- •Студенттің оқу-әдістемелік жиынтығы «Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі»
- •Силлабус
- •Мейірбике ісі кафедрасының оқытушылары туралы жалпы мәлімет:
- •Пәннің пререквизитері мен постреквизитері:
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Оқыту және пәнді жүргізу әдістері:
- •Білім бағалау критериялары және ережелері
- •Рейтииг балдарын бақылау түрлері бойынша талдау
- •Ұсынылған әдебиеттің тізімі.
- •Сөж тапсырма бағалары
- •Студенттердің білімін бағалау критериі
- •Студент білімін бағалау
- •Дәрістік кешен
- •Жұқпалы ауруы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Инфекциялық қызмет құрылымы
- •Инфекционды бақылаудың
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Этиотропты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •А және в паратифтер
- •Вирусты с гепатит- Оны «мейірімді өлтіргіш» деп атаған.
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлы-синцитиалды вирустық инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •А. Манифестік түрлері:
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Біріншілік- жайлмалы түрі
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •1. Жұқтыру сатысы
- •2. Лимфогенді таралу сатысы
- •Этиотропнты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
- •Кредит№2
- •Соөж-ге арналған әдістемелік нұсқа
- •Аралық бақылау
- •Аралық бақылау
- •Бақылау әдістері
- •Пән бойынша тест тапсырмалары
- •Бір дұрыс жасапты таңдаңыз:
- •Толықтырыңыз:
- •Кредит №2 Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •«Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы
А және в паратифтер
Клиникалық суреттемесі Ажәне В паратифтерінің эпидемиологиялық, морфологиялық және иммунологиялық, патогенетикалық және клиникалық суреттемелері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар. Паратифтің А түрінде ұрықтану мезгілі іш сүзегіне қарағанда қысқа келеді, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Дерт басталғанда қатаң түрде болып, кейде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады.Кеселді адамдарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге ұшық шығады.Температуралық графиктегі жолағы дұрыс мінездеме бермей, кейде ойлы- қырлы я болмаса ремиттирлеуші болады. Қалтырап қозудың арты тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады.Паратиф А теріге бөртпелер шығып, полиморфизм білінеді, тез арада төгіліп тұрады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап я болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан құрамында нормацитоз, кейде лейкоцитоз,лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түдрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. кеселдерге ауысады. Паратиф А-да аурудың қайталануы жиі болады. Паратиф В-да жұмыртқалау мезгілі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Дерт көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Кеселді адамдарда көбінесе сүзек дерті білінбейді, улану симптомы дерттің бастапқы кезіңде 3-5 күн аралығында байқалғанымен тез арада жоқ болады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтығымен қалың көрінеді. Кейбір жағдайларда паратиф В дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол жұқпалы микробтардың әсерінен іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қант құрамының графигінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Іш сүзегі және паратиф ауруларының клиникалық өтуі көбінесе эпидемиялық негізде шығуына байланысты болып, адамдардың жасына да, қосарланған дертіне және ертеректе алған вакцинацияларына да қатысты. Дерттің ұзақтығы 3-4 аптаға созылады, бірақ кейде қысқа аяқталып 5-7 күннен аспайды. Дерттің қайталануы және оның қиын жағдайларға ұлғаюы кеселдің бірнеше айға созылуына апарады.
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
Ішек инфекциялары- анықтамасы.
Іш сүзегі А және Впарасүзегі анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
Қантышқақ:анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы.
Сальмонеллез: анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы
№6 Дәріс
Тақырыбы: Тамақтан улану инфекциясы, Амебиаз,лямблиоз, балантидиаз,
жалпы түсінік, нозологиялар, этиология мен эпидемиологияның жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, диагностикасының, емінің, алдын алуының принциптері.
Мақсаты: Ішек инфекциялары және ішек инфекцияларындағы мейірбикелік процесс түсініктері жайлы таныстыру.
Дәріс жоспары.
