Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

Жобаның параметрлерін баптау

Жобада әртүрлі параметрлер көп, олардың көмегімен компиляция үрдісін және қосымшаны жинауды басқара аласыз. Жобаның параметрлерін Project Options терезесінде орнатуға болады. Ол үшін басты менюден Project | Options... командасын немесе жобаны басқару терезесіндегі контексті менюден Project1 элементін таңдағаннан кейін Options.... командасын таңдау арқылы жасауға болады.Экранда диалогты терезе пайда болады; сізге тек қана оған қажетті параметр мәндерін беру ғана қалады.

Жоба параметрлерінің диалогты терезесі бірнеше беттен тұрады. Параметрлер өте көп, сондықтан да біз тек қана өте жиі қолданылатындарын қарастырамыз.

Forms беті қосымшаның басты формасын (Main form) беруге және Auto-create forms тізімінде формаларды сілтеу, олар басты менюмен бірге жасалынады.

Application беті сіздің программаңыздың атын (Title) беруге болады. Delphi ортасында анықтама файлын (Help file) және (Icon) белгісін қосымша беруге болады.

Compiler беті компилятор параметрлері бапталады.

Олардың ішіндегі ең қызықты қайта қосу Optimization (генерациялаған кодтың оптимизациясын қосады) және Use Debug DCUs (жүйелік кітапханалардың шығу кодын алып қоюды орындайды). Осы қайта қосулардың екеуі де программаны алып қоюда пайдалы: біріншісін өшіріп, ал екіншісін қосып қою керек.

Compiler Messages беті компилятордың сезіктенген кодқа деген сезімталдығын баптайды. Show hints және Show warnings қайта қосуларын қосу арқылы, қателер туралы хабарлардан басқа, сіздер компилятордан өте қажетті көмектерді (hints) және (warnings) ескерту ала аласыз.

Linker беті жобаны жинау параметрлері бапталады. Delphi ортасында жұмыс жасаушыларға Memory sizes тобына көңіл бөлгендері жөн, әсіресе екі параметрлерге: Min stack size және Max stack size. Олар сәйкесінше қосымша программа стегінің минимальды және максималы өлшемдерін береді. Сізге активті қолданылатын рекрусивті ішкі программа қосымшасын жазу кезінде бұл параметрлердің мәнін өсіру қажет болады.

Directories/Conditionals беті әртүрлі файлдарға каталогтар беріге болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: орындалатын файл кіретін Output directory - каталогы; аралық объекті модульдер (DCU-файлдар) кіретін Unit output directory - каталогы; программалық модульдерді іздеуді іске асыратын Search path - каталогтар тізімі болып табылады.

Version Info беті қосымшаның версиясы туралы ақпарат шығарылады. Орындалатын файлға бұл ақпаратты араласу үшін, Include version information in project қайта қосуын іске қосу қажет. Версия нөмірі төрт сан түрінде беріледі: Major version - программаның үлкен номері (оны көбінесе концептуалды жаңа мүмкіндіктерді программаға енгізу кезінде өсіреді); Minor version Build - программаның кіші номері (оны көбінесе программаның функционалды мүмкіндіктерін аталмайтын кеңйтілу кезінде өсіреді); Release - программаны шығару кезіндегі номері, олар алып қойылған және керекті тапсырыс берушімен қолданыс кезінде; Build - жобаны жинау кезіндегі реттелген номері (егер Auto-increment build number қайта қосуы қосылған болса,онда ол автоматты түрде жобаны компиляция жасаған кезде бірлікке өседі). Бұл программалардың барлығы тек қана ақпаратты сипат береді және программаның өзінің жұмысына кедергі жасамайды. Бірақта, библиотеканың жаңарақ версиялары ескіректерімен ауыспауын бақылайтын арнайы пайдаланушы программаларды орнатуда версия туралы ақпарат қолданылады.

Packages беті сіздің жобаңызда қолданылатын пакеттер тізімін басқара аласыз. Пакеттер - компоненттердің сыртқы библиотекалары, олар 13бөлімде қарастырылған. Build with runtime packages қайта қоуына көңіл бөліңіз, ол орындалатын файлдың өлшемін азайтуға рұқсат береді, орындалатын файлда кодын тізудің орнына компоненттердің сыртқы библиотекасында қолданылады. Бұл режим жалпы компоненттер көп саны базасында құрылған бірнеше программаларды құру кезінде тиімді.

Жобаның барлық параметрлері орнатылғаннан кейін, оның компиляциясына кірісуге болады.

Компиляцияжәне жобаны жинау.

Компиляция және жобаны жинау жобаны өңдеудің кез келген стадиясында орындала алады. Компиляция сөзінде шығу мәтіндер программалық модульдерден (DCU-файлдар) жасалған объекті модульдерді (PAS-файлдар) алу мағынасы жатыр. Жинау сөзінде объекті модулбдерден жасалған орындалатын файлдарды алу мағынасында. Delphi ортасында компиляция және жобаны жинау сыйымды.

Компиляцияны орындау үшін Project | Compile <Жоба аты> командалық менюін орындау немесе Ctrl+F9 коДҚинациялық пернесін басу жеткілікті. Сонымен қатар шығу файлдары компилирленеді, құрамы соңғы компиляциядан кейін өзгереді. Қорытындысында, әр программалық модульге

DCU (Delphi Compiled Unit сөзінен қысқартылған) кеңейтілуіндегі файлмен жасалады. Содан кейін Delphi ортасы жасалған жобаның басты файлын компирлейді және аттары жобаның атымен сәйкес DCU-модульдер орындалатын файлдарды жинайды. Профессионалдардың айтысы бойынша,

Delphi ортасының компиляторы орындалатын файлдан қажетсіз программалық кодтарды лақтырып тастайды, сондықтан да қосылған модульдерде бар артық объектілермен ішкі программалар үшін алаңдамауға болады.

Компиляцияның және жинаудың ерекше түрі бар - жобаның барлық программалық модульдерін толық еріксіз компиляциялау, оларға келесі орындалатын файлдарды жинаудан шығатын мәтіндер тиімді. Осыдан кейін келесі компиляцияда оларға өзгертулер енгізілді ме, жоқ па оның маңызы болмайды. Жобаны толық компиляциялау басты менюдің Project | Build <Жоба аты> командасы арқылы орындалады. Нәтижесінде тағы да орындалатын файл құрылады, бірақ оған көбірек уақыт жұмсалады.

Дайын қосымшаны іске қосу. Көптеген компиляциядан кейін сіз барлық қателерді түзеп және орындалатын файлды алғаннан кейін, күш салған еңбегіңіздің нәтижесін көруге болады. Ол үшін құрылған қосымшаны Run | Run командалық менюі немесе F9 пернесі арқылы орындауға болады. Орындалар алдында автоматты түрде компиляциялау процесі қайталанады (егер жобаға түзетулер енгізілсе) және қосымшаның сәтті аяқталуынан кейін орындауға жіберуге болады. Нәтижесінде сіз экранда оның басқы формасын көресіз. Жоба туралы айтылу керек нәрселердің барлығы осылар. Толығына келсек сіздер жобаның не екенін білесіз және оны қалай басқару керектігін де білесіз. Жобаны құру бөліктерімен танысуға да уақыт келді және Delphi - формаларды ортасында кез келген қосымшаның негізгі элементтерімен де танысуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]