Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Каржылык есеп 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117 Кб
Скачать
☆

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ұзақ мерзімді активтерге нелер жатады?

2. Негізгі құралдарға анықтама беріңіз?

3. Негізгі құралдардың бастапқы құны?

4. Негізгі құралдардың есептен шығуы?

5. Негізгі құралдардың негізгі корреспонденциясы?

6. Негізгі құралдардың тозуын қандай әдістер бойынша есептейді?

Әдебиеттер тізімі : 1,2,3,4,5,6,7,10,11,12

Тақырып 4. Материалдық емес активтердің есебі (қехс 38)

Тақырыптың мақсаты: материалдық емес активтер туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.

Негізгі түсініктер: материалдық емес активтер, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.

Дәріс сұрақтары:

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік, олардың жіктелуі және бағалануы.

2. Материалдық емес активтер қозғалысының есебі.

3. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу есебі.

Дәріс мазмұны:

Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.

МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды сатып өткізу операцияларына, өкімшілік мақсаттарға үзақ уақыт (1 жылдан артық) пайдаланылатын және басқа субъектіге жалға беруге арналғандығын айқындауға болатын, үйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланған үйым келешекте табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.

Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы анықтамаға және томендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады, яғни есепке алынады:

1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.

2.Егер актив қүны дұрыс анықталса.

МЕА-дің түрлері:

Авторлық қүқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға, шығаруға, орындауға, пайдалануға қүқық береді.

Патент- оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде онім ондіруге немесе сатып откізуге қүқық береді.

Өндірістік үлгілерге беретін қүқық-онімнің сыртқы түрін анықтайтын коркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше қүқық береді

Тауар белгілері-белгілі , бір үйымның ондірісті-нфнімдерін немесе корсететін қызметтерін басқа үйымдардағы біртекті тауар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер.

Лицензиялық келісім-патент иесі озінің лицензиятымен қандай да бір онімді сатып откізуге ерекше қүқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт.

Гудвилл-фирма бағасы. Фирманың іскерлік репутациясы. Ол жүмыс істеп түрған кәсіпорынды түтас немесе оның қүрылымдық болімшелерін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындар активтердің баланстық қүнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.

• Үйымдастыру шығындары-субъектінің қүрылуына байланысты (мемлекеттік тіркеуден откенге дейінгі) шығындар. Үйымдастыру шығындарына рркеуден оту үшін қажетті қүжаттарды дайындауға шығындар, қүжатарды дайындау жөне тіркеуден откізу кезіндегі кеңесші қызметінщ шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне ұқсас болып келеді.

Материалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар жоспарының 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінде:

2710 – Гудвилл

2720-Гудвиллдың құнсыздануы

2730-Басқа да материалдық емес активтер

2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы шоттарында жүргізіледі.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтерды бастапқы құны бойынша анықталады:

Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылыққорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынатын материалдық емес активтердің блағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардантегін,сый ретінде алынған материалдық емес сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

Басқа шаруашылық субъектілерінде,заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан салытып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттардаакционерлік қоғамдар менжекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хоу»- деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектігетабыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды ,құпия мәліметтерді ,айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

(2730)-шотта. Лицензиялық келісімдер- дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.

(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептелінеді. «Лицензиялық келісімдер»-дегеніміз бір субъектінің немесе заңды тұлғанаң бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.

(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Бағдарламамен жабдықтау »- деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісінің «Програмамен жабдықтау » -деп субъектінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

Шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтердің « Патент »-деп аталатын түрі есептелінеді. «Патент»-дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан адамға,топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

«Ұйымдастыру шығындары»- деп аталатын материалдық емес активтердің түрі бос шоттар кестенің (2730)-шотында есептелінеді. «Ұйымдастыру шығындарына» -шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарынатөленген төлемдер ,банктерден есеп айрысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бугалтерлік есеп шоттары бас жоспарының (2710)-шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл»-деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы»- деп атайды «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы»-материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір шаруашылық субьъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады.

МЕА-дің амортизациясын есептеу есебі.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барнысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес ативтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп отырады. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімі субъетінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан аспауы керек.