- •1 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- •1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
- •1.1.2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
- •1.2 Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
- •1.3 Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
- •1.4 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
- •2.1 Қауіпті өндірістік факторлар
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •2.4 Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылаудың жанама әдістерін жүргізуге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі
- •2.5 Қауіптіліктің жалпы деңгейінің көрсеткіштерінің бағасы
- •2.5.5 Негізгі қордың тозу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •2.5.7 Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы
- •3.1 Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
- •3.2 Электротехникалық бөлім
- •3.3 Технологиялық бөлім
- •3.4 Газ қауіпті жұмыстар
- •3.5 Өндірістердегі ерекше талаптар
- •3.6 Қорғаныстың жеке құралдары
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «10» қарашадағы № 455 бұйрығымен бекітілген)
- •4.1 Иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібі
- •4.2 Ашық иондайтын сәулелену көздерімен жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.4 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
- •4.5 Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
- •4.6 Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
- •4.7 Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
- •4.8 Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Электродты қазандар мен электр қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысына қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
- •5.1 Қазандар қабырғасында саңылаудың орналасуы
- •5.2 Қазандардың құбырөткізгіштері
- •5.3 Болат құбырлар
- •5.4 Дайындау, монтаждау мен жөндеу
- •5.5 Арматура, аспаптар мен қоректендіру құрылғылары
- •5.6 Сақтандырғыш құрылғылар
- •5.7 Манометрлер
- •5.8 Температураны өлшеуге арналған аспаптар және басқару, бақылау
- •5.9 Бекіту және реттегіш арматура мен қосымша құбыр өткізгіштер
- •5.10 Қоректендіру және айналымды сорғылар
- •5.11 Электр бөлікті қорғау және сынау, электр қауіпсіздік
- •5.12 Қазандар мен қазандықтарды қорғау құрылғысы
- •5.13 Электр қазандарға арналған үй-жай
- •5.14 Жарықтандыру
- •5.15 Қазандар мен қосымша жабдықтарды орналастыру
- •5.16 Алаңдар мен сатылар
- •5.17 Қазандардың сулы-химиялық режимі
- •5.18 Бақылау, құрамы, қызмет көрсету
- •5.19 Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматураны және сынау сорғыларын тексеру
- •5.20 Қазанды авариялық тоқтату
- •5.21 Жөндеуді ұйымдастыру
- •5.22 Техникалық куәландыру
- •5.23 Қайтадан жөнделген қазандарды пайдалануға рұқсат
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
1.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;
3) техникалық регламенттердi бекiтедi;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; P030113
5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
1.1.1 Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
4) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;
5) қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялардың себептерін тексеруді ұйымдастырады;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
7) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
8) тандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметіне басшылық жасайды;
9) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу ісін жүзеге асырады;
10) қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендірудің - объектіні ұйымдардың құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді; P090259
11) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен шетелдіктердің қызметін реттейді;
13) қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар қызметті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар;
14) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
16) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;
17) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;
18) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
19) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;
21) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;
22) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;
23) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;
24) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;
25) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;
26) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;
27) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
28) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;
29) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;
30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
31) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;
32) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;
33) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі міндетті декларациялануға жататын өнеркәсіп объектiлерінің электрондық тізілімін жүргізеді және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;
34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