1.Тамақтан улану инфекциясы, Амебиаз,лямблиоз, балантидиаз, анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
Презентация:
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
1.Тамақтан улану инфекциясы, Амебиаз,лямблиоз, балантидиаз, анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
№7 Дәріс
Тақырыбы:Иерсиниоздар, Лептоспироз, Ботулизм, Бруцеллез, Эшерихиоздар, жалпы түсінік, нозологиялар, этиология мен эпидемиологияның жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, диагностикасының, емінің, алдын алуының принциптері.
Мақсаты: Иерсиниоздар, Лептоспироз, Ботулизм, Бруцеллез, Эшерихиоздар мейірбикелік процессті ұйымдастыру жайлы студенттерге таныстыру.
Дәріс жоспары
1.Иерсиниоздар, Лептоспироз, Ботулизм, Бруцеллез, Эшерихиоздар анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
Презентация:
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
1.Иерсиниоздар, Лептоспироз, Ботулизм, Бруцеллез, Эшерихиоздар анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
№8 Дәріс
Тақырыбы: Гельминтоздар (описторхоз, тениоз, тениаринхоз, энтеробиоз):
жалпы түсінік, нозологиялар, этиология мен эпидемиологияның жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, диагностикасының, емінің, алдын алуының принциптері.жалпы түсінік, нозологиялар, этиология мен эпидемиологияның жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, диагностикасының, емінің, алдын алуының принциптері.
Мақсаты: Гельминтоздар (описторхоз, тениоз, тениаринхоз, энтеробиоз):
мейірбикелік процессті ұйымдастыру жайлы студенттерге таныстыру.
Дәріс жоспары
1.Гельминтоздар (описторхоз, тениоз, тениаринхоз, энтеробиоз):анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
Презентация:
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
1.Гельминтоздар (описторхоз, тениоз, тениаринхоз, энтеробиоз):анықтамасы,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,асқынуы.
№2 КРЕДИТ
№1 Дәріс
Тақырыбы:Вирусты гепатиттер. Вирусты А, В, С, Д, Е гепатиттері
Мақсаты: Вирусты гепатиттер негізі және вирусты гепатиттерде мейірбикелік процессті ұйымдастыру жайлы студенттерге таныстыру.
Дәріс жоспары.
1. Вирусты гепаттитер жайлы түсініктер.
2. Вирусты гепатит А: түсініктер,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
3. Вирусты гепатит В: түсініктер,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
4. Вирусты гепатит С: түсініктер,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
5. Вирусты гепатит Д: түсініктер,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
6. Вирусты гепатит Е: түсініктер,этиологиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
Қазіргі кезде вирусты гепатиттердің 5 вирусы анықталған:
1) вирусты А гепатит
2) вирусты В гепатит
3) вирусты С гепатит
4) вирусты Д гепатит
5) вирусты Е гепатит
Олардың барлығына тән белгі-гепатотроптылық.
ВИРУСТЫ А ГЕПАТИТ
Этиологиясы. А гепатит вирусы (HAV) – құрамында РНК бар вирус.
Эпидемиологиясы. А гепатиті - антропонозды ішек инфекциясы.
Инфекция көзі - инкубация кезеңінің соңындағы, продром кезіндегі және өршу кезеңінің бастапқы сатысындағы науқастар. А гепатитінің жұғу механизмі – фекалды-оралды; таралу жолдары- су арқылы, алиментарлы және қатынастық-тұрмыстық.
Патогенезі. А гепатитінің вирусы сілекеймен, сумен немесе тағаммен асқазанға, ары-қарай ішекке түсетіні анық. Вирус қанға түскеннің (вурусемия) нәтижесінде қоздырғыш бауырға диссеминацияланады. Вирусты А гепатит кезіндегі гепатоциттер зақымдалуында вирустың тікелей цитопатиялық әсерінің және иммундық механизмдердің маңызы ерекше. Бұл процестердің нәтижесінде цитолиздік, мезенхималды қабыну және холестаздық синдромдар дамитынын білу керек.
