Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
report_practice.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

2 Сурет - 2015 жылғы 31 наурызда аяқталған кезеңдегі үш айлық пайда немесе залал және басқа жинытықты табысының деңгейі

4. Таңдалған дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі және компанияның проблемаларын шешуге қосатын үлесі

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі:

Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың тәуекелдерін басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Проблемалық қарыз – бұл «банкпен қабылданған келісім-шарттарға және келісімдерге сәйкес өз міндеттемелерін толық орындауға қабілеттілігі жоқ клиент бойынша несие, соның салдарынан қарызгердің несиелік міндеттемелері бойынша банкке тиесілі ақша қаражаттарын банктің толық немесе бөлігін жоғалту қаупі бар».

Проблемалық несиелерге мыналар жатады:

•несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген жəне қосымша келісім берілген несиелер;

•сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының,кепіл-хатты жəне кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

•несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.Проблемалық қарыздарды тиімді басқару банктердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі шетел тәжірибесінде банктер банкроттылығының көпшілігі активтерді басқарудың сапасыздығымен, және бірінші кезекте дебиторлық қарызды басқарумен байланысты. Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отыр. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде. Осы мәселелердің барлығы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға негізгі себеп болып табылады.

5. Алынған практикалық тәжірбие және компаниямен байланысты нығайтуға ұсыныстар.

Мен диплом алдындағы өндірістік тәжірибені Қаскелең қаласы бойынша

«ForteBank» Акционерлік қоғамында өттім.

Тәжірибе өту барысында:

  1. Банк Жарғысымен (Ережесімен) және оның жүзеге асыратын негізгі операциялармен, банктің және оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ банкті басқару құрылымымен таныстым.

  2. Құжаттармен жұмыс істеу барысында клиенттің қаржылық жағдайын талдауды үйрендім. Заңды және жеке тұлғаларға несие беру тәртібі туралы түсінік алдым.

  3. Бөлімнің ағымдағы жұмысына көмек көрсеттім.

  4. Несие түрлерімен, оларды беру тәртібі және қарызды өтеу тәсілдерімен, қарыз деңгейін реттеу әдістерімен, несиені қамтамасыз ету нысандары және түрлерімен,клиенттің заңды мәртебесіне байланысты несие принциптерінің сақталуымен таныстым.

  • Тәжірибе өту кезінде студентті диплом тақырыбымен сәйкес бөлімге жіберуді қадағалау;

  • Студентке сол бөлімнен жетекшіні құжат жүзінде тағайындап, сол жетекшіге тәжірибеден өтуші студентке бөлім жұмыстарымен таныстыруды тапсыру;

  • Студенттерге тәжірибе өткен кәсіпорындар қаржылық есептерді бермейді, сондықтан, тәжірибе өту орны мен университет арасында құпия материалдарды жарияламау туралы келісім жасалып, соның негізінде дипломға керекті материалдарды (қаржылық есептіліктерді, бухгалтерлік баланс) студентке ұсыну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]