7 Билет
Гормондардың 3-лік механизм арқылы әсер ету: Жасуша ішілік ферменттердің белсенділігін плазма мембранасының өткізгіштігін өзгерту жолымен әсер ететін гормондар.Бұл гормондар плазма мембранасында орналасқан рецепторлармен байланысып, өз әсерін тирозин киназа – фосфотаза жүйесін пайдалану арқылы іске асырады. Бұл кезде жасуша ішілік ферменттердің белсенділігінің өзгеруі субстрат концентрациясының артуы, белок- транспортерлер мен иондық каналдардың активтенуі есебінен жүзеге асады. Мұндай гормондарға инсулин, соматомединдер, пролактин, вазопрессин жатады.
2.Әйелдердің жыныс гормондары,химиялық табиғаты,физиологиялық эффектері ,секрециясының реттелуі: Әйелдің жыныс гормондары эстрогендер деп аталады . Олардың синтезделетін негізгі орын аналық ұрық бездері және сары дене, сондай-ақ бұл гормондардың бүйнер үсті бездерінде,ұрық бездерінде және плацентте түзілетіні дәлелденген. Қазіргі уақытта өздерінің химиялық структурасы және биологиялық функциялар бойынша өзгешеленетін екі топ әйел гормондары ашылған: эстрогендер және прогестерон.Эстрогендер мен прогестерон секрециялануының циклды сипаты бар: циклдің бірінші фазасында негізінен эстрогендер, ал екінші фазасында прогестерон синтезделеді. Химиялық табиғаты: Холестерин туындысы, А сақинасында 3 қос байланыс бар және С3, С16, С17 көмірсутектерінде OH тобы кездеседі. Нысана-жасушалары- организмнің барлық тіндерінде соның ішінде әйел организмнің-жатырдың,қынаптың аналық бездің,сүт бездерінің жасушаларында орналасқан. Осы гормондардың рецепторлары гипоталамус және гипофиздің алдыңғы бөлімінде де кездеседі. Әсер ету механизмі – Жасуша ішілік ферменттердің белсенділігін белоктар мен фермент-дің синтезделу жылдамдығын өзгерту жолымен әсер етуші гормондар.Бұл гормондар жасуша ішілік рецепторларымен: цитозольдік,ядролық немесе органоид рецепторларымен байланысады.Бұл топқа стероидты және тироидты гормондар жатады. Физиолгиялық эффекттері: Олардың арнайы әсерлерінен басқа метаболизмнің көптеген процестеріне, су-тұздарының алмасуына, бейімделу реакцияларына қатысады.
3.Соматропты гормон,соматомедин С, түзілетін орны,құрылысы т,т,организмге әсері – Бауырда және бүйректе СТГ рецепторының активтенуі тирозинкиназаның активтілігінің жоғарлауын протеинкиназа С, фояфолипаза С активтенуін және диацилглицерин мен инозитол-трифосфат деңгейінің артуын қамтамасыз етеді. СТГ- ның әсерінен бауырда соматомединдер түзіледі,олар 3 түрлі болады А; В; С; соматомединдер.СТГ рецепторлары организмнің барлық жасушалары мен тіндерінде бар.
4.Су алмауын реттейтін гормондар- Ағзада осмостық қысым,жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтықтардың көлемі мен рН көрсеткіші су-тұз гомеостаздың реттеуші негізі көрсеткіштер болып табылады.Бұл көрсеткіштердің өзгеруі артериялық қысымның өзгеруіне ацидоз бен алкалозға,сусыздануға (дегидратация) және ісінуге әкелуі мүмкін.Су тұз балансын реттеуші негізгі гормондар: вазоперин,альдостерон,натрий уретикалық фактор.
5.Базедов ауруы.Қалқанша безінің функцияының бұзылысынан,гиперфункциясынан туындайтын ауру.Белгілері:зоб,аурудың жүдеуі,дене тем көтерілуі,тахикардия,экзофтальмия,саусақ дірілі.Зоб-гипертрофия және гиперплазия есебінен қалқанша безінің массасы артады.Йод көп мөлшерде қажет болады.Аурудың жүдеуі-гормондардың көп мөлшерде секрециялануынан оксидоредуктазалардың шамадан тыс түзілуіне әкеп соғады.Бұл ферметтер көмірсулар,липидтер және белоктардың ыдырауын арттырады,ауру арықтайды.Аурудың тәбеті артады.Аурудың тез шаршауы АТФ тың аз түзілуіне байлн.Тахикардия тотығу тотықсыздану реакцияларының күшеюі тіндердің оттегіге қажеттілігін арттырады.Сол себептен оттегі молекуласының керекті мөлшерде тасымалдануы үшін жүрек және өкпе жұмысы күшейеді.