Клиникасы. Вирусты А гепатитінің негізгі клиникалық ерекшеліктері:
- жеңіл ағым; ауыр түрлерінің сирек болуы ;ерте реконвалесценция ;1,5-2 ай аралығында толық сауығу;созылмалы түрге ауысу қауіптің болмауы.
А вирустық гепатиттің түрлері:манифесттік (сарғыштықпен немесе сарғыштықсыз), субклиникалық, инапарантты
Аурудың манифесттік жағдайларында келесі кезеңдер бөледі: инкубациялық ,продромалды (сарғаю алдындағы кезең), аурудың өршуі, реконвалесценция
Инкубация ұзақтығы 10-40 күн . Продромалды кезеңнің басы жедел - дене қызуы 38-38,5°С-қа дейін көтеріліп, тұмауға ұқсас белгілер, әлсіздік, шаршаңғыштық, бастың ауыруы, бұлшық еттер ауыруы, тоңғыштық, ұйқышылдық тән. Бұл кезде нәжістегі HAAg концентрациясы максималды. Бұдан басқа диспепсиялық құбылыстар: тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аумағындағы ауыру сезім немесе қолайсыз сезім; жүрек айну; құсу; Продромалды кезеңде абдоминалды синдром: іш аумағындағы біртіндеп үдейтін ауыру сезім. Сарғаю алдындағы кезең - ересек адамдарда 1-2 күнге ұзақ. Продромалды кезеңнің соңына 1-2 күн қалғанда науқастардың 2/3-де холурия және ахолия көреміз Сарғыштық кезеңі. Вирустық А гепатиті кезінде сарғаюдың пайда болуы науқастың жағдайының жақсаруымен қатарласады. Интоксикация белгілері азаяды (тәбет қалыптасады, жүрек айну мен құсу тоқтайды). жалпы жағдайы қалыпты. Ең басында сарғыштық ауыз қуысының шырышты қабатында және көз склерасында; ал кейін теріде көрінеді.
Перифериялық қанда-лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі. АЛТ активтілігі, тимол сынамасы, билирубин деңгейі жоғарылайды.
Одан басқа, қанда антиденелер табылады- anti HAV JgM; anti HAV JgG).
Жоғары сезімтал зерттеу әдістер көмегімен (ПЦР) қанда HAV-РНК анықталған. Вирусемияны көбінесе инфекциялық процестің бастапқы кезінде табамыз.
Алдын алу.
1) А гепатитімен ауырған науқастарды бөлек жатқызу
( изоляция)
2) Науқаспен қатынаста болған адамдарды бақылау және
тексеру
3) Қоғамдық тамақтану және сумен қамтамасыз ету жүйесін
бақылау
4) Қоғамдық және жеке гигиена ережелері туралы ағарту жұмыс
5) Балалар ұйымдарын бақылау
6) Активті және пассивті иммунизация.
Активті иммунизация (вакцинация). А гепатитіне қарсы моноваленттік вакцинаны бұлшық етке немесе тері астына 25 ЕД (1 мл) мөлшерде енгізіледі. Ересек адамдарға 2-4 аптадан кейін 1-2 инъекция қайталаған дұрыс. Пассивті иммунизация (иммуноглобулинопрофилактика) ретінде құрамына А гепатитке, қызылшаға, қызамыққа, тұмауға қарсы антиденелер кіретін адамның қалыпты иммуноглобулины қолданылады. 10 жасқа дейінгі балаларға 1,0 мл; 10 жастан жоғары-1,5 мл, ал ересек адамдарға 6 мл-ге дейін енгізіледі.
ВИРУСТЫ В ГЕПАТИТ
Этиологиясы. HBV құрамына ДНК кіретіні анық. төмен және жоғары температураға, химиялық және физикалық әсерлерге төзімді. Вирус инактивациялану үшін 30 минуттан көп қайнату қажет. Сонымен қатар, вирус эфирге, ультрафиолет сәулелеріне де төзімі жоғары.
Эпидемиологиясы. Вирусты В гепатиті - антропонозды инфекция.
