Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_otvety-KhTNV2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
900 Кб
Скачать
☆

2. Фосфорқұрамды тыңайтқыштар. Табиғи фосфаттар және фосфорит ұны. Апатитті және фосфоритті кендердің минералогиялық құрамы.

Фосфор – литофильдік элемент, оның негізгі минералдары – фосфорит Са3(РО4)2 және апатит 3Са3(РО4)2 . СаF2. Фосфор ауыл шаруашылығында және табиғатта үлкен роль атқарады. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және жинау нәтижесінде топырақтағы фосфордың мөлшері азаяды. Дәннің 100 кг-да 1 кг фосфор қышқылы болады. Топырақтағы фосфордың мөлшері нормада болу үшін 100 кг топыраққа тыңайткыштармен бірге 0,1-0,2 кг фосфор қышқылын енгізу керек. Фосфор бірнеше аллотропиялық түрде болады, олар бір-бірінен молекулалық кұрылымы, физикалық қасиеттері және түсі бойынша ерекшелінеді. Ақ фосфордың (α-модификациясы) үлкен маңызы бар, ол түссіз, қатты, химиялық өте белсенді зат. Тығыздығы 1,8 г/см3, қайнау температурасы 281 °С, балқу температурасы 44,1 °С. Сұйық және бу күйінде 800 °С төмен фосфор төртатомды (Р4). Бұл температурадан жоғары ол екі атомды фосфорға (Р2) ыдырайды. Ақ фосфор өте улы, ерекше исі бар, қараңғыда жарықталады. Суда іс жүзінде ерімейді. Күкіртті көміртегінде, бензолда, толуолда және басқаларында жақсы ериді. Жарықтың әсерінен ақ фосфор сары-қоңыр түске боялады, сондықтан техникада оны сары фосфор деп атайды. Ауада ол тез тотығады және өздігінен жануы мүмкін, сондықтан оны судың астында сақтайды. Ақ фосфор 270-300 °С-қа дейін қыздырғанда қызыл фосфорға ауысады, жарық пен әртүрлі катализатор әсерінен (йод, селен сияқты) бұл ауысу тез жүреді. Қызыл фосфордың тығыздығы 2,1-2,2 г/см3, ауада жанбайды, у емес, күкіртті көмірде, бензол, толуол және басқаларында ерімейді. Қыздырғанда ол буға айналады, булары ақ фосфордың буларға сәйкес, олар конденсациялағанда ақ фосфорға айналады. Қызыл фосфордың белсенділігі төмен, бірақ-та күшті тотықтырғыштары, бертолет тұзы сияқты, соққан немесе қажаған кезінде онымен реакцияласады. Бұл реагенттердің қоспасы қауіпсіз сіріңке дайындауда пайдаланылады. Сіріңкенің ұшы КClO3, К2Сr2О7, шыны және желім қоспасынан тұрады. Сіріңкенің қорабына қызыл фосфордың Sb2S3-пен желім қоспасын жағады. Жоғары температуралар және қысымда қара фосфор түзіледі, оның тығыздығы 2,7 г/см3 және тұтану температурасы 500 °С. Қара фосфор электрөкізгішке ие. Фосфордың барлық модификациялары 800 °С температурада будағы Р2 молекулаларын түзе отырып ыдырайды.

Фосфор жану кезінде фосфор ангидридін Р2О5 түзе отырады. Әдеттегі температурада бұл ақ кристалдық, ылғалды сіңіретін (гигроскопиялық) және газдарды кептіретін ең күшті кептіргіш зат болып табылады. 359 °С буланып кетеді, оның буы қосарланған молекулалардан Р4О10 тұрады. Гидратация кезінде тізбектеліп, фосфор қышкылдарының қатары түзіледі: алдымен фосфор ангидриді тетраметафосфор қышқылына Н4Р4О12 айналады, содан кейін тетраполифосфор қышқылына Н6Р4О13, соңғысы гидратталғанда ортофосфор Н3РО4 және үшполифосфор Н5Р3О10 қышқылдарының қоспасын түзе отырады. Кейінгі гидратациялау барысында үшполифосфор қышқылы Н3РО4 бөліп, пирофосфор қышқылына Н4Р2О7 айналады, ал ол су молекуласын қосып, ортофосфор қышқылға ауысады. Ортофосфор қышқылының техникада үлкен маңызы бар, оны әдетте фосфор қышқылы деп атайды. Бұл түссіз, гигроскопиялық кристаллдары, 42,3 °С температурада балқиды. Сатылатын фосфор қышқылының концентрациясы 90 %-ға тең. Концентрленген ерітінділері қою сироп тәрізді. Сулы ерітінділерде фосфор қышқылы ионданады. Ионизациялау константалары:

1) Н3РО4 = Н+ + Н2РО4- К25о = 8,3 . 10-3

2) Н2РО4- = Н+ + НРО4-2 К18о = 8 . 10-7

3) НРО4-2 = Н+ + РО43- К18о = 2 . 10-12

Фосфор қышқылы тұздардың үш қатарын: металдардың моно-, ди- және үшполифосфаттарын түзеді. Натрий фосфаттары суда жақсы ериді. Ең жоғары ерігіштігіне моно-, ал төмен ерігіштігіне – натрийдың үшфосфаты ие. Кальций фосфор қышқылымен төменде көрсетілген тұздарды түзе отырады:

монокальцийфосфат сулы Са(Н2РО4)2 Н2О

сусыз Са(Н2РО4)2

дикальцийфосфат сулы СаНРО4 . 2Н2О

сусыз СаНРО4

үшкальцийфосфат сулы Са3(РО4)2 Н2О

сусыз Са3(РО4)2

Сумен әрекеттескенде кальций фосфаттары бос фосфор қышқылға және ең негіздік фосфаттарға ыдырайды:

Са(Н2РО4)2 Н2О + аq = СаНРО4 + Н3РО4 + аq,

3(СаНРО4 2Н2О) + аq = Са3(РО4)2 . 2Н2О + Н3РО4 + аq.

Ыдырау дәрежесі тұз бен судың салыстырмалы мөлшеріне тәуелді. Сондықтан кальций фосфаттарының ерігіштігі туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Берілген температурада кальций фосфатының белгілі бір мөлшерін ерітіндіге айналдыруға қажет судың мөлшері қана тұрақты болады. Сусыз ортофосфор қышқылының құрамында 72,4 % Р2О5 болады. Ол термиялық дегидратациялау кезінде немесе фосфор ангидридімен әрекеттескенде күшті фосфор қышқылын түзе отырады. Оның құрамында 72,4 % астам Р2О5 бар және ол әртүрлі: орто-, пиро-, үшполи-, тетраполи- және метафосфор қышқылдардың қоспасынан тұрады. Осы тұздардың сулы ерітінділері (ортофосфор қышқылдарына қарағанда Р2О5 көп мөлшерде болады), қышқылдар да сияқты, полианионды агрегаттардан тұрады. Бұл тұздар полимерлі немесе конденсацияланған фосфаттары деп аталады. Оларға жататындар: метафосфаттар, полифосфаттар және олардың күрделі комбинациялары.

Натрийдің метафосфаттарын (NаРО3)n мононатрийфосфатты (NаН2РО4) термиялық сусыздандыру кезінде алады. Натрийдің полифосфаттары – (NаРО3)n . Na2O немесе (NаРО3)n . H2О жалпы формуласымен қосылыстары.

Қолданылу. Сары фосфорды қорғаныс ісінде түтін түзуші және жанғыш зат ретінде пайдаланады. Техникалық өнімнің құрамында 99,5 %-дан кем емес фосфор, 0,2 %-дан артық емес күкірт және 0,5 %-дан артық емес күкіртті көміртек қалдығы болуы тиіс. Сары фосфор үшін ыдыс ретінде болаттан жасалған баллондары мен бөшкелері қолданылады, оны балқытылған күйінде құяды. Қызыл фосфор сіріңке өнеркәсібінде қолданылады. Фосфор қышқылы тыңайтқыш болып келетін фосфорқышқылды тұздарды: аммоний және калий фосфаттары, преципитат өндіру үшін жұмсалады. Мета-, полифосфаттар, сонымен бірге суды жұмсартуға пайдаланылатын және қазанның қағына қарсы күресу үшін қолданылатын ортофосфаттар: үшнатрийфосфат және динатрийфосфаттардың үлкен маңызы бар. Марганец, темір фосфаттары металдарды коррозиядан қорғау үшін фосфаттау қолданылады.

Фосфаттардың ең ірі қолданушысы - ауыл шаруашылығы. Біздің республикамыздың ауылшаруашылығының әртүрлі тыңайтқыштардағы қажеті жылына 1,7 млн. құрайды (есеп бойынша 3 млн т жылына - қос суперфосфат, 300 мың т аммиак селитрасы, 180 мың т -нитрофос, қалғандары – аммофос және басқа минералдық туктер. Фосфор тыңайтқыштары өндірісінің негізгі үрдістері болып табылатындар:

1) қышқылдық - табиғи фосфаттарды минералдық қышқылдармен ыдырату,

2) жоғары температуралардағы термиялық үрдістер. Мысалы, сілтілік қосылыстарды – поташ, сода, табиғи сілтілік силикаттарды енгізу арқылы термофосфаттарды немесе қара металлургияның жанама өнімдерің – фосфат-шлактарды алады,

3) электротермиялық-элементтік фосфор өндірісі: фосфаттарды тотықсыздандырады, кейін оны фосфор қышқылы не ангидридке тотықтырып және фосфорлы қосылыстарды алады,

4) фосфориттерді өте ұсақтап, фосфорит ұны түрінде шығарады, ал оны қышқыл топыраққа енгізу үшін пайдаланады.

Концентрлі фосфорлы тыңайтқыштарды алудың технологиялық үрдістері фосфор қышқылын, ең бастысы экстракциялық фосфор қышқылын өңдеуге негізделген. Термиялық қышқыл, өте таза болғандықтан, негізінде, жем фосфаттарын алу үшін қолданылады. Фосфор тыңайтқыштарындағы ғылыми-техникалық прогресс – күрделі тыңайтқьштардың (қос және үш), құрамында N + Р2О5 және N + Р2О5 + К2О бар өндірісін дамыту. Сұйық фосфорлы комплексті тыңайтқыштардың ассортименті бертіндеп кеңейді.

Фосфордың барлық қосылыстарының ішінде көп мөлшерде дайындалатын және қолданылатын суперфосфат, оның басты компоненті – монокальцийфосфат Са(Н2РО4)2 . Н2О. Фосфордың 60-75% кальций монофосфаты күйінде, 25-30% бос фосфор қышқылы күйінде және бірнеше процент ди- мен үш кальцийфосфат және темір, алюминий фосфаттары формасында болады. Суперфосфаттың сапасы өсімдіктер сіңіре алатын құрамындағы Р2О5-нің формасына қарап бағаланады (яғни суда және цитратты еритіндердің қосындысы бойынша).

Мемлекеттік стандарттармен бірнеше сорттары шығарылады. Апатит концентратынан суперфосфаттың ең жоғарғы сорты құрамында 19,5%-тен кем емес сіңірілетін Р2О5 бар және 18,7%-тен кем емес сіңірілетін Р2О5 бар бірінші сорты дайындалады.

Апатит концентратының фосфорит ұнымен қосындысынан құрамында сіңірілетін Р2О5 15,7%-тен кем болмайтын суперфосфат шығарылады. Қаратау фосфоритінен сіңірілетін Р2О5-тің мөлшері 14%-тен кем болмайтын суперфосфат дайындалады. Суперфосфаттағы ылғалдық 15%-тен аспауы қажет (жоғары сортында - 12% ). Суперфосфатты ұнтақталған әкпен, бормен немесе доломитпен араластырғанда нейтралданған суперфосфат алынады. Оның құрамындағы сіңірілетін Р2О5 1,8%-тен кем болмау керек және бос қышқылдық 1,5%-тең, ылғалдылық 13,5%-тен артық болмауы қажет. Түйіршіктелген суперфосфатта МЕСТ-қа сәйкес құрамында 19,5% кем емес Р2О5 және 1-2,5%-тен кем болмайтын бос қышқыл болуы керек. Түйіршіктер жеткілікті түрде механикалық мықты болуы тиіс. Түйіршіктердің мөлшері 4-10 мм – 5%, 2-4 мм – 74%-тен кем болмауы қажет, 1-2 мм 20%-тен аспауы және 1 мм – ден кем 1%-тен аспауы қажет. Сиымдылығы 35-50 кг-дық битумделген қағаз мешоктар суперфосфатты сақтайтын ыдыс ретінде қолданылады.

Екінші маңызды тыңайтқыш болып преципитат немесе екі сулы дикальцийфосфат СаНРО4 . 2Н2О болады. МЕСТ бойынша екі сорты: бірінші сортында 31%-тен кем емес, 2 сортында – 27%-тен кем емес цитратты еритін Р2О5 болуы керек. Ылғалдылық 10%-тен аспауы қажет. Өнім 2 мм-лік елегіш көзінен өтуі керек, қалатын қаддық 1,5%-тен аспауы қажет. Кальций фосфаттары жем ретінде де қолданылады. Ірі мүйізді малға қосымша тамақ есебінде жемдік фосфаттар, зиянды қосылыс болып есептелетін құрамында аздаған мөлшерде фторы бар — жемдік преципитат және үшкальцийфосфат қолданылады. Қазақ малшаруашылық институтының зерттеу жұмыстары сиырға тәулігіне 100-300 г жемдік фосфат жегізу арқылы оларға берілетін жемдегі фосфордың жетіспейтін мөлшерін толықтыратынын және сүттің құрамындағы майды, кальцийді, фосфорды көбейтіп, сапасына оң әсер ететіндігін көрсетті.

Фосфор қосылыстары өндірісіне табиғи фосфаттар: апатиттер мен фосфориттер бастапқы шикізат болады.

Апатиттер деп жалпы Са10F(РО4)6 немесе қысқартылып Са5R(РО4)3, берілетін формаға сәйкес құрамды минералдарды атайды, мұндағы R — F, Сl, (ОН) немесе СО3. Фторапатиттері Са10F2(РО4)6, гидроксил апатиттері таралған, хлорапатитгері сирек таралған. Апатиттердің ең ірі шығатын жері Ресейдің жерінде, Кола түбегінде (Хибинде). Хибин апатит рудасында фторапатит және басқа да минералдар - нефелин, титано-магнетит, сфен, эгирин және басқалар бар. Бұл жыныс флотациялық байытылады, өйткені 15-20% нефелин құрайды, нәтижесінде, апатит концентратын және нефелиннің қалдығын (хвосты) алады. Таза апатитте 42% Р2О5 болады, МЕСТ-қа сәйкес, апатит концентратының құрғақ затында Р2О5 39,4% -тен кем емес және ылғал 1%-тен артпауы тиіс, 0,15 мм-лік көзі бар елегіштен өткізгенде, қалатын қалдық 14%-тен аспауы қажет. Апатит концентратындағы жартылай тотықтардың R2О3 шамасы, әдетте 2%-тен аз болады.

Фосфориттер деп тұнбалы жыныстарды атайды, теңіз суынан кальций фосфаттарының онымен бірге кварцтың SiO2, кальциттің СаСО3, доломиттің СаСО3 . МgСО3, алюмосиликаттың дәндері, топырақтың бөлшектері және т.б. басқалардың тұнбаға түсуінің нәтижесінде түзіледі. Кальций фосфаты фосфориттің құрамына фторапатиттің ұсақ дәндері түрінде кіреді. Алюминий мен темірдің көп болуы фосфориттерді тыңайтқышқа өңдеуді қиындатады және оның сапасын төмендетеді. Фториттер жер қыртысында пласт түрінде және бөлек тастар – желвак (томпақ тастар) сұры қоныр және қара түсті кездеседі. Пласталы фосфоритгердің құрамында 26-36% Р2О5 және 2-3% R2О3 бар. Желвакты фосфориттердің сапасы нашар: 12-29% Р2О5 және 5-15% R2О3. Фосфориттердің орташа химиялық құрамы (%) 1 кестеде келтірілген.

1 кесте Шығу жеріне байланысты кейбір фосфориттердің орташа химиялық құрамы

Фосфориттер

Р2O5

(А1, Fе)2O3

СО2

F

Апатит концентраты

Ақтөбенің жуылған фосфориті

-//-//

Қаратаудың байытылған фосфориті

39,4

17,5-19,1 25,0-25,8

25,9-28,8

0,7-2,1

2,5-3,5

2,4-3,0

1,9-2,8

-

3,6-4,2 4,5-5,0 5,0-10,0

2,8-3,2

2,4-2,6

2,9-3,2

1,8-2,8

Апатит концентраты қазіргі кезде фосфор тыңайтқышы өндірісінде негізгі шикізат болып табылады. Қышқылдық жолмен өңдеу арқылы тыңайтқыш алу үшін Қаратау фосфориттерін пайдаланады. Қаратау (оңтүстік Қазақстан) дүниедегі ең ірі фосфорит кен орны пласталары көптеген шақырымға созылған, биіктігі 10 м-ден асады. Фосфориттердің көптеген қоры Ақтөбе мен Қазалыда орналасқан. Ақтөбенің химкомбинаты жай суперфосфат пен броммагнийлік тыңайтқыштарды, ал бұрынғы Жамбыл суперфосфат зауыты жай суперфосфат, аммофос, аммонийланған суперфосфат, жем фосфат және азот тыңайтқыштарын шығарады, кейін аммонийланған түйіршіктелген суперфосфат шығарыла бастады. Фосфоритердің басқа түрлерінен фосфорит ұнын дайындайды, оны ең бастысы тыңайтқыш ретінде, кейде химиялык өңдеу үшін пайдаланылады.

Фосфорит ұны өте арзан, бірақ аз тиімді тыңайтқыш, өйткені ондағы Р2О5 үшкальций фосфат түрінде болады (қиын шығарылатын түрