Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_11.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
635 Кб
Скачать
☆

25.Гормондар және адаптациялық процестер

Қоршаған ортаның өзгерістері міндетті түрде организмде функциялар мен жүйелер ауытқуларын туғызады. Тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі – осы сияқты сыртқы орта өзгерістеріне бейімделу. Беімделушіліктің барысында функциялар мен жүйелердің қызметі тұрақталып, сыртқы орта факторлары әсерінежауап ретінде жаңадан бейімделушілік механизмдері іске қосылады. Мұның нәтижесінде организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған метаболизмднік өзгерістер жиынтығы қалыптасып, бекиді. Бейімделушілік реакцияларының үйлесімді қызмет атқаруында нерв жүйесімен қатар эндокриндік бездер үлкен роль атқарады.

Эндокриндік жүйе күрделі арнамалы және бейарнамалы бейімделушілік процестерін жүзеге асыруда маңызды функция атқарады. Бейімделушіліктің арнамалы реакциясы белгілі бір нақты тітіркендіргіштіктер әсер еткенде ғана іске қосылады. Мысалы: су мен тұз тепе-теңдігіне, көмірсутек пен май және энергия алмасуына нақты стимулдар түрткі болғанда пайда болатын жауап реакциялар. Бейарнамалы реакциялар – организмнің кез келген тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясы және ол әсер етуші стимулдардың табиғатына байланыссыз, стереотипті түрде дамиды.Организмнің бейімделушілік механизмдерінің ішінде эндокриндік жүйенің алатын орны мен атқаратын қызметін тұңғыш рет анықтаған Г.Сельс боды. Оның қағидаларына сәйкес бейімделушіліктің негізін гипоталамус-гипофиз-бүйркүсті бездер жүйесінің активтілігі құрайды. Мұны организмнің стресс жағдайларынан байқауға болады. Стресс – күші мен табиғаты әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде туындайын организмнің бейарнамалық, бейімделушілік-қорғаныс реакцияларының жиынтығы. Стресс тудыратын агенттерді стрессор деп атайды. Стресс кезінде организмнің кез келген фактордың әрекетіне қарсы тұрақтылығын (резистентілік) сақтауға бағытталған бейарнамалық, бейімделістік-қорғаныс реакцияларының жиынтығын Г.Сельс бейімделушіліктің жалпы синаромы деп атаған. Ол үш сатыда өтеді абыржу төзімділік (резистенттік) және әлсіреу (түгесілу). Синдромның алғашқы – абыржу сатысында организм өзінің бейімделушілік мүмкіндіктерінің бәрән дерлік іске қосуына байланысты оның әсер етуші агенттерге қарсы тұрақтылығы арта түседі. таламус пен ОНЖ-нің кейбір бөлімдерінде норадреналиннің бөлінуіне байданысты гормондық-гуморальлық жүйелер, бүйрекүсті бездерінің милы қабатының қызметінің күшеюіне сәйкес адреналиннің жүрекке түсуі артады. Төзімділік (резинтенция) – әркелкі зиянды факторлар әсер еткенде организмнің орнықты күйін көсетеді, яғни оларға төтен беретін қасиеті. Бұл кезде бүйрекүсті бездерінің милы қабатының адреналиннің қанға шығарылуы жалғаса береді. Мұнымен бір мезгілде симпатикалық нерв жүйесінің ұшынан иорадреналиннің жүрекке түсуі байқалады. Бауырда адреналин мөлшерінің артуына байланысты ондағы гликоген ыдырап, мүшелер мен тканьдердің глюкозамен жабдықталу деңгейі артады. Қандағы адреналиннің біразы гематоэнцефальдік кедергі арқылы гипоталамусқа барып түседі. Осының бәрі организмнің қолайсыз факторларға тұрақтылық қасиетін арттырады. Егер стресс шамадан тыс күшті немесе аса ұзаққа созылса, организмнің бейімделушілік синдром үшінші сатыға – әлсіреу сатысына өтеді.Бұл сатыда организмнің стрессорлық факторларға төзімділігі төмендейді. Бүйрекүсті бездеріндегі адреналин концентрациясы мен жүректе норадреналин деңгейі төмендеп, адреналиннің қанға түсуі азаяды. Бірақ, гипоталамустағы норадреналин концентрациясы азаймайды және гематоэнцефальдік кедергіні адреналинға деген өткізгіштігі арта береді. Стресстің әлсіреу сатысында бүйрекүсті бездеріне гармон бөлінуі тоқтайды. Бейімделушіліктің жалпы синдромы кезінде ОНЖ-нің әрекетінен оның барлық қорғаныс қабілеті іске қосылады. Бұл процесте гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездерінің жүйесі маңызды роль атқарады. (59-сурет). Срессор әсерінен алдымен рефлекторлы түрде катеколаминдердің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамустың ұсақ клеткалы ядроларына әсер етіп, олардан АКТГ бөлінуін стимулдайтын кортиколибериндердің бөлінуін күшейтеді. Спорт пен еңбек адамның қозғалыс әрекеті арқылы орындалатын және белгілі бір кезеңдерде организм оған толықтай бейімделеді. Бұл процесс ең алдымен, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған және арнайы гомеостаздық реттеу жүйесі арқылы орындалады. Мұнымен қатар бейімделушілік процестерге әсер етуші факторлардың табиғатына байланыссыз туындайтын жалпылама өзгерістер де тән. Арнайылығы жоқ бейімделушілік реакцияларды Г. Сельс толықтай зерттеген және соның негізінде жалпы бейімделушілік синдром теориясын құрды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]