Инфекцияның негізгі көзі: вирус тасымалдаушылар, В гепатитпен ауыратын науқастар Адамнан адамға вирус қан, сілекей, сперма арқылы жұғады. Инфекция жыныстық және вертикалды жолдармен де таралуы мүмкін.
Патогенезі. Вирустың тікелей цитопатиялық әсері жоқ. HBV-инфекцияны бірнеше иммунопатологиялық реакцияларды ынталандыратын механизм деп қарастыра аламыз.
В гепатиті кезіндегі бауырда дамитын патоморфологиялық өзгерістердің негізінде гепатоциттер цитолизі жатады. Мембрана өткізгіштігі жоғарылайды. Белоктар синтезі бұзылады. Гепатоциттер мембранасынан басқа клетка ішілік органеллаларда өзгерістер болатыны белгілі.
Клиникасы. Инкубациясы. В гепатит кезіндегі инкубация кезеңі ұзақ-45-160 күн, көбінесе –3-4 ай. Сарғыштық алдындағы кезеңнің жалпы ұзақтығы-7-12 күн.
В гепатит көбінесе бірте-бірте басталады. Науқастар жалпы жағдайдың нашарлауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бастың ауыруына, ұйқының бұзылуына шағымданады. Объективті зерттеу кезінде тілдің жабындымен қапталуын температура субфебрилді мүмкін. Сарғыштық пайда болудан 1-2 күн алдында зәрдің түсі қоңырлағанын және нәжіс ахолиясы Сарғыштық кезеңнің жалпы ұзақтығы орташа ауыр ағымда –2-3 апта; жеңіл ағым кезінде –1-1,5 апта.Сарғыштық кезеңде - жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, бастың ауыруы, жүрек айну, құсу. Кейбір науқастарда геморрагиялық белгілер дамуы мүмкін, бауыр мен көк бауырдың үлкеюі байқалады. Пальпация кезінде-бауыр беті тегіс, консистенциясы жұмсақ. Перифериялық қанда –лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз.
АЛТ активтілігі және билирубин деңгейі жоғарылайды, ал тимол сынамасы сирек жоғарылайды.
Қалыптасу (сарғыштықтан кейінгі) кезең клиникалық мәліметтердің және лабораториялық көрсеткіштерінің қалыптасуымен сипатталады. Бұл жағдай В гепатиттің жеңіл түріне сай. Орташа ауырлық және ауыр ағымдарында қалыптасу кезеңі ұзарып, АЛТ деңгейінің қалыптасуы 1,5-3 айдан кейін байқалады.
В гепатиттің сарғыштықсыз түрлерінің диагностикасының маңызы өте үлкен. Себебі бұл ағымның созылмалы түрге айналу қауіпі бар - зерттеген кезде көбінесе байқалатын белгі-бауырдың, кейде көк бауырдың үлкеюі. Қандағы АЛТ деңгейі жоғары. Сонымен қатар, қанда HBV маркерлары анықталады: HBsAg; HBeAg; анти HBcJgM.
Диагностикасы.
- шағымдарды дұрыс бағалау
- эпидемиологиялық анамнез
- клиникалық зерттеулер
- лабораторлық зерттеулер
Жедел В гепатит кезіндегі ерте диагностика критерийлеріне «парентералды» анамнезді, аурудың бірте-бірте басталуын, ұзақ сарғыштық алдындағы кезеңді, сарғыштық кезеңіндегі науқас жағдайының нашарлауын т.б. жатқызамыз.
Полимеразды тізбекті реакция (ПЦР)- HBV-ДНК табылады.
Диспансерлік бақылау.
Жедел В гепатиттен кейінгі реконвалесценттер 1; 3; 6; 9 және 12 айдан соң тексеріледі.
Активті иммунизация. Вакцина 3 рет енгізіледі: 0 -1- 6 (қазір-1 айдан -6 айдан кейін)
5 жылдан кейін ревакцинация жасалынады.
Активті иммунизацияға кедергі салатын фактор - HCV-инфекциясы.
