- •Мазмұны
- •1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •1.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы құрылымы
- •1.2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау
- •2.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау
- •1 Сурет. 2016 жылы Алматы қаласы бойынша мк басқармасында жүзеге асырылғaн салық тексерулерінің түрлері бойынша сандық үлесі
- •2 Сурет. 2015 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласы бойынша салық берешектерінің динамикасы
- •Қорытынды:
1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
1.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және мемлекеттік кірістер органдары мен билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы қаласындағы ведомствосы болып табылады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы өңірлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Мемлекеттік кірістер Басқармаі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;
ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті бөлімдері жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету;
Алматы қаласы аудандары Мемлекеттік кірістер басқармаларының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті басқармалары (бөлімдері) жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін сақтауын бақылау;
салық төлеушілерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген және қоса есептелген сомаларын есепке алу;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың төленген сомаларын есепке алу;
бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексеріс жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;
халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;
салық бақылауын жүзеге асыру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау;
өз құзыреті шеңберінде мұнай өнімдері рыногының субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуіне бақылау;
мемлекеттік меншікке айналдырылған мүліктерді еспке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджэетке ақшаның толық және уақытылы түсуіне бақылау;
өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында қызметтің жүзеге асырылуы кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;
өңірлік мониторингке кіретін салық төлеуші бойынша мониторинг;
салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы мәселелерін салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы басты қызметі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің тұрақтығы, мүдделі зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уакытылы аударылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылаушының құзіретіе асыру аясында, өз құзіреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен жай өнімдерінің өндірілуі және ай саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттіндірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Аллматы қаласы бойынша құрылымдық бөлімі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен заңдарын, Казақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінн және өзге де нормативтікқұқықтық актілерді, сондай ақ осы ережені басшылыққа алады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады,өз атауын мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен белгіленген үлгідебланкілер бар.
Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастықтарының немесе оның орның ауыстыратын шаралардың бұйрықтарымен рәсімделетін жеке қолданылатын қосымша актілер шығарады.
Басқарманың штат санағының лимиті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі бекіткен штат саналық лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бастығы бекітеді.
Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 93/95 үй.
Басқарманың толық атауы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы мемлекеттік мекемесі.
Енді Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы құрылымымен танысайық. Ол төмендегі бөлімдерді қамтиды:
