- •Паренхималық дистрофия
- •Белоктық паренхималық дистрофиялар
- •Бүйректің иірімді өзекшелер эпителиінің гиалинді-тамшылы дистрофиясы (г.-эоз. Бояуы)
- •Буйректің иірімді өзекшелер эпителиінің түйіршікті дистрофиясы (гематоксилин-эозин бояуы).
- •Майлы паренхималық дистрофия (липидоздар)
- •Бауырдың майлы дистрофиясы (гематоксилин-эозин бояуы).
- •Көмірсу алмасуының бұзылуы (көмірсулы паренхималық дистрофия)
- •Гепатоциттерге цитоплазмалық май қосындысы
- •Миокардтың майлы дистрофиясы Бауырдың майлы дистрофиясы
- •Жүрек семіруі (жолбарыс жүрегі)
- •Миокардтың көмірсулы дистрофиясы
- •Коллоиты зоб Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий
Майлы паренхималық дистрофия (липидоздар)
Майлы паренхималық дистрофия деп клетка цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін, кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың (мысалы, Гоше, Ниман-Пик липидоздарында) жиналып қалуын түсінеміз. Клеткада майдың пайда болуы: клеткадағы май-белок кешендерінің ыдырап, майдың көрініп қалуына (фанероз, декомпозиция), қанда май мөлшерінің көбейіп кетуіне (инфильтрация) және майдың көмірсулар мен белоктар есебінен шамадан тыс түзілуіне байланысты. Майлы дистрофия көбінесе жүректе, бауырда, бүйректе кездеседі. Май жиналу үдерісі клетканың жойылуына соқтырады. Бауырдың майлы циррозының дамуының негізінде осы механизм жатыр.
Бауыр май алмасу үдерісіне тікелей қатысатын ағза болғандықтан,бұл жерде гистохимиялық реакциялар арқылы әрдайым май тамшыларын табуға болады. Сондықтан,бауырдың майлы дистрофиясы дегенде біз осы жердегі май мөлшерінің әдеттегіден көбейіп кетуін немесе химиялық құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Бастапқы кезде гепатоциттерде май өте ұсақ аз мөлшерде жинақталады. Майлану процесі ең жоғары деңгейге жеткенде бауырдың сыртқы көрінісі өзгереді(көлемі үлкейіп, түсі сарғыштанып,жұмсарады).Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың тек ¼ бөлігі ғана бейтарап майларға жаста, майлы дистрофияда оның бәрі дерлік бейтарап майдан тұрады. Жасуша ішіндегі 3-глициридтер бауырдан шығып кетуі үшін апапротеин молекуласымен қосылып,липопротеин түзеді. Бауыр жасушаларында әуелі майда тамшылар пайда болады.(майда тамшылы семіру),кейінірек олар бір-біріне қосылып ірі тамшылар түзеді.(Ірі тамшылы семіру)бауыр май дистрофиясы нәтижемінде үлкейіп божырап,қамырдай жұмсарып қалады.Түсі қоңыр-сарғыш немесе сары. Бауырдың майлы дистрофиясы улы заттар әсерінде,аллкоголизмде,қантты диабетте, семіздікте, белоктық заттардың жетіспеушілігіне байланысты дамиды. Алкоголизмде майдың «май қорларының» шығуы күшейеді, гипатоциттерде май қышқылдарының синтезі артады, олардың тотықтану мөлшері төмендейді, сонымен қатар липопротеидтерсинтезі азаяды, осы өзгерістер нәтижесінде май бауыр жасушаларында жиналады.
Қантты диабетте, инсулин гормонының тапшылығына байланысты май қорларынан майдың қанға өтуі (липолиз) күшейіп, гиперлипидемия дамиды. Себебі, инсулин осы үдеріске қарсы әрекет етуші (липолизге қарсы) гормондар қатарына кіреді. Сонымен қатар фосфолипидтердің синтезі және май қышқылдарының тотығуы да бұзылады. Жалпы семіру кезіндегі майлы дистрофия қанда май мөлшерінің өте көбейіп кетуіне байланысты инфильтрация есебінен дамиды. Зат алмасуының бұзылуына байланысты, белоктардың липотроптық факторларының жетіспеушілігі нәтижесінде фосфолипидтер мен липопротеидтердің түзілуі бұзылып, бауырда көп мөлшерде бейтарап майлар жиналады.
Бауырдың майлы дистрофиясы (гематоксилин-эозин бояуы).
1
