Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-Шет мемлекет қаржысы УМКД 16-17.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302 Кб
Скачать
☆

1 Пәннің жүктеме сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақ түрі

СӨЖ

Барлық сағат саны

Бақылау түрі

Дәріс

Тәжірибелік сабақтар

Лабораториялық сабақтар

СОӨЖ

Барлық сағат

3

2

30

15

45

90

45

135

Емтихан

2.1 Пәннің сипаттамасы, оқу үрдісіндегі алатын орны

  • пәннің атауы: Шет мемлекеттер қаржысы;

  • пәнге жауапты: э.ғ.м., аға оқытушы Хамитхан Н.

  • пәннің типі: Жалпы міндетті модуль;

  • аптадағы сағат саны: аптасына 3 сағат;

  • кредит саны: 3;

  • оқу түрі: күндізгі;

  • оқитын студенттердің саны: 30 адам;

  • пәннің пререквизиттері: «Экономикалық теория»; «Ақша, несие, банк»;

  • пәннің постреквизиттері: Кәсіпорын қаржысы, Салық және салық салу, Банк ісі, Сақтандыру .

2.2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Әр түрлі елдерде мемлекеттік қаржыларды ұйымдастыру мәселелерін оқып білу экономикалық білімдерді жақсы игерудің бір белгісі болып табылады.

«Шет мемлекеттерінің қаржысы» курсы «Қаржы (теория және ұйымдастырылуы)» курсын оқып білуді толықтыратын теориялық оқу пәні болып табылады. Бұл курста қазіргі кездегі батыс теорияларының галым экономистерімен тұжырымдалған мемлекеттік қаржыларды ұйымдастырудың концептуалды негіздері, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай сияқты дамыған елдердің қаржы жүйелерін ұйымдастыру негіздері қарастырылады. Батыс-Еуропалық ареалды, АҚШ-ты және Жапонияны таңдау осы елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктерін анықтайтын, қазіргі кездегі өркениетті елдер болып табылатындығына негізделген. Сонымен қатар бұл елдерде экономиканың жетекшілікке жету жолы әр түрлі. Сондықтан осы елдердегі мемлекеттік қаржылармен танысу, олардың экономикаларының соғыстан кейінгі кезеңде даму жағдайларынан басталады.

2.3 Пәнді оқытудың мақсаты: жекелеген дамыған мемлекеттердегі қаржы жүйелерінің қызмет ету тәжірибесін оқып білу ғана емес, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайлардығы қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерінің таңдамалы ойлау әдістерін дамыту.

2.4 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТІ. қазіргі нарықтық экономика жағдайында дамыған шет елдердің қаржы жүйесінің қызмет ету ерекшелігін меңгеру. Тарихи тұрғыдан қаржы жүйелерінің даму мәселелеріне, салық және бюджетттік жүйелерді реттеу әдістері мен нысандарына, жергілікті бюджеттердің қызмет ету жағдайларына, сондай-ақ шет елдің озық тәжірибесін Қазақстан республикасына қолдану мүмкіндіктеріне айрықша көңіл бөлінеді.

2.5 Пәннің құзіреттілігі.

Студент пәнді оқығаннан кейін білуі қажет:

- ше мемлекеттер қаржысының мәні мен қызмет ету тетігін нарық жағдайындағы қаржының рөлін, қаржыны басқару мазмұнын және негіздерін, қаржы жүйесінің құрамын, оның құрылуы мен дамуының заңдылығын білу;

- Әр түрлі елдерде мемлекеттік қаржыларды ұйымдастыру мәселелерін оқып білу;

- дамыған мемлекеттердегі қаржы жүйелерінің қызмет ету тәжірибесін жолдарын анықтау;

    1. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: «Экономикалық теория»; «Ақша, несие, банк»;

2.7 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Кәсіпорын қаржысы, Салық және салық салу, Банк ісі, Сақтандыру .