- •Тақырыбы. «Оториноларингология»
- •1. Оториноларингологияның даму тарихына қысқаша шолу
- •Оториноларингологияның медицина ғылымында алатын орны.
- •Көне заман ғалымдарының құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеуге берген кеңестері.
- •3. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
- •3. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •1. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
- •2. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •II. Жұп шеміршектер:
- •I. Тақ шеміршектер:
- •3) Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы және зерттеу әдістері
- •5. Сыртқы құлақтың анатомиясы және физиологиясы. Сыртқы құлақ аурулары
- •7. Сыртқы және ортаңғы құлақтарды зерттеу әдістері.
- •1.Отоскопия жасаудың тәртібі екция.
- •2.Есту түтігі жұмысын зерттеу
- •8. Мұрын аурулары: жетілүдегі ауытқұлар,Экзема, шиқан, сикоз, мұрын атрезиясы
- •10. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары.
- •11. Жұтқыншақ – көмей аурулары. Бронхтар ауруы. Бөгде заттар
3. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
Сыртқы мұрынды, оның бетте орналасқан қосалқы қуыстарын қарап тексереді. Екі қолдың сұқ саусақтарымен мұрын қабырғаларынан бастап түбін және ұшын, үшкіл нервтің шығу нүктелерін, алдыңғы маңдай қабырғасын, гаймор қуысын, жақасты, иекасты лимфа түйіндерін сипалап көреді. Сау лимфа түйіндері қолға байқалмайды, ал қуыс қабырғалары ауырмайды.
Тыныс алу функциясының жағдайын анықтағанда ең бірінші сол қол саусағымен мұрынның оң қанатын кеңсірік пердесіне басып, оң қолымен кішкене мақтаны сол жақтағы танауға тақайды да, науқастан ішке және сыртқа тыныс алуын өтінеді. Мақтаның қозғалысынан мұрынның өткізгіштігін анықтайды. Мұрынның келесі жартысының өткізгіштігін де осы әдіспен анықтайды. Бұл тексерісте мұрын арқылы тыныс алу еркін, қиын немесе тіптен болмауы мүмкін. Мұрынның тыныс алу функциясын ринопневмометр аппараты бұдан да дәлірек анықтайды.
Иіс сезуді өлшеу мұрынның әр жартысына иісі бар заттарды кезек иіскету немесе ольфактометрді пайдалану арқылы анықталады. Иіс сезу дұрыс (нормосмия), нашар (гипосмия), бұзылған (кокосмия) немесе жоқ болуы мүмкін (аносмия). Мұрын қуысын қарауды риноскопия дейді. Инструмент арқылы алдыңғы, ортаңғы және артқы риноскопия түрлері жасалады. Алдыңғы және ортаңғы – мұрын кеңейткішпен, артқы риноскопия мұрын-жұтқыншақ айнасымен жасалады. Сонымен қатар, рентген сәулелерін қолдану арқылы мұрын мен оның қосалқы қуыстарының сүйекті бөліктерін зерттейді, олардың тік және бүйір проекцияда рентгенографиясы жасалады. Алдымен бастың тік қалпында мұрынның оң жартысын тексереді: шырышты қабық көп жағдайда қызғылт түсті, тегіс, кеңсірік пердесі дәл ортасында , мұрын кеуілжірлері үлкеймеген, жалпы мұрын жолы ашық болады. Келесі кезекте мұрынның сол жағын қарайды.
Мұрын кеңейткіші, түктерді қысып қалмас үшін, браншиді (ұшы) толық қабыстырылмаған жағдайда шығарып алу керек.
3. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
1. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
2. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
1.Жұтқыншақ (глотка) – бас сүйек (ми сауыты) негізінен басталып VI мойын омытқасына дейін жетеді. Жұтқыншақ төмен жағынан өңешке өтеді. Анатомиялық-физиологиялықерекшеліктеріне және клиникалық көзқарастарға байланысты мұрын, ауыз және көмей жұтқыншағы деп үш бөлікке бөледі. Бұл бөліктердің шартты шартты шектеулері тілшіктің қатты таңдай сызығының артқы жалғас және тілшіктің жоғарғы шетінен өтетін сызық. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі хоананың артқы жағындағы кішігірім қуыс. Оның күмбезі үстіне жұтқыншақтың бадамша безі орналасқан, бүйір қабырғаларынан есту түтігінің сіңір бөліктерімен қоршалған сағалары көрінеді. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі, төмен жағынан жақсы көрініп тұратын, ауыз бөлігіне өтеді. Оның құрамына: жұмсақ таңдай мен тілшік, жұтқыншақтың көзге көрінетін артқы қабырғасы, тіл түбірі және екі аралығында бадамша без бен жұмсақ таңдай орналасқан таңдай доғаларымен қоршалған аран (зев) жатады. «Аран қанталаған», «Аранда қоймалжың қабат көрініп тұр» деп айту дұрыс емес.
Жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығында кейде айқын «гранула» түзетін ткань элементтері бар, сонымен қатар, артқы доғалардың арғы жағындалимфоидті бөліктері орналасқан. Жұтқыншақтың ауыз бөлігінің артқы қабырғасының шырышты қабығы тегіс эптелиймен қапталған, біраз мөлшерде бездері де бар. Тіл-жұтқыншақ нервімен нервтенеді. Бұл нервінің талшықтры қан тамырларына жақын жерден өтеді. Сондықтан қабынған кезде тамырлардың кеңеюіне байланысты ауыру, қыран-ашу сезімін тудырады.
Жұтқыншақтың ауыз бөлігінде бадамша бездері орналасқан, оның патологиясымен осы уақытқа дейін, әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылданады. Өйткені, жалпы аурулардың көпшілігі осы бездердің жағдайына байланысты.
Әрбір бадамша без жұтқыншақтың ауыз бөлігіндегі бүйір қабырғасында, яғни бадамша шұңқыршасында болады. Бұл шұңқырша алдыңғы және артқы жақтарынан етті құрылым – кішігірім доғалармен қоршалған. Доғалар тканьдері аса жұқа шырышты қабықтан көрініп тұратындықтан қызыл реңді болады. Мұны қабыну кезіндегі қанталаумен шатастыруға болмайды. Бадамша без шырышты қабық астында көп мөлшерде орналасқан лимфоцитті фоликулалардың ретикулярлық тканьдер жиынтығы болып табылады. Бадамша бездің бос сырт жағында имек бірнеше ойықшасы болады, бұл бадамша бездің қалың тереңіне кететін иірімді жолдарда шұңқырлардың сағалары. Фолликулалар осы ойықшалар бойына орналасқан. Ретикулярлық ткань бадамша бездің дәнекер тканьдерден тұратын стомасына жабысып жатады, ол бадамша бездің сыртында жалған капсулалы және жұтқыншақ еттерімен тұтасып кеткен.
Лимфа бадамша безінен төс-бұғана-емізікше етінің алдыңғы шетінде орналасқан түйінге құяды.
Таңдайдң, жұтқыншақтың, тілдің бадамша бездері, есту түтігі аймағындағы лимфоидты тканьдер жиынтығы – Пирогов-Вальдейер лимфалық жұтқыншақ сақинасын құрайды. Таңдай безінің ең басты функцияларының бірі – иммунитет қалыптасуына қатысу.
Жұтқыншақ жанында клетчаткалы кеңістік бар, оған қабыну құбылысы тараған кезде ауыр асқынулар болуы мүмкін:
1. Бадамша без маңындағы кеңістік – бадамша безін қоршап жатады және іші болбыр клетчаткаларға толы болады;
2. Жұтқыншақ артындағы кеңістік – жұтқыншақтың артқы қабырғасының арт жағына орналасқан, яғни омыртқа фасциясы (бұлшықеттің шелді қабығы, шандыр, таңғыш) мен мойын фасциясы араларында болады. Клетчатканың қалың қабатында мұрын мен мұрын маңы қуыстарынан және ортаңғы құлақтан қайтатын лимфаларды қабылдайтын лимфа түйіндері бар;
3. Жұтқыншақ маңы кеңістігі – тіс-жақ жүйесі мүшелерімен тікелей қатынаста болады. Жұтқыншақ бұлшықеттерімен медиальды, мұрын маңы шырышты бездері капсуламен (қабығымен) латеральды, алдынан –астыңғы жақ сүйектің бұлшықет тармақтарымен, арт жағынан – тамыр мен нервтің ірі бағандары өтетін тесігі бар бас сүйегі негізімен шектелген;
4. Жұтқыншақ маңы мен жұтқыншақтың артқы кеңістіктері төмен жағынан көкірек қуысымен жалғасады. Жұтқыншақ қанмен сыртқы ұйқы артерия жүйесімен жабдықталады, бадамша бездері өз алдына аттас артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Жұтқыншақты зерттеу әдістері. Жұтқыншақтың мұрын бөлігін тексеріп қарау – артқы риноскопия – мұрын қуысын зерттеуде айтылып кетті. Жұтқыншақтың мұрын бөлігін арнайы айнамен ғана емес, сонымен қатар саусақ арқылы да зерттейді. Ол үшін оң қолдың сұқ саусағын жұмсақ таңдайдан ары сұғады, ал сол қолдың сұқ саусағымен аурудың ұртын сыртынан тіс аралығына басады. Саусақпен басу арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігіндегі жаңа өскіндер мен аденоидтар көлемін, тканьдер консистенциясын анықтайды. Кейбір жағдайларда (ісік болғанда) жұтқыншақтың мұрын бөлігінің бүйір проекциясының рентгенографиясын жасайды.
Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігін қарау – фарингоскопия – шпатель көмегімен жүргізіледі.Сол қолдағы шпатель арқылы тілді төмен басып, жұтқыншақтың ауыз бөлігінің шырышты қабығының реңіне, артқы қабырғасының, бадамша бездері доғаларының, тілдің жағдайына көңіл бөледі. Қарау кезінде алдыңғы риноскопияны жасаған кездегідей оң қол аурудың шүйдесінде жату керек. Крипталар (шырышты бездер) мен шұңқырларда пайда болған сұйықтықтарды тексеру үшін, оң қолдағы шпательмен алдыңғы доға аймағын артқа қарай басады. Сол кезде шұңқыршалардан не іріңді детрит не іріңді тығын шығады.
Қажет болған жағдайда бадамша бездің шырышты қабығы үстінен, артқы қабырғадан және т.б. жалқық (мазок) алуға тура келеді. Бұл үшін фарингоскопия кезінде зарарсызданған тампонды жұтқыншақтың ауыз бөлігінің әр жерлеріне игізіп пробиркаға салып алады.
Жұтқыншақтың төменгі бөлігін қарау көмейді зерттеген кезде жүргізіледі. Жұту рефлексі жоғарылаған жағдайда жұтқыншақтың шырышты қабығын кислокаин, тримекаин, кокаин дәрілерімен жуады.
2. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы және зерттеу әдістері. Жұтқыншақ 5-6-шы омыртқа деңгейінде ересек адамда ұзындығы 25 см болатын бұлшқетті түтік, яғни өңешке (пищевод) айналады. Өңеш саңылауы шырышты қабықпен жабылған Оның астында жақсы жетілген шырышты қабат орналасқан. Бұл шырышты қабықтың ұзына бойына да, көлденең бағытта да оңай орын ауыстыруына мүмкіндік береді, мұның өзі ас түйіндерінің асқазанға кедергісіз өтуі үшін өте қажет.
Шырышты қабық қатпаршақтарға жиналады, осыған орай өңеш сңылауы әр бөлігінде, әртүрлі көрінеді. Өңештің бастапқы бөлігінде өңеш аузы« бар, ол жабық күйде тұрады, тек жұту қимылы кезінде, шырыш немесе тағам өткен сәтте, бұлшықет жұмысы әсерінен ғана ашылады.
Өңештің қабырғалары бұлшықеттерден құралған. Оның жоғарғы 1/3 бөлігі көлденең жолақты талшықтар түрінде болса, ал ортаңғыда – көлденең жолақты және бірыңғай салалы талшықтар, төменгі 1/3 бөлігінде – тек бірыңғай салалы бұлшықет болады. Бұл өңеш қабырғаларының жиырылу сипатын анықтайды. Жоғарғы бөлікке өңеш саңылауына ас түйінін өткізіп жіберу үшін қатты, қысып жиырылу, төмен жатқан бөліктерде тағамның төмен түсу қимылына сай толқынды жиырылу болады.
Өңеш қабырғасын құрайтын бұлшықет талшықтары ұзына бойы және айнымалы бағытта орналасқан. Бұлардың жиырылуы тағамның асқазанға жайлап түсуін қамтамасыз етеді.
Өңеш саңылауының үш «физиологиялық» таралуын ажыратады. Бріншісі – оның кіреберісінде, екіншісі - өңештің қолқамен жанасқан жерінде, үшіншісі - өңештің асқазанға өте беріс жерінде.
Бұл тарылулар өңеш саңылауының өтетін бөтен денелерді сезінуін қамтамасыз етеді. Ыстық, қышқыл немесе сілтілі сұйықтықтарды жұтқанда өңеш қабырғаларының күю дәрежесін көрсетеді, өйткені тек осы жерде ғана бұл заттар өңеш қабырғаларына ұзағырақ әсер етуі мүмкін. Өңеш қабырғалары мен кеңірдек арасындағы науада (желобок) көмейдің қайталама (кері жүру) нервілері жоғары көтеріледі. Сондықтан да өңеш қабырғалары ісінген жағдайда көмей бұлшықеттері (параличке) ұшырауы мүмкін.
Бұл көп жағдайда осы аурудың ертерек білінген белгісін немесе ондағы лимфа түйіндерінің метастазалық бұзылуды көрсетеді. Әдетте бұл дауыстың бұзылуымен байқалады да, ауру алдымен оториноларингологқа қаралады. Өңешті зерттеу оның кіреберіс жерін (өңеш аузын) жанама ларингоскопия жасау, саңылауға контрасты заттар жіберіп, рентгенмен тексеру, қатты және эластикалық эзофагоскоптармен көру арқылы жүргізіледі.
Негізінен өңештің шырышты қабығы рецепторларының адекватты тітіркендіргішіне тактильді тітіркендіру жатады. Тағам түйірінің немесе бөгде зат қссымының әсерінен өңеш бұлшықеттері жиырылып, кейде түйілу пайда болады.
Бұл ағза қолқадан шығатын артериялар арқылы қоректеніп, кезегін нерв тармақтары арқылы нервтенеді. Көмейдің шырышты қабығын, өңеш аузын жергілікті сезімсіздендіру немесе жалпы сезімсіздендіру арқылы эзофагоскопия әдісімен өңештің бөліктерін зерттейді.
Қатты эзофагоскоп арқылы эзофагоскопия жасау. Ауруды әртүрлі жағдайда: эзофагоскопия түтігін кіргізуге ыңғайлы жағдай тудыратын арнайы орындыққа отырғызып, аурудың кеудесін орындық арқасына тіреп немесе атқа салт отырғызғандай жағдайында, бір қырынан арқасына жатқызып қарауға болады.
Өңеш бұлшықеттерін босаңсытатын дәрілерді , артық сілекей ағуды тоқтататын дәрілерді пайдалану қажет.
Өңешке кірердегі ең басты кедергі, оның кіреберісінен өткенде кездеседі, өйткені көп жағдайда ол тарылып тұрады. Эзофагоскопия түтігінің тұмсығын дәл ортадан көмейдің артқы қабырғасы бойымен «өңеш аузына»ь қарай жүргізу керек те, түтік тұмсығын өңеш саңылауы кіреберісіне абайлап, әрі батыл бағыттай отырып, алдымен өңештің жоғарғы бөлігіне , сонан кейін біртіндеп төмен қарай жылжытып өңештің барлық бөлігін тексеру қажет.
Фиброэзофагоскопия ауруларға жеңілдеу түседі және өңеш қабырғасын қарап, тексеріп қана қоймай, сонымен қатар биопсия, бөгде затты алып тастауға мүмкіндік болады.
4. Көмей анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері. Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
Көмейдің анатомиясы мен физиологиясы.
Көмейді зерттеу әдістері.
Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
1. Көмей (гортань) мойынның алдыңғы жағындағы қуыс ағза, тіласты сүйегі мен кеңірдектің бірінші жарты сақинасы арасында орналасқан
Көмейдің негізі – сыңыр және жұп болып келетін екі топ шеміршекті қаңқадан тұрады. Оның бұлшықеттерін де сыртқы және ішкі деп екі топқа бөліп қарау қажет. Көмейдің, сонымен қатар аталған шеміршектерді өзара жалғастыратын және тіласты сүйегі мен кеңірдекке түйістіретін бірқатар сіңір байламдары бар. Көмей жұтқыншақпен, қалқанша безбен, оның алқымымен, өңешпен тығыз анатомиялық байланыста болады.
Көмей қаңқасы: 1. Тақ шеміршектер – сақина тәрізді, қалқанша тәрізді, бөбешік (тілшік). II. Жұп шеміршектер – ожау тәрізді, сына тәрізді немесе Врисбергтік, мүйізді немесе Санториндік шеміршектер.
