(Бронх демікпесімен науқас)
Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сізге 35 жастағы ентігуге, жөтелге, жүрек тұсындағы жайсыздыққа, әлсіздікке шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: өкпе ауруымен бала кезінен ауырады, кейбір өсімдіктер мен шаңға аллергиясы бар. Өкпе аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.
Емтихан алушы үшін ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар: муляж
№ |
Бағалау критериилері |
Балл бойынша бағалау |
||
1. |
Науқастармен қайырымды қарым-қатынас орнату. Іс-шараның мақсатымен таныстыру. |
10 |
5 |
0 |
2 |
Өкпе аускультациясы кезектілігін сақтады ма (кеуде клеткасының оң және сол жартысының симметриялы нүктелеріне фонендоскоп қойылады, алдымен алдынан және жоғары бұғана асты және бұғана үсті аймақтарынан төмен және екі жаққа, сосын артқа және қолтық астына қарай). |
10 |
5 |
0 |
2. |
Салыстырмалы аускультация тәсілімен негізгі тыныс шуларына баға бер. Науқасты мұрнымен дем алғанда тыңдау керектігін көрсетті ме (Қатты, бронховезикулярлы тынысты естіді ме, тыныс алу және тыныс шығару фазалары бірдей, тыныс шығару ұзарған) |
10 |
5 |
0 |
3. |
Қосымша тыныс шуларына баға берді ме. Науқастың аузымен терең тыныс алу керектігін айтты ма.(Тыныс алудың екі фазасында да ысқырықты, ызыңды құрғақ сырылдар, негізінен тыныс шығарудың соңында естіледі) |
10 |
5 |
0 |
4. |
Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме |
10 |
5 |
0 |
5. |
Бронхофония жүргіздіме («р» әрпі бар сөздерді ақырын сыбырлап айту керек- дауыстың кеуде клеткасына өткізілуі әлсіреген) |
10 |
5 |
0 |
6. |
Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма (бронх демікпесінің аускультативті көрінісі). |
10 |
5 |
0 |
7. |
Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (бронх демікпесінде әдетте көп өзгермейді, өкпе тінінің мөлдірлігі артуы мүмкін). |
10 |
5 |
0 |
8. |
Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма( науқастың мәжбүр қалпы, алыстан естілетін ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасы- бөшке тәрізді, оң қарынша жетіспеушілігі дамуы мүмкін.) |
10 |
5 |
0 |
10. |
Эмфиземаның, пнемосклероздың, өкпелік жүректің, пневмоторакстың болуының мүмкін белгілерін көрсету. |
10 |
5 |
0 |
|
Барлығы |
100 |
50 |
0 |
«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен. Станция бойынша максималды балл -10,0
№ 2-1 Клиникалық жағдай
