- •«Хирургиялық аурулар» пәні бойынша мамандық стандарттар
- •V.I.Асептика және антисептика
- •5.1.Стандарт «с-4 қосындымен қолды өндеудің техникасы» (первомур)
- •5.2.Стандарт «Көмекшінің көмегімен операциялық медбикеге зарарсыздандырылған халатты кигізудің техникасы».
- •5.3. Стандарт «Хирургті киіндірудің техникасы»
- •5.4. Стандарт «Филончиков-Гроссих әдісімен операциялық алаңын өндеудің техникасы»
- •V.II.Қансырау.
- •5.5. «Артериалды қан ағуда резеңке жгут салудың техникасы»
- •5.7. Стандарт «Бұрау салудың техникасы»
- •V.III.Қан топтары, қан құю.
- •5.8. Стандарт «Стандартты сарысу арқылы қан топтарын анықтау техникасы»
- •5.6. Стандарт «Қысатын таңғыш салудың техникасы»
- •5.9. Стандарт «Цоликлон арқылы қан топтарын анықтау техникасы»
- •5.10.Стандарт «Экспресс-метод арқылы резус-факторды анықтау техникасы»
- •5.11. Стандарт «Жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынаманың техникасы»
- •5.12. Стандарт «Резус-тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынамасының техникасы»
- •5.13. Стандарт «Цоликлон арқылы резус-факторды анықтау техникасы»
- •5.14. Стандарт «Полиглюкин арқылы резус сәйкестік сынаманы қоюдың техникасы»
- •5.15. Стандарт «Биологиялық сынаманы жасау техникасы»
- •V.IV.Десмургия
- •5.16.Стандарт «Бинт таңғыш салудың техникасы»
- •5.17.Стандарт ««Милықтата» таңғыш салудың техникасы»
- •5.18.Стандарт ««Жүген» таңғыш салудың техникасы»
- •5.19.Стандарт «Екі көзге таңғыш салудың техникасы».
- •5.20.Стандарт «Бәрі саусаққа шиыршық «Қолғап» таңғыш салудың техникасы»
- •5.21.Стандарт ««Дезо» таңғыш салудың техникасы»
- •5.22 Стандарт «Масақ тәрізді иық білекке таңғыш салудың техникасы»
- •5.23. Стандарт «Жіліншік буынына таңғыш салудың техникасы»
- •5.24. Стандарт «Білезікке «Қолғап» қайталамалы таңғыш салудың техникасы»
- •5.25.Стандарт «Қолға үшкіл орамал арқылы таңғыш салудың техникасы»
- •5.26.Стандарт «Кеуде торына шиыршықты таңғыш салудың техникасы»
- •5.27.Стандарт «Сүт безіне бинтті таңғыш салудың техникасы»
- •5.28.Стандарт ««Гиппократ тақиясы» таңғыш салудың техникасы»
- •5.29.Стандарт «Желкеге крест тәрізді таңғыш салудың техникасы»
- •V.V. Жансыздандыру
- •5.30.Стандарт «а.В.Вишневский атты инфильтрациялық бөлекқабатты жансыздандыру жасау техникасы»
- •5.31.Стандарт «Гипс таңғыш салудың ережелері»
- •5.32 Стандарт «Гипс бинтті дайындаудың техникасы»
- •5.33. Стандарт «Білек сүйектері сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.34. Стандарт «Иық сүйегі сынғанда гипсті гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.35. Стандарт «Жіліншік сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.36. Стандарт «Сан сүйегі сынғанда гипс лонгета салудың техникасы»
- •5.37. Стандарт «Гипс таңғыш алудың техникасы»
- •5.38. Стандарт «Транспорттық құрсау салудың ережелері»
- •5.39. Стандарт «Иық сүйегі сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.40. Стандарт «Білек сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.41. Стандарт «Жіліншік сүйектері сынғанда Крамер құрсауының салу техникасы»
- •5.42. Стандарт «Дитерихс құрсау салудың техникасы»
- •5.43. Стандарт «Медициналық пневматикалық құрсауды салу»
- •5.44. Стандарт «Алғашқы медициналық көмек көрсетуде жасалынатын жараның өндеуі»
- •5.45. Стандарт «Таңудың техникасы»
- •5.46. Стандарт «Операциядан кейін таза жараны таңу техникасы»
- •5.47. Стандарт «Іріңді жараны таңу техникасы»
- •5.48. Стандарт «Сіреспеге қарсы өзгеше алдын алуын жүргізу»
- •5.49. Стандарт «Теріге тігіс салу техникасы»
- •5.50. Стандарт «Түйінді тігіс алудың техникасы»
- •5.51. Стандарт «авс жүйемен жүрек-өкпе реанимация жүргізу техникасы»
- •5.52. Стандарт «Тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуінде жедел жәрдем»
- •5.53. Стандарт «Кеуде торының тесілуінде көрсетілетін алғашқы көмек (пневмоторакс)»
- •5.54. Стандарт «Бас-ми зақымдалған кездегі алғашқы көмек»
- •5.55 Стандарт «Іштеспе кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.56. Стандарт «Қысылып қалу синдром кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.57. Стандарт «Омыртқа жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.59. Стандарт «Электржарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.60. Стандарт «Іш тесілген жарақаты кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек»
- •5.61. Стандарт «Іштің жабық жарақаты кезіндегі алғашқы көмек»
- •5.62. Стандарт «Бір құлаққа таңғыш салған кездегі мейірбикенің іс алгоритмі»
5.3. Стандарт «Хирургті киіндірудің техникасы»
Мақсаты: операция кезеңінде асептикалық жағдайды жасау.
Ресурстар: зарарсыздандырылған киімдер және операциялық материалдар салынған бикс, қолдарды залалсыздандыруға арналған ерітінді.
Істің алгоритмі:
1.Биксті арнайы орындыққа қойып, бекіту.
2.Бикстің таңбаламасын, зарарсыздандырылғанын сыртқы түріне қарап тексеру (зарарсыздандырылған күнін оқып алу).
3.Тепкіш арқылы биксті ашу, зарарсыздандырудың индикаторларын алып шығып, оларды тексеру (езілген түрде болу қажет).
4.Бикстан халатты жағасынан алып, ішкі жағын хирургқа қаратып, жеңдерін кигізу.
5.Халатты хирургтың иығына лақтырып тастау.
6.Санитар халаттың артқы жіптерін байлайды.
7.Жеңінің жіптерін байлау.
8. Халаттың қалтасынан белбеуді алып, 30-40см алға созып, шеттерн санитарға беру.
9.Қалтадан, жіптерінен ұстап, зарарсыздандырылған масканы алып шығу. 10.Масканы бетке жақандатып, шеттерін санитарға беру.
11.Санитар масканың жіптерін байлап береді. Ескерту: залалсыздандырылған халат қолдар өнделгеннен кейін киіледі!
5.4. Стандарт «Филончиков-Гроссих әдісімен операциялық алаңын өндеудің техникасы»
Мақсаты: операциялық алаңды залалсыздандыру.
Ресурстар: қауіпсіз ұстара, йодонаттың 1% ерітіндісі, зарарсыздандырылған мақта тампондар, пинцет 70% спирт.
Істің алгоритмі:
1.Йодонаттың 1% ерітіндісіне малынған салфетканы алу.
2.Операциялық алаңды тілінетін жерден бастап шетке қарай 2 рет йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
3. 70% спиртке малынған салфетканы алу.
4. Операциялық алаңды тілінетін жерден бастап шетке қарай 2 рет 70% спиртпен өндеу.
5. Операциялық алаңды зарарсыздандырылған материалдармен ажыратып, йодонаттың 1% ерітіндісімен, 70% спиртпен өндеу.
6.Тігісті салуға дейін және кейін теріні йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
Ескерту:
-1 күн бүрын науқасқа жалпы гигиеналық ванна жасау;
-іш киімдерін, төсекті ауыстыру;
-операция жасалатын күні таңертең операциялық алаңды құрғақ әдіспен қыру;
-операцияға 30мин қалғанда науқасты шешіндіру;
-басына орамал тәрізді таңғышты кигізу;
-аяқтарына бахил кигізу;
-науқасты каталкаға жатқызу;
-операциялық бөліміне жеткізу.
V.II.Қансырау.
5.5. «Артериалды қан ағуда резеңке жгут салудың техникасы»
Мақсаты: артериалды қан ағуды тоқтату.
Көрсеткіштер: артериалдық қан ағу.
Ресурстар: Эсмархтың резеңке жгуті, зарарсыздандырылған қолғап, үлкен салфетка немесе сулық, таңғыш материалдар, қалам, қағаз.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
2.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
3.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
4.Қолдарды спиртпен өндеу.
5.Қолғапты кию.
6.Артерияны сүйекке саусақпен қысу.
7.Аяқ-қолды көтеріңкі қалыпқа келтіру.
8.Жарақаттанған аяқ-қолды қанаған жерден жоғары салфеткамен немесе сулықпен орау.
9.Жгутті қатты созып, қан тоқтағанша жарақаттанған аяқ-қолды орау.
10.Келесі орамдар, ұйқыштанбай және теріні жарақаттамай, бірінші орамның ½ немесе 1/3 бөлігін жауып түру қажет.
11.Жгуттің бос шеттерін ілгек арқылы бекіту.
12.Жгут салудың сапасын тексеру (бүраудан төмен пульстің болмауы, қан ағудың тоқтауы, терінің бозаруы).
13.Жгут салудың уақытын жазып, қағазды жгуттің астына қыстыру.
14.Науқасты жатқызып тасымалдау.
Ескерту:
-жгут 1,5-2 сағатқа салынып, әрі 30мин босатылады;
-босатылған кезде артерия саусақпен басылады;
-балаларға жгут 1 сағатқа салынады;
-жгутті таңғыштың немесе киімнің астында жасыруға болмайды;
-суық ауа райы кезінде жгут 1 сағатқа салынады, аяқ-қолды жылы орап, қызыл таңба байланады;
-резеңке жгуттің орнына белбеуді қолдануға болады.
