Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
58521650df1d7.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

8. Міндетті талаптар.

Сіз дипломдық жоба орындау және қорғау кезінде:

- білімділік деңгейін (жалпы ой-өрісін, кәсіби орта біліктілігіңіз, арнайы және мамандандырылған білімін);

- кәсіби құзіреттілігін (мамандығы бойынша қолданбалы міндеттерді өздігінен шешу үшін алған білімдерін қолдана алуы);

- топпен жұмыс істей білу қабілеті және жобалық топ ішінде, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде ортақ тіл таба білу;

- өз ойын нақты дәлелдермен баяндай алуы, өзінің идеялары мен ұсыныстарын айта және қорғай білу қасиеттерін көрсетуі керек.

Дипломдық жоба мазмұны: жобаның бизнес-мақсатын негіздеу;

әрбір жеке жоба бойынша алғы шарттарына қысқаша сипаттама (компанияны зерттеудің нәтижесіне қызығушылық); нақты жоба бөлімдері үшін команданың әрбір мүшесінің жауапкершілік аймағын көрсететін жобалық топтың сипаттамасы;

жобаның негізгі кезеңдерінің (бөлімдерінің) сипаттамасы, яғни нақты ұсыныстар немесе авторлардың әзірлеген есептеулерінен туындайтын ұсыныстарды, олардың тиімділігі мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды бағалауды, жобаның дәлелді қорытындысы мен өнімдерінің (нәтижелерінің) нәтижесін сипаттайды.

Дипломдық жобада келтірілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне дипломдық жобаның авторы ретінде жобалық топ жауапты болады. Жобаның толықтығы мен сапасына, сонымен бірге қабылданған шешімдерге студенттермен бірге жобаның ғылыми жетекшілері де жауапты болады.

Дипломдық жобаны дайындау үдерісінде біреудің ойын ұрлауға, өзгертуге, плагиатқа тыйым салынады. Барлық жобалар плагиатты анықтау және көшірудің алдын алу мақсатында бекітілген регламентке сәйкес (STRIKEPLAGIARISM.COM. жүйесінің базасында) алдын-ала плагиаттан тексерістен өтуі тиіс.

9. Жоғары баллды қалай алу керек. Жобаны қорғау мен жұмысты қорғаудың үздік мысалдары мен жұмысты бағалау ережесі.

Сіздің кафедра алдын ала қорғауды ұйымдастырады, онда жұмысыңызды таныстыру нәтижесі туралы бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылады. Өз жұмысын таныстыру барысында ұстанатын бірнеше жалпы ереже бар. Біріншіден, жалпы презентация сапалы презентацияның талаптарына сай және Нархоздың бренд-бук стиліне сәйкес болуы тиіс (слайдтың бастапқы бетіне сәйкес логотип және қалған слайдтардың оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл үшбұрыштар болуы тиіс). Екіншіден, мың сөзге қарағанда, бір ғана сызба немесе бір ғана бейне болғаны артық, сондықтан презентацияңызды сөзбен жүктей бермеңіз. Презентация кезінде қолыңызға ешнәрсе ұстамаңыз, қосалқы құралдың көмегінсіз таныстыруға үйренуіңіз керек, экранға қарап сөйлемеңіз, аудиториямен көзбе-көз байланыста болыңыз. Өзіңізді сенімді ұстаңыз, күлімдеп, ерекше қызығушылықпен әңгімелеңіз. Қалайша сәтті таныстырудың көптеген кеңестерін сіз сабақ кезінде білерсіз.

Егер сіз осы құжаттағы кеңестерді орындасаңыз, Сіздің жобаңыздың сәтті болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, жоба келесі қарапайым өлшемдерге жауап беретініне көз жеткізіңіз. Осы критерийлер негізінде сіздің жұмысыңызды бағалау үшін супервайзерге жүгініңіз және 10 ұпай алуға тырысыңыз.

А) Тақырыбы:

Сипаттамасы

Балл саны

Дипломдық жобаны/жұмысты ашуға және оқуға ынталандырады, қызығушылық танытады

2

Тақырып үйреншікті қалыптан ерекшеленбейді, бірақ дипломдық жобаның/жұмыстың нәтижесі шынайы өмірдегі өзектілігі мен қолданылуын көрсетеді.

1

Жалпы және теориялық тақырып

0

В) Нақты көрсетілген мақсат бар ма?

Сипаттамасы

Балл саны

Бар, осы зерттеудің тапсырыс берушісі бар және қолданысқа жарамды практикалық нәтижеге бағытталған жоба.

2

Бар, бірақ нәтижесінің қазіргі кезде немесе болашақта қолданысқа жарамдылығы түсініксіз.

1

Мақсаты жалпы және теориялық немесе мүлдем жоқ.

0

С) Диплом жобасы шынайы деректерге негізделген бе?

Сипаттамасы

Балл саны

Жұмыста зерттеудің нақты әдістерін (сұрақ-жауап, жеке өлшемдер, деректерді инновациялық өңдеу және т.б.) қолдану нәтижесінде алынған алғашқы мәліметтер мазмұндалған. Өңдеу мен сараптама тиісті түрде жасалған.

2

Жұмыста өзекті талаптарға сай қолжетімді деректер пайдаланылған.

1

Деректерге сай маңыздылығы, негізделген қорытындысы жоқ жұмыс ( «бос сөзі көп жұмыс»).

0

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]