Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Образец отчета по практике (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆

1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

«Алма розничные системы» ЖШС негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау – бұл ұйымның жұмысын талдаудың бағыты. Серіктестік қызметін сипаттайтын еңбек көрсеткіштеріне : еңбек өнімділігі , жұиысшылар саны, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы жатады. Бұл көрсеткіштер жүйелі түрде бір- бірімен тығыз байланысты.

Еңбек өнімділігі деп- оның нәтижелерін немесе жұмыс уақытының бірлігіндегі жұмысшылардың белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілетін айтамыз.

Еңбек өнімділігі еңбек шығынының тиімділігін арттыру. Бұл қызмет процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі. Қызметкерлердің еңбек өнімділігін бір уақыт өлшемінде өндірген өнімнің немесе бір өнімге кеткен уақыт немесе табыс мөлшерімен, өлшемімен есептеледі.

Өзіндік құн- өнімді өндіруге кеткен бардық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар:шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық аударымдар, еңбекақы және тағы басқалар жатады.

Өзіндік құн осы серіктестік шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім бөлу арқылы анықталады. «Алма розничные системы» ЖШС негізгі қормен қамтамасыз етілуін және олардың пайдалану деңгейін қор қайтарымы, қор сыйымдылығы , қормен жарақтану көрсеткіштері арқылы анықтайды.

Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорлардың бір теңгесін шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш.Қор қайтарымын талдау үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен негізгі құрал-жабдықтардың деңгейі арқылы анықталады,яғни қор қайтарымын көтеру үшін өнім көлемі көбеюі тиіс.

Қор сыйымдылығы-белгілі бір өнім немесе жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге пайдаланылған қор шығынын білдіретін көрсеткіш. Жекелеген өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен қорлар шығынының өлшемі немесе өнімнің өзіндік құны құрылымында жұмсалған қорлар құнын пайыз түрінде көрсету.

Ұйымның рентабельділік деңгейін, оның бір жылдық құнының сомасына бөлу жолымен шығарады, пайыбен көрсетіледі, ал жеке бұйымның рентабельділігін, одан түскен таза пайданы оның толық өзіндік құнына бөлу арқылы анықтайды.Рентабельділікті көтерудің негізгі факторлары: еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнім сапасын жақсарту тағы басқалар.

«Алма розничные системы» ЖШС қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі- бұл табыс болып саналады.Ұйым тәжірибесінде пайданың келесі көрсеткіштері қолданылады:

1.Баланстық пайда - қызмет көрсетуден түскен пайда, басқа да өткізулерден түскен пайда, сатудун тыс кірістер.Баланстық пайда көрсеткіші-ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін талдауда қолданылады.

2.Салық салынатын пайда – жеңілдіктер және ұйымның түрлі төлемдері төленетін сана.

3.Салық салынбайтын пайда.

4.Ұйымның өзінде қалатын пайда.Ұйымдағы таза пайда көлемін резервтік қорға, қамсыздандыру қорына, жұмысшының жеке басын қамсыздандыру қорына, жинақ қорына төлемлер төленеді.Ұйымда қалған сома таза пайда болып саналады.Ұйымның қаржысы- бұл басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру және өнімдерді өндіру мен сату процесіндегі жинақталған ақша қатынастарының жүйесі.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдауда оның өндірістік , коомерциялық қызметін қалыпты жүргізу үшін қажетті қаржылық ресурстарын қамтамасыз ету жолдарын, оларды пайдалану мен қарастырудағы тиімділігін сипаттайды.

2- кесте - «Алма розничные системы» ЖШС негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

Ауытқу

+;-

%

1.Сатылған өнінің табысы,мың тг

1 446 457

2 039 164

+592 707

+40,9%

2 Орташа тізімдік жұмысшылар саны,адам

43

50

+7

+43,8%

3.қорлардың орташа жылдық қоры мың. тенге

21 975

6 828

-15 147

-68,9%

4.қысқа мерзімді активтердің орташа ылдық құны,мың. тенге

237 334

241 266

+3 932

+1,7%

5.еңбек өнімділігі,мың теңге

90 403

88 659

-1 744

-1,3%

6. қор қайтарымы

65,82

298,65

+232,83

+353,7%

7. қор сыйымдылығы

0,015

0,003

-0,012

-80%

8. атқарылған жұмыстың өзіндік құны,мың тг

1 279 119

1 750 190

+471 071

+36,8%

9. жалпы табыс,мың тг

167 337

288 974

+121 637

+72,7%

10. кезең шығындары

157 206

292 906

+135 700

+86,3%

11салық салынғанға дейінгі табыс,мың тг

8084

18 043

+9959

+123,19%

12. корпоративтік салық

2 027

5 489

+3 472

+171,3%

13. таза табыс

6058

12 554

+6496

+107,23%

2- кестеде «Алма розничные системы» ЖШС негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері берілген.

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, көрсетілген қызметтен және атқарылған жұмыстан табыс 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 592707 мың теңгеге артқан.

Мұның атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемінің артқанын көрсетеді.

Атқарылған жұмыстың өзіндік құны 2013 жылы 471071 мың теңгені құраған. Яғни 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 471071 мың теңгеге артқан,өйткені атқарылған жұмыс көлемі өсіп отыр. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда -15147 мың теңгеге кеміген.Себебі «Алма розничные системы» ЖШС соңғы жылдары өзінің негізгі қорлар сатып алынбаған. Орташа тізімдік жұмысшылар саны , 2013 жылы –50 адам 2012 жылы – 43 адам болған,соңғы жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұл сан 7 адамға өскен. Бірақ «Алма розничные системы» ЖШС алдағы жылдары тапсырыстың ауқымының кеңеюіне байланысты жұмысшылар санын 40 адамға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.Таза табыс 2013 жылды2012 жылмен салыстырғанда 6496 мың теңгеге өскен,яғни барлық шығындарды толығымен жабады.