Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм МІ жаңа 53 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562 Кб
Скачать
☆

2. Алгоритм:Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету.

Мақсаты:перитониттің, қансыраудың, қан кетудің,септикалық жене геморрагиялық шоктың алдын алу.

Көрсеткіштері: асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында, созылмалы ойық жарада.

Қарсы көрсеткіштері: жылытқыш қолдану, клизма қою, іш өткізетін препараттар беруге, асқазанды жууға, жансыздандыруға, су, тамақ ішуге, антибиотиктер салуға болмайды.

Керекті құралдар:

  • Зембіл

  • кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0

  • 5% аминокопрон қышқылы – 2 мл

  • 12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл

  • Мұзды мұйық

  • жастықша

Асқынулар:

  • кансырау, қан кету

  • бас ауруы, әлсіреу, АҚҚ төмендеуі

  • ДВС синдром, геморрагиялық шок.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. науқасты тыныштандырып шалқасынан жатқызу

2.ішке мұзды мұйық қою

3. қан тоқтатын дәрілер кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0 к/т енгізу.

4. 5% аминокопрон қышқылы – 10 мл немесе 12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл к/т енгізу.

5. хирургия бөлімшесіне жеткізу.

Нәтижені бағалау: жағдайының жақсаруы, гемодинамиканың жақсаруы.

 

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

3.Алгоритм:Жүрек және жүрек қабығының жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсету

Мақсаты:қансырауды тоқтату,жүрек жеткіліксіздігін алдын алу.

Көрсеткіші:Жүрек жарақаты,перикард.

Қарсы көрсеткіші:Жоқ.

Керекті құрал жабдықтар:

  • Зембіл

  • Трамодал ертіндісі-2,0 немесе прамедол 2%-2,0 б/е енгізеді.

  • Мезатон ертіндісі 1%-1мл,кофейн ертіндісі 20%-2,0,

  • Кальций ертіндісі 10%-10,0

  • Аликокапрон қышқыл ертіндісі-2мл

  • Мұзды мұйық.

  • Жастықша.

Асқынулары:

  • Жарақаттың ауыр сезімі.

  • Шырышты қабаттың көгеруі

  • Мойын венасының ісінуі,ентігу.

  • АҚҚ төмендеу

  • ОЖЖ қысымы

  • Есінен тану,жүректің тоқтауы

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандыру.

  2. Асептикалық таңғышты жарақатқа қою.

  3. Аурсынуды басу үшін трамадол ертіндісі-20, немесе промедол ертіндісін 2% 2,0 б/е енгізу.

  4. Жарақатқа мұзды мұйық қою.

  5. Оттегін беру.

  6. Жүрек қан тамыр(мезотон ертіндісін 1%-1мл.Корглюкон-2,06%-0,5-1,0тері ішіне,кофеин бензоат натрий ертіндісін 20%-2,0 тері асты)

  7. Жүрек қағыс мен тыныс алуды күнделікті бақылау.

  8. Науқасты зембілге арқасымен жатқызып хирургиялық бөлімшеге жеткізу.

Нәтижесін бағалау:АҚҚ мен пульс бір қалыпты,тыныс алу қалыпты.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

4. Алгоритм: Бұғана асты катетрін енгізу және күтім жасау.

Мақсаты:бұғана асты катеріне күтім жасау.

Көрсеткіші: катетр бітеліп қалмау мақсатында, оны жиі натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен немесе гепаринмен тазалап тұру керек, әсіресе антибиотик, глюкоза ерітінділерін, геммокорректорлар енгізгеннен кейін. Манипуляцияны қатаң асептика жағдайында жүргізеді.

Қарама-қарсы көрсеткіші: пиодермия, катетер қою аймағының жарақаттануы.

Керекті құралдар: стерильді қолғап, ампулада 0.9% натрий хлор ертінідісі, 0.5% новокаин ерітіндісі, 4% натрий цитраты ерітіндісі, ампулада гепарин, спирт, стерильді мақта шариктері.

Іс-әрекет алгоритмі: Манипуляцияны қатаң асептика жағдайында жүргізеді.

  1. Қолды гигеналық түрде жуу.

  2. Стерильді қолғаптарды киіңіз.

  3. Катетр канюлясын науқас терең тыныс алған кезде жалғайды (егер бұғана асты венасы катетрленген болса), ал егер ЖӨЖ қолданады.

  4. Абайлап, еш қиындықсыз, ине поршенін өзімізге қарай тартамыз. Инеде қою қызыл қан шыққаны катетрдің енгенін білдіреді.

  5. Катетрді 0.9% натрий хлор ертінідісі, 0.5% новокаин ерітіндісімен тазалап, 4% натрий цитраты ерітіндісімен немесе гепаринмен -1000 ед. 5 мл-ге натрий хлор ертінідісімен толтырады.

  6. Науқас демін тоқтатып тұрған мезгілде инені катетрдің канюлясынан ажыратып, оны стерильді бітеуішпен жабады.

7. Қолғапты шешіп Б тобындағы қорабшаға саламыз

Нәтижесін бағалау:ауырсыну жоқ, катетер өткізгіштігі жақсы, жақсы бекітілген, катетерді алганнан кейін жара тез жазылады.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы