Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба - 12.04.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

3.3 Ағымдағы активтер есепті­талдамалық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар

«Invest City» ЖШС­нің қаржылық жағдайы осы мекеменің белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Мекеменің қысқа мерзімді активтерін қолдану тиімділігін талдау және талдауының маңызын ашып көрсету және жетілдіру. Сол себепті қысқа мерзімді активтерді тиімді ұйымдастыру мекеменің барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Қысқа мерзімді активтерді қолдану тиімділігінің мәселелері және шешу жолдары бойынша ұсыныстарды келтіретін болсақ.

Көптеген кәсіпорындарда көп жылдар бойы пайдаланылып келген қондырғылар бардын қасы. Бірақ та, сол қондырғылар техникалық талаптарға сай келмей жатады. Сондай-ақ,қырық жылға жуық жөндеу көрмеген қондырғыларда бар. Қырық жылдар бойы жөндеу көрмеген қондырғының кез келген уақытта істен шығуы ғажап емес. Ал қондырғыны қайта сатып алуға біршама уақыт пен біраз көлемде қаражатта кетеді, себебі құрылыс саласында жақсы пайдаланылатын қондырғылар Астана қаласында немесе алыс жақын аудан, ауылдарда жоқтың қасы. Сол уақыт ішінде өндіріс те тоқтап қалады, ал өндіріс тоқтап қалды деген кәсіпорын шығынға ұшырайды. Осындай жағдайлар болмау үшін бақылап отыру керек. Осыдан шығатын ұсыныс: Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды, ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Мақсаты– жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі жоғары болады.

Екінші ұсыныс - қорлардың шектен тыс нормаларын қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.

Үшінші ұсыныс: кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қысқа мерзімді активтердің ақша қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі:

- активтердің түгелдігін бақылау үшін;

- кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;

- бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты [22].

Төртінші ұсыныс: мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясатын жетілдіру

Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіпорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым актитерін рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым активтерінің өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым активтерін басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады.

Бұған тексерулер мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын алдын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес.

Бесінші ұсыныс: тәжірибелі бухгалтерлерге қысқа мерзімді активтерді қолдану тиімділігі бойынша даярлау курстарын үкімет тарапынан ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субьектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық нарықта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүдделі [23].

«Invest City» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту үшін үлкен көлемді базалар мен ғимараттарды зерттеу үшін маркетингтік талдау жәнеде сұраныс пен ұсынысты қарастыру ,сондай-ақ жұмыстың оңтайлы диапазоны мен құрылымы орындалатын қызметтер әсер етеді.

«Invest City» ЖШС ең радикалды бағыттарының бірі болып, жұмыстар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы өндіріс табыстылығын үздіксіз жүргізу,оның құнын төмендетуге әсер ететін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану үшін ішкі резервтерді іздеу, қалдықтарды және шығындарды азайту болып табылады.

Негізгі назар аударатын мәселелер қатарына озық стандарттарды енгізу, ережелер мен ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу ,сонымен қатар тиімді есепке алу және ресурстарды пайдалануға бақылау жасау, экономиканың озық тәжрибесін зерттеу мен оны жүзеге асыру, материалдық ресурстарды үнемдеу жәнеде өндірістік емес шығындар мен ысыраптарды төмендету болып табылады, сондай -ақ моральдық ынталандыруды ұйымдастыру.

Сонымен қатар «Invest City» ЖШС-нің басшылығына оның материалдық және техникалық базасына ерекше назар аударып, қарызды жинау үшін төленуі тиіс төлемдерді толықтыруы тиіс.

Осы жылы дебиторлық қарызбен және мониторинг жүйесін жетілдіру мақсатында «Invest City» ЖШС-не келесі ұсыныстар қарастырылады:

  • дебиторлық қарызды басқарудың заманауи әдістерін қолдану : үмітсіз дебиторлық қарыздарды болжау,түгендеу мөлшерленген негізгі қаржылық коэффициенттер дебиторлық сәйкестендіру және жақындап қалған қарыздарды жабу;

  • болжанып отырған үмітсіз қарыздарды резервтермен сәйкестендіру ;

  • болашақтағы қаржы нәтижелері туралы ұсынылған жеңілдіктердің әсерін бағалау;

  • жұмыс істейтін қызметкерлерге сату және төлеу іс шаралар тиімділігіне байланысты сыйақы орнату;

  • дебиторлық қарызды басқару және түгендеу бойынша, сонымен қатар ақша мен қорларды басқару бойынша компьютерлік технологияларды кеңінен пайдалану.

Тоқсанның соңында жалпы дебиторлық болып табылатын шоттарды жүзее асыруға байланысты оның бір бөлігін бөлу арқылы өтелмеген сальдоны қарау. Әрі қарай ай сайын сату көлемінің көрнекті дебиторлық үлесі есептеледі.

Есептілік халықаралық стандарттарға сай болуы керек, өйткені сол арқылы кәсіпорын қызметкерлері қарылық көрсеткіштерді бағалауға, сондай-ақ сенімді қаржылық есептілік жасауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп деректерін тікелей толық автоматтандырылған болуы тиіс , бұл қорларды сақтауға жәнеде жедел есепке алу процесін ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді.

Сондай-ақ компьютерлер мен озық түрдегі машиналады пайдалану осы процестерге көптеген септігін тигізеді.

«Invest City» ЖШС-не қысқа мерзімді активтерді талдау нәтижелері бойынша келесі ұсыныстарды беруге болады :

  • кредиторлық және дебиторлық қарыздарды бақылауға (дебиторлық ол айтарлықтай артық компанияның қаржылық тұрақтылығы үшін қатер төндіреді, қаржыландырудың қосымша көздерін тартуға төленуге дамуды реттеуге қажет етеді);

  • өтеу мерзімі бойынша төлемдер күйін бақылауға (инфляция тұрғысынан, төлеуі әрбір кідірісті ұйымдастыру іс жүзінде орындалған жұмыстар құнының бір бөлігі ғана алады, бұл шын мәнінде әкеледі) аванстық төлемдер жүйесін кеңейту;

  • жарамсыз дебиторлық қарыздарды уақтылы анықтау;

  • белсенді түрде кәсіпорынның қаржысын жоспарлау және болжауға мүмкіндік беру.

Осылайша, қысқа мерзімді активтердің бухгалтерлік есеп және аудиторлық тексеруді жақсартуға тәжірибе жүзінде «Invest City» ЖШС-не шаралар қолдану, есепке алу дәлдігін және сенімділігін қамтамасыз ету және қысқа мерзімді активтер айналымын, сондай-ақ қаржы тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Жалпы алғанда, қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметін жүзеге асыру үшін басты көрсеткіштердің бірі ақша қаражаттары, ал бұл дегеніміз қысқы мерзімді активтердің құрамындағы ең басты элементті құрайды. Қазіргі бәсекелестік талаптарға сай болу үшін өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады десек қателеспейміз.

Біздің бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процесін ары қарай дамыту үшін кәсіпорынның ағымдағы активтердің басты көрсеткіші ақша қаражаттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленті дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.

Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тьиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне де, сонымен қатар сыртқы жағдайларға да, оның ішіндегі маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Дипломдық жоба «Invest City» ЖШС­нің мәліметтері негізінде жазылды.

Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде «Invest City» ЖШС­нің қызметіне жалпы сипаттама берілген. Бұл кәсіпорын жалпы құрылыс монтаждық жәнеде тұрғын үй құрылысымен және т.б. қызметтерді көрсетеді. Осы бөлімде кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргіздік. Талдаудың мәліметтеріне сүйенетін болсақ кәсіпорынның қаржылық қызметі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жоғарылаған.

Екінші бөлімінде « nvest City» ЖШС­нің ағымдағы активтерінің есебін жүргіздік. Яғни, нақтырақ тоқталсақ оның құрамындағы ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздар және қорлар есебіне тоқталдық, шоттар корреспонденцияларын құрдық. Ағымдағы активтердің негізгі көрсеткіші ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы, яғни касса операциялары мен банктік ағымдағы шоттардағы оның орналасуы,қорлардың жіктелуі, оның өзіндік құнын есептеудің әдістері, дебиторлық қарыздар есебі туралы мәліметтер келтірілген. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шартының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәләндырылады

Ал, үшінші бөлімнің негізі ретінде жалпы аудиттің мазмұны, сипаты мен мақсаты және де ағымдағы активтердің аудитін жүргізудің әдістемесі алынып отыр. Нарықтың ағымына көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады.

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бірі жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады, мұнда есептің ақпаратты-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік-технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын тала етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысанданбаған тәсілдерін қолдану ептілігін ұйғарады. Функционалды аудитті жоспарлау мен ұйымдастыруда әрбір нақты кәсіпорынның өндірістік, жабдықтаушылық және қаржылық-өткізушілік іс-қызметінің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Тексерулердің көлемі, тақырыбы, бағдарламасы, әдістемесі мен техникасы өндірістің, жабдықтаудың, өткізудің, қаржының, есептің ішкі шаруашылық бақылаудың, нарықтың жағдайы, активтерді, міндеттеме мен капиталды басқарудың тиімділігіне ықпал ететін факторлардың шын мәнісіндегі жағдайына байланысты өзгеруі мен толықтырылуы ықтимал.

Қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттің экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Қысқа мерзімді активтер шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екендігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді талдауына байланысты болады. Егер мемлекетте көп табысы бар шаруашылық субъектілердің саны жылдан жылға өсіп тұрса, бұдан олардың иелері де, қызметкерлері де, жалпы алғанда, тұтастай қоғам да тек ұтатыны баршаға белгілі. Міне, осыдан келе ең алдымен, кез келген кәсіпорын өз қаржылық есебін жүргізсе, әрі қарай тиімді қызмет атқару үшін қысқа мерзімді активтерді дұрыс, ұтымды түрде пайдалана алуы керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Әлиев М.Қ., Алтынбеков М.А., Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Астана, 2015. – 252б

  2. Алибекова Б. А. "Бухгалтерлік есеп қағидалары:Оқулық"-Астана: "Сарыарқа" Баспасы, 2012. - 264 б.

  3. Құрайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері – Алматы: 2011. – 255 б.

  4.  Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.- Алматы, 2009.- 428 б.

  5. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жайлы» Қазақстан Республикасының Заңы- 28 ақпан 2007ж. № 234-Ш (өзгертулер мен толықтырулар 28.12.2016 жылға жағдайы.) // www. adilet.zan (жүгінген күні: 20.01.2017 ж.)

  6. Мырзалиев Б.С. және т.б. Бухгалтерлік есепті жүргізудін қазіргі әдістері. Практикум.- Алматы.: Юридическая лмитератур, 2009.- 832 бет.

  7. «Invest City» ЖШС­нің есеп Жарғысы

  8. «Invest City» ЖШС­нің Есеп саясаты

  9. 2014-2016жылдар аралығының «Invest City» ЖШС­нің қаржылық есептілігі

  10. Проскурина В.П. Бухгалтерлік есеп «басынан бастап» балансқа дейін (көмекші құрал) – Аударған М.Қ.Акишев.- Алматы; ЖШС «LEM баспасы», 2011.- 374 б.

  11. Проскурина В.П. Бухгалтерлік провокалар. Аударған М.Қ.Акишев.- Алматы; ЖШС «LEM баспасы», 2011.- 292 бет.

  12. Садиева А.С., Жуматов М.К., Тлеуова Э.М., Акимова Б.Ж., «Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» Астана: Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы АҚ, 2011.- 393 б.

  13. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2- кітап. – Алматы, 2011. – 506 б.

  14. Толпаков Ж.С., «Бухгалтерлік есеп» Қарағанды: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009.- 568 б.

  15. Абленов Д.О., Әбле Д.Д., Смағұлова Д.Д., Абленова А.Д. Қаржылық бақылау, ревизия және аудит: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2014.– 560 б.

  16. Шарипов А.Қ. Аудит: Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2010-288 б.

  17. Абленов Д.О., Смағұлова Д.Д., Абленова А.О. Аудит – Алматы: Экономика, 2013.- 496 б.

  18. Байдаков Кешенді экономикалық талдау. Оқу құралы – Астана: С.Сейфуллина атындағы ҚАТУ, 2014 – 290б.

  19. Утибаев Б.С. Қаржылық талдау. Оқу құралы – Астана: ҚазЭҚХСУ, 2009. -220б.

  20. Исмаилова А.С., Байдақов А.Қ. Қаржылық және басқару талдауы. – Астана, 2009. – 164 б.

  21. Асқарова Ж.А. Бизнисті бағалау. Оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті., 2008.- 194 б.

  22. Қысқа мерзімді активтердің есебін жетілдіру // www. stud24.ru (жүгінген күні: 24.03.2017 ж.)

  23. Ағымдағы активтердің есебін жетілдіру // www. esep.kz (жүгінген күні: 24.03.2017 ж.)