- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы 1*22*1
- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы 2*39*5*
- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*51*3*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*2*1*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*55*4*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*56*3*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*1*1*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*51*5*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*57*4*
- •Лимфаденопатия синдромымен өтетін аурулардың дифференциалды диагностикасы *2*83*4*
- •Лимфаденопатия синдромымен өтетін аурулардың дифференциалды диагностикасы *3*61*4*
- •Респираторлы синдроммен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы *2*35*4*
- •Респираторлы синдроммен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы *3*34*3*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*11*1*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*90*5*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*72*5*
Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы 2*39*5*
#23
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 26 жастағы ер адам ауруының 12-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінен: студент, екі апта бұрын Индиядан келген. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойды.
Ішектен қан кету үшін қандай белгілер ЕҢ ықтимал?
*+Пульстің жиілеуі, тері жабындыларының бозаруының өршуі, мелена
*АҚҚ төмендеуі, іш кебіуінің өршуі, іштің бұлшық еттерінің дефансы
*АҚҚ жоғарлауы, естің бұзылуы, тахикардия
*Тахикардия, іштегі жайылмалы ауру сезім, қан аралас іш өту
*АҚҚ төмендеуі, тахикардия, сол жақ мықын аймағындағы тұрақты ауру сезім
#24
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 26 жастағы ер адам ауруының 12-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінен: студент, екі апта бұрын Индиядан келген. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойды. Бүгін таңертең үлкен дәретінің «қара» түсті екенін байқаған.
Қандай ЕҢ тән асқыну дамыған?
*Перфорация
*+Қан кету
*Жаралы колит
*Жедел ішек өтімсіздігі
*Инфекциялық-токсикалық шок
#25
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 30 жастағы ер адам ауруының 10-шы күні жатқызылды. Индиядан келгенен соң екінші күні ауырған,сонда 11 күндей демалған. Іш сүзегі деген диагноз қойылған.
Іш сүзегі үшін ЕҢ маңызды белгі?
*+Қызба
*Бас ауру
*Аурудың бірінші күні бөртпенің пайда болуы
*Профузды іш өту
*Беттің қызаруы
#26
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас Іш сүзегі деген диагнеозбен түсті. Қабылдау бөлімінен қарағанан кейін көп салалы ауруханалардың хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.
Іш сүзегіне үшін қандай арнайы асқынулар ЕҢ тән?
*Дегидратация
*+Ішектің тесілуі
*Жедел тыныс жеткіліксіздігі
*Жедел бауыр жеткіліксіздігі
*Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
#27
*!47 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне ауруының 4-ші күні жеткізілді. Шағымдары: бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, ұйқысыздық. Анамнезде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын машина жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склераларының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Грипп
*Лептоспироз
*Іш сүзегі
*Кенелік бөртпе сүзегі
*+Эпидемиялық бөртпе сүзегі
#28
*!26- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 8 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған.Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі розеолезді-папулезді бөртпе анықталады. Тілі құрғақ, қабырғасын кір күлгін түсті жағынды жапқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
*Листериоз
*Иерсиниоз
*Бруцеллез
*Бөртпе сүзек
*+Іш сүзегі
#29
*!42- жастағы ер адам; алыс рейстерге шығатын көлік жүргізушісі, стационарға түсті. 5 күн бойы басы ауырған, әлсіздік, қызба болған. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас қозғыш, көп сөлейді. Бет терісі гиперемияланған, склерит, конъюнктивит, конъюктивасында гемморагия, аңқасында гиперемия, тілінің түбірінде қан құйылулар байқалады. Іші, кеуде, аяқ- қол терісінде көптеген папулезді-петехиалды бөртпе. Жгут симптомы оң. Іші жұмсақ ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
*ККГҚ
*Иерсиниоз
*Іш сүзегі
*+Бөртпе сүзегі
*Менингококкцемия
#30
*!48 жастағы әйел, жұқпалы аурулар аурханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, белінің ауруына, сол жақтағы білек буыны мен жамбас буынының ауруына шағымданып келген. 8 ай бұрын дене температурасы көтеріліп, тершеңдік мазалаған, буындарның ауруы байқарған аурумен ауырып тұрған.. Эпид.анамнезі: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоционалды лабилді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Оң жақ жамбас буынының маңындағы терісі қызарған, ісіну байқалады. Пальпация жасағанда және кез˗келген қозғалыс жасағанда ауру сезімі мазалайды. ҚЖА: лейк.-4,8´109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Лептоспироз
*Іш сүзегі
*Эпидемиялық бөртпе сүзегі
*+Екінішілік-созылмалы бруцеллез
*Крымдық геморрагиялық қызба
#31
*!Ауыл тұрғыны, үйінде мал ұстайды, 1 ай бұрын дене қызуы 38-390С дейін көтеріліп, колтырап, тершеңдік мазалай бастаған, басы ауырған. Бірақ ауырғанына қарамастан жұмыс істей берген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған. Гепатоспленомегалия. ҚЖА - лейкопения, лимфоцитоз.
ЕҢ ықтимал диагноз
*Безгек
*Иерсиниоз
*Лептоспироз
*+Жедел бруцеллез
*Созылмалы бруцеллез
#32
*!45 ер адам, ветеринар, ауруханаға тез шаршағыштыққа, басының ауруына, әлсіздікке, дене температурасының 37,80С, кешке 390С дейін көтерілуіне, қалтырап, тершеңдіктің мазалауына шағымданып келген. Ауырғанына 1 ай болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритмді. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көк бауырдың төменгі полюсі пальпацияланады. Зәрі мөлдір, диурез адекватты. Нәжісі қалыпты.
ЕҢ дұрыс диагноз:
*+Жедел бруцеллез, орташа ауырлықта
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация
*Екіншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация
*Жедел бруцеллез, ауыр ағымда
*Жедел бруцеллез, жеңіл түрі
#33
*!45 ер адам, ветеринар, ауруханаға тез шаршағыштыққа, басының ауруына, әлсіздікке, дене температурасының 37,80С, кешке 390С дейін көтерілуіне, қалтырап, тершеңдіктің мазалауына шағымданып келген. Ауырғанына 1 ай болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритмді. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көк бауырдың төменгі полюсі пальпацияланады. Зәрі мөлдір, диурез адекватты. Нәжісі қалыпты. «Жедел бруцеллез» деген алғашқы диагноз қойылған.
Қандай аурулардан ажырату керек?
*Қызылша
*Сальмонеллез
*+Ку-қызбасы
*Жел шешек
*Жедел дизентерия
#34
*!32 жастағы әйел, тізе және тірсек буындарының ауруына, дене температурасының көтерілуіне, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Буындарының ауруы мен тершеңдік 3 жыл бойы мазалайды. 6-жыл бойы сауынша болып жұмыс істейді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Т-37,5°С. Микрополиаденит. Оң жақ тізе буыны ісінген, қимылдайы шектелген, ауру сезімі мазалайды. Жүрек тондары бәсең. Рs 78 рет минутына. АҚҚ-100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ. Бауыры үлкейген, көк бауыры анықталмайды.
ЕҢ дұрыс алғашқы диагноз:
*Жеделдеу бруцеллез
*Резидуалді бруцеллез
*Жедел бруцеллез, компенсация
*+Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация
*Біріншілік-латентті бруцеллез, декомпенсация
#35
*!48 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, беліндегі, сол жақ білек буыны мен жамбас буындарындағы ауру сезіміне шағымданып түскен. Эпид.анамнезінде: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоциональді лабильді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Зертханалық зерттеу нәтижесінде қаннан Brucella melitensis анықталды.
ЕҢ ықтимал инфекция көзі:
*Шошқалар
*Иттер
*Кемірушілер
*+Майда қара мал
*Ірі қара мал
#36
*!42 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, беліндегі, сол жақ білек буыны мен жамбас буындарындағы ауру сезіміне шағымданып түскен. Эпид.анамнезінде: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоциональді лабильді. Т-37,30С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Алақаны мен табанының гипергидрозы. Зертханалық зерттеу нәтижесінде қаннан Brucella abortus bovis анықталды.
ЕҢ ықтимал инфекция көзі қандай:
*Қой
*Иттер
*Кемірушілер
*Майда қара мал
*+Ірі қара мал
#37
*!30 жастағы әйел адам, үйде отырады, Қырғызстаннан келгеннен кейін 7 күннен соң ауырған, ол жақта шикі ешкі сүтін ішкен. Бұлшық еттеріндегі, тізе және иық буындарындағы ауру сезіміне, жиі қалтырап, тершеңдікке шағымданады. Температурасы 39,2С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі ылғалды. Полилимфоаденопатия. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:
*+Бруцеллез
*Туляремия
*Лептоспироз
*Жел шешек
*Висцералды лейшманиоз
#38
*!32 жастағы әйел адам, ет комбинатында жұмыс істейді, белінің қоймай ауруына, ұзақ уақыт бойы дене температурасының көтерілуіне шағымданып келген. Ауырғанына бір жыл болған. Қарап тексергенеде: отырғыш нерві бойымен ауру сезімі анықталады. Бел˗сегізкөз аймағында тері астында тығыз пальпациялағанда ауыратын түйіндер (фиброзиттер) анықталады. Перифериялық лимфа түйіндері үлкейген. Бауыры мен көк байыры ұлғайған.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Лептоспироз
*Склеродермия
*+Созылмалы бруцеллез
*Лайм ауруының созылмалы сатысы
*Омыртқаның бел˗сегізкөз аймағының остеохондрозы
#39
*!40 жастағы әйел адам, мамандығы˗сауыншы. Жедел ауырған. Дене қызуы көтеріліп, қалтырап, тершеңдік мазалаған. Ауруханаға ауырғанына 15 күн болғанда келді, дене температурасы 38,6°С, жағдайы орташа ауырлықта. Пульсі – мин,утына 100 рет. Жүрек тондары бәсең. Бауыры мен көк бауыры пальпацияланады.
Науқаста бруцеллездің ЕҢ ықтимал формасы:
*+Жедел
*Латентті
*Жеделдеу
*Созылмалы
*Резидуалді
#40
*!27 жастағы әйел, 10 қарашада жұқпалы аурулар ауруханасына келген. Тамыздың аяғында жедел ауырған. Дене температурасы көтеріліп, қалтырап, тершеңдік мазалаған, тірсек және білек буындары ісінген. Эпид.анамнезі: ауылда тұрады. Көршілерінен алған қайнамаған сүт ішеді.
Бауырдың төменгі қыры бұғана орта сызығымен қабырға доғасынан 2 см төмен анықталады. Көк бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен анықталады. Қан нализі: л.-4,4×109/л, т/я-1%; с/я-42%; мон.-9%; лимф.-45 %. ЭТЖ-29 мм/сағ.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*+Жедел бруцеллез
*Жеделдеу бруцеллез
*Біріншілік-латентті бруцеллез
*Екіншілік-латентті бруцеллез
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез
#41
*!Әйел 28 жаста, сүт зауытында технолог.Тұрмыс құрғанына 5 жыл, бедеулік. 2 жыл бұрын қалтыраумен жоғары қызба эпизоды болған, терщендікпен, буындардың ауруы байқалды. Қызбаны түсіретің дәрі - дәрмектер қабылдағаннан кейін, қызбасы түскен. Сонғы 4 ай бойы кешкі уақытта қалтырау, бел аймығында ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: алақанның гипергидрозы, лимфа түйіндердің барлық топтарының ұлғаюы, гепатомегалия 1,0см, екі жақтан Ласега симптомы оң. Рентгенографияда – омыртқаның бел-құйымшақ бөлімінің остеохондрозы. Райт реакциясы – 1:200, Хеддльсон реакциясы-оң, ИФА-да – IgG –оң нәтиже.
Қандай ЕҢ дұрыс диагноз?
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация. Остеохондроз ПКОП. Бедеулік.
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация. Остеохондроз ПКОП. Бедеулік.
*+Екіншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация. Остеохондроз ПКОП.Бедеулік.
*Екіншілік-созылмалы бруцеллез,, субкомпенсация. Остеохондроз ПКОП. Бедеулік.
*Екіншілік-созылмалы бруцеллез,, компенсация. Остеохондроз ПКОП. Бедеулік.
#42
*!Ер адам 45 жаста, дәрігерге шынтақ буындарында, білек буындарындағы ауру сезімге, қозғалысының шектелуіне шағымданды. Өзің 3 жылдан бері ауру деп санайды, соңғы 1 ай жағдайы нашарлады. Кәуіпханашы болып жұмыс істейді, жеке тұлғалардаң сатып алыңған қой еттерің бөлуге қатысады. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,0С, жергілікті және жалпы гипергидроз (алақан), барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауру сезімсіз, бауыры 1,5 см ұлғайған, шынтақ буындарының, білек буындарының ісінуі және қозғалуының шектелуі. Буын R-графиясында –артроз-артрит белгілері. Райта рекциясы – 1:50, Хеддльсон реакциясы –оң, бруцеллезды антигенмен ИФА - IgG, IgA – оң нәтиже
Қандай ЕҢ дұрыс диагноз?
*Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті
*+Біріншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация. Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті
*Екіншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті
*Екіншілік-созылмалы бруцеллез,декомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті
#43
*! Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жумыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба, дене қызуы қалтыраумен жүреді, тершеңдік, артралгия және мсиалгия байқалады. Гепатолиенальді синдром байқалады. Антигенмен антитела титрі R. Burnetti 1 : 32.
Осы ауру кезінде тыныс алу жүйесінің ЕҢ тән зақымдалуы қандай?
*Өкпе ісінуі
*Іріңді пневмония
*Геморрагиялық пневмония
*Медиастинальді лимфаденит
*+Арнайы интерстициальді пневмония
#44
*! Әйел адам 40 жаста, сауыншы болып жумыс істейді, ауруының 8-ші күні түсті. Жоғарғы қызба, дене қызуы қалтыраумен жүреді, тершеңдік, артралгия және мсиалгия байқалады. Гепатолиенальді синдром байқалады. Рентгенограммада интерстициальді пневмония. Антигенмен антитела титрі R. Burnetti 1 : 32.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Оба
*Сібір жарасы
*Бруцеллез
*Иерсиниоз
*+Ку-қызбасы
#45
*!33 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні жеткізілді. Шағымдары: басының қатты ауруы, айқын әлсіздік, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 39,8°С-қа дейін жоғарылауы. Эпидемиологиялық анамнезі: 2 апта бұрын қала шетіндегі көлге барып демалған. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, ыстық. Өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы таза. Іші кепкен. Іші қатқан.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Безгек
*Бруцеллез
*Бөртпе сүзегі
*+Іш сүзегі
*Ку-қызбасы
#46
*!25 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 10 күн бойы «Іш сүзегі» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Диагноз қаннан S. typhi дақылының анықталуымен дәлелденді. Науқас цифран 1,0/тәул. қабылдап жатыр. Барлық күндері дене қызу 38,2-38,5ºС-қа дейін жоғарылаған, бүгін дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: есі анық, бірақ тежелген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Пульсі 102 рет/мин. ҚҚ-90/60 мм с.б. Екі рет қара түсті сұйық нәжіс болған.
Науқаста қандай асқыну дамыған?
*ТШҚҰ-синдромы
*Гиповолемиялық шок
*+Ішектен қан кету
*Инфекциялық-токсикалық шок
*Іш сүзегі жарасының перфорациясы
#47
*! Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жумыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба, дене қызуы қалтыраумен жүреді, тершеңдік, артралгия және мсиалгия байқалады. Гепатолиенальді синдром байқалады. Антигенмен антитела титрі R. Burnetti 1 : 32.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:
*Иерсиниоз
*Сибир жарасы
*Бруцеллез
*+Ку-қызбасы
*Лептоспироз
#48
*!Ер адам 27 жаста, ауырғанына 9-шы күн, жедел ауырған қалтыраумен, дене қызуының 39-400С, дейін көтерілуі, енжарлық, әлсіздік, қатты бас ауру. Жиі қайнамаған сүтті пайдаланады. Объективті: жалпы жағдайы орташа. Бөртпелер жоқ. Есі анық. Т- 38˚С. Пульс 60 рет мин. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Гепатоспленомегалия. Үлкен дәреті қалыпты.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Іш сүзегі
*+Ку қызбасы
*Бөртпе сүзек
*Грипп
*Менингококкты инфекция
#49
*!Ер адам 50 жаста, мал шаруашылығында жұмыстайды. Ауруының екінші күні жатқызылған. Жедел ауырған: жоғары қызба, көз айналасының ауруы, құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, миалгия, артралгия. Беті қызарған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс. Бауыры 2 см ұлғайған.
Қандй диагноз ЕҢ ықтимал?
*Грипп
*Іш сүзегі
*+Ку-қызбасы
*Бруцеллез
*Малярия
#50
*!Ер адам, 25 жаста, практикада Іле өзенінің жағасында болған, суға шомылып, шикі су ішкен. Ауруханаға ауруының 10 шы тәулігінде түсті, есі бар, бірақ әлсіз. Бас ауруы мазалайды, дене қызуының көтерілуі 400С, дейін, айқын тершеңдік, құрғақ жөтел байқалады. Өкпеде құрғақ сырылдар. Бауыры 1см ге ұлғайған. Бөртпе жоқ.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Бөртпе сүзек
*Іш сүзегі
*Лептоспироз
*+Ку-қызбасы
*Орнитоз
#51
*!Әйел адам, 30 жаста сауыншы, 3ай бұрын қызбамен, құрғақ жөтелмен, бас ауру тершеңдікпен белгісіз ауруды бастан өткізген. Үйде суық тиді деп емделген. Неврологқа жұмысқа қабілетінің төмендеуі , тершеңдікке шағымданып келген.
Қандай зоонозды ауру туралы болжауға болады?
*Бруцеллез
*Листериоз
*+Ку-қызбасы
*Лептоспироз
*Токсоплазмоз
#52
*!Ер адам 50 жаста, мал шаруашылығында жұмыстайды. Ауруының екінші күні жатқызылған. Жедел ауырған: жоғары қызба, көз айналасының ауруы, құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, миалгия, артралгия. Беті қызарған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс. Бауыры 2 см ұлғайған.
Науқаста қандай клиникалық түрі дамыған?
*Типтік (фебрильді) *+Бронхопневмотикалық *Тиф тәрізді *Бруцеллез тәрізді *Нервті (менингоэнцефалитикалық)
#53
*!Ер адам 50 жаста, мал шаруашылығында жұмыстайды. Ауруының екінші күні жатқызылған. Жедел ауырған: жоғары қызба, көз айналасының ауруы, құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, миалгия, артралгия. Беті қызарған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс. Бауыры 2 см ұлғайған.
Бірінші кезекте қандай аурулармен салыстыру қажет?
*Гриппен
*Орнитозбен
*Іш сүзегімен *+Ку-қызбасымен *Ішек иерсиниозымен
#54
*!Ер адам, 46 жаста ауруының 4-ші күні қаралған. Шағымы: бас ауруына, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС, дейін көтерілуіне, ұйқысыздыққа. Анамнезінде: Алысқа ауыр жүк машинесінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Эйфория, қозғыш. Беті қызарған. Склераның қан тамырлары инъецирленген. Дененің және авяқтың терісінде көп розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тоны тұйықталған, АҚҚ 130/90 мм.с.б. Пульсі 110 рет минутына. Танометрдің манжеткасын шешкенен кейін теріде петехиялар қалды. Бөртпе сүзегі деген диагноз қойылды.
Аурудың патогенезінде негізгі ролге не жатады?
*+Қан тамырлар жүйесінің зақымдалуы
*Мидың жұмсақ қабатының зақымдалуы
*Асқазан ішек жолдарының зақымдалуы
*Тірек қимыл аппаратының зақымдалуы
*Ішектің лимфатикалық аппаратының зақымдалуы
#55
22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттері-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейкоциттері - 6,9×109/л, ЭТЖ-30 мм/сағ.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Іш сүзегі
*Бруцеллез
*Бөртпе сүзегі
*+Безгек
*Ку-қызбасы
#56
*!42 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, айқын қалтырау мен тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезде: 2 апта бұрын Африкаға іс-сапарға барған. Эпид.анамнез ескере отырып, қанның жұқа жағындысы зерттелінген, Pl. Falciparum қарапайымдылары анықталды.
Қандай диагнозды негіздеу керек?
*Оvale-безгек
*Үш күндік безгек
*+Тропикалық безгек
*Екі күндік безгек
*Төрт күндік безгек
#57
*!32 ер адам, қалтырауға, дене температурасының жоғары деңгейге дейін көтерілуне шағымданады. Қарап тексергенде: пароксизмалды қызба, айқын тершеңдік, гепатомегалия, жалпы қан анализінде анемия.
Қандай ауруларға жоғарыдағы өзгерістер тән:
*+Безгек
*Амебиаз
*Листериоз
*Иерсиниоз
*Вирусты гепатиттер
#58
*!30 жастағы ер адам, жедел жәрдеммен жұқпалы ауралар ауруханасына аэропорттан жеткізілді. Дене температурасы 39,90С, басы қатты ауырады, құсқан, қозған. Ауырғанына 7 күн болған, Мозамбикте болғанда ауырған. Тексергенде қан жағындасында Pl.falciparum барлық даму сатысындағы түрлері анықталған.
Безгектің қандай клиникалық түрі ЕҢ ықтимал:
*Тропикалық безгек, орташа ауырлықта
*Тропикалық безгек ауыр формасы
*Безгектің алгидті формасы
*Тропикалық безгектің жеңіл түрі
*+Тропикалық безгектің церебралды формасы
#59
*!25 жастағы ер адам, Батыс Африкадан, бірақ Европада оқығандықтан 5 жыл үйінде болмаған. 2010ж. үйінде болғанда қайтадан безгекпен ауырған. Басында делагил ішкен: нәтижесіз, қызба, қайталанып, интоксикация жалғасқан. Сондықтан хинин 50% - 1мл тері астына, 8 сағат сайын алған, кейіннен 15 күннен кейін 1 мл х 2 рет тері астына алған. Емінің екінші күні жағдайы нашарлаған, температурасы 380 көтеріліп, кейіннен 400 дейін жоғарылаған. Интоксикация белгілері жоғарылаған (басы ауырып, жүрегі айнып, құсқан), белінде ауру пайда болып, сарғаюя мен анемиясы үдеген. Зәрі қара түсті, тұндырғанда сүйықтығы шие түсті, тұнған тұндырмасы қара түсті.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Екіншілік инфекцияның қосылуы
*+Гемоглобинуриялвқ қызба
*Тропикалық безгектің церебралды формасы
*Тубулярлы нефрозо – нефрит
*Инфекциялық токсикалық шок
#60
*!32 жастағы әйел, Заир тұрғыны, ауруханаға естүссіз жеткізілген. Ауырғанына 3-4 күн болған. Денесі қызып, қалтыраған, тершіңдік, диарея, басының ауыруы, ішінің ауруы мазалаған, аспирин, левомецитин ішкен. Объективті: гипертермия, ернін ұшық басқан, терісі сарғайған. Іші жұмсақ, ішек спазмы, бауыры мен көк бауыры үлкейген. АҚҚ – 60/40 мм.с. б.
Қандай диагноз және асқыну ЕҢ ықтимал:
*Вирусты гепатит, кома
*Иерсиниоз, ИТШ
*+Безгек, кома
*Сепсис, кома
*Тырысқақ, ИТШ
#61
*!35 жастағы ер адам, геолог, 6 ай бойы Ауғаныстанда жұмыс істеген. Ауыр жағдайда ауруының 4 күні ауруханаға жеткізілген. Есі анық, қалтырап, дене температруасы жоғары, тершеңдікпен алмасады. Миалгия, склера қан тамырларының инъекциясы, бауыры мен көк бауырының ұлғаюы анықталады. АҚҚ – 80/50 мм.с.б. Зәрі жоқ. Болжама диагнозы «Безгек». Асқыну дамыган.
ЕҢ ықтимал асқыну қандай?:
*Инфекция-токсикалық шок
*Анафилактикалық шок
*+Бүйректің жедел жетіспеушілігі
*Бауырдың жедел жетіспеушілігі
*Церебралды кома
