тазалығын сақтап, бірқалыпты ұстап тұруды қарастырады. Жобалаудың санитарлық нормасы өндіріс бөлмесінде қолдануға жіберілетін зиянды заттардың газдар мен шаңның концентрациясының ең жоғарғы мәнін қарастырады.
Техникалық негіздемелер болған жағдайда ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2008, ҚР ЕЖ 4.02-103-2002 сәйкес жобаланатын жылумен қамтудың автономды көзі (ЖАК) қабылдануы мүмкін.
3.3 Сумен қамтамасыз ету
Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп орындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.
Жобаланған жеке тұрғын үй ауыз су-шаруашылық су құбырымен жабдықталған.
Судың есептік шығыны құрайды:
ауыз су-шаруашылық мұқтаждыққа 0.76 л/сек; 1,52м3/сағ; 8.80м 3сағ
сыртқы өрт сөндіруге 15,0л/сек.
Еден астындағы каналдар өтпейтін биктігі 0,3-0,7 м,жартылай өтетін биіктігі 0,8-1 м және өтетін биіктігі 1,7-1,8 м болады. Каналдарды төртбүрышты етіп, оны қыштан, бетон және темірбетон элементтерден салады. Ішкі су құбыры тораптарының салынатын орындарын дұрыс таңдау арқылы жүйе құрлымдарының пайдалануын жеңілдетеді.
3.4 Кәріздендіру
Кәріздендіру суды гигиеналық және шаруашылықтың қажеттіліктер үшін пайдалану. Нәтижесінде пайда болатын нақақтар мен ағын суларды ағызып әкетуге және тазалауға арналады.
Үйге суқұбырын қосуға тек кәріздендірудің ағын суларды санитарлық құралдардан ағызып әкететін құбырлары бар болса ғана жол беріледі.
Нақақты (фекальді) немесе «сұр» (қолжуғыштардан,ванналардан және асүйлік раковиналардан түсетін), ағын сулар ішкі құбырларымен (бұл құрылыстың шекарасын қиып өтетін құбыр) үйде шығаруға әкелінеді ал мұнан кейін кәріздендіру сыртқы: алдымен аулалық, сосын көшелік жүйесіне түседі. Кәріздендіру көшелік желісі жоқ болса, әр үйден жекелей көрші үйлердің тобынан (жетгілікті кәріздендіру) ағызып әкетуге және тазартуға тура келеді.
Ішкі кәріздендіру желі. Кәріздендіру 100 мм диаметрлі, 0.012-ден кем емес көлбеулікті құрастырмалы құбырлы бірінші қабаттың еденінің астына төселінді. Оған раковиналардан, қолжуғыштардан және 50 мм диаметрлі жуынатын астаулардан, 0.025-тен кем емес көлбеуліктің, дәретшанақтардан және желдету тікқұбырларынан 100 мм диаметрлі, 0.012-ден кем емес көлбеулікті бұрылма ағызбалар түсірілді.
Санитарлық құралдардан, дәретшанақтардан басқаларынан, шығарылмалар гидравликалық қалпақ желілерден иістер мен газдардың бөлмелерге (дәретшанақта сифон құрамына енгізілген) таралуына кедергі жасайтын сифондармен жарақтандырылды.
