- •Кешенді емтихандардың сұрақтары
- •4.1. Міндетті профильдік емес пәндер
- •4.2. Міндетті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3. Элективті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3.1. Жбб 1: 6м060701 – «Тірі организмдердің алуантүрлілігі»
- •4.3.2. Жбб 2: 6м060703 – «биохимия, генетика және молекулалық биология»
- •4.3.4. Жбб 3: 6м060704 – «физиология және биофизика»
4.2. Міндетті профильдік пәндер блогы бойынша
Клеткалық биологияның тәжірибелік биология, биомедицина, биотехнология, нанотехнология үшін маңызын айтыңыз.
Клеткалық культурамен жұмыс істеу тәсілдерін айтыңыз.
Клеткалық мембраналардың синтезделуін және олардың ультрақұрылымы мен химиялық құрамын айтыңыз.
Молекулааралық қатынастар (электростатикалық, дисперсиялық, гидрофобтық) және мембрана құрылымдарының қозғалысын түсіндіріңіз.
Вакуольді жүйеге жалпы сипаттама және клетка ішіндегі заттардың тасымалдануын түсіндіріңіз.
Клеткааралық сигнализация және оны жүзеге асу жолдары туралы айтыңыз.
Қозғалысты қамтамасыз ететін орындаушы механизмдерінің негізгі типтері мен молекулалық ұйымдасуын айтыңыз.
Тубулиндер, G- және F- актин, миозин және басқа цитоқаңқа құрылымының негізі болатын белоктар туралы айтыңыз.
Вирус пен фагтардың геномының құрылысының ерекшеліктері.
Прокариоттар геномы. Бактериалды плазмидалар, IS-элементтері мен транспозондары.
Эукариоттар геномының құрылысы, күрделілігі.
Митохондрия және хлоропласт геномдары.
ДНҚ репликациясы. ДНҚ репликациясына қатысатын белоктар мен ферменттер.
Транскрипция. Прокариоттардың және эукариоттардың транскрипциясы. Процессинг, сплайсинг.
Белок биосинтезі. Гендік код. Амин қышқылдарының активтенуі. Трансляция сатылары мен реттелуі.
Тіршіліктің біртектілігі мен көптүрлілік заңы немесе Сент-Илер заңы.
Тіршіліктің глобальдық заңының принциптері, немесе Вернадскийдің бірінші заңы
Онтогенетикалық қартаю және жаңару заңы немесе Кренк заңы
Онтогенездің бір тұтастығы заңы немесе Дриш заңы
Тірі заттардың химиялық құрылымы туралы заңы немесе Энгельстің бірінші заңы
Биохимиялық процестердің жүйелі құрылымы заңы немесе Берталанфи заңы
Биологиялық ақпараттардың үзіліссіздігі мен дискреттік заңы, немесе Морган-Эфрусси заңы
Сананың биосфералық ролі заңы немесе Вернадскийдің екінші заңы
Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоценоз», «экосистема» ұғымдарының арақатынасын түсіндіріңіз.
Биосферада тіршілік ететін организмдердің әралуандылығына, әртүрлі систематикалық және функционалдық топтардың ара салмағына баға беріңіз.
Құрлықтық экожүйелердің құрылымдық ерекшеліктерін және өнімділігін сипаттаңыз.
Мемлекеттік және аймақтық деңгейде жүргізілетін флора мен фауна өкілдерінің инвентаризациясының елдегі биологиялық әралуандылықты сақтап қалу үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
Қазақстанда қабылданған, ерекше қорылатын аймақтардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
Арал теңізі аймағының проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге бағытталған жобаларға талдау жасаңыз.
Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық проблемаларын атап шығыңыз, аймақтың биологиялық әралуандылығына қатер төндіріп отырған факторларға талдау жасаңыз.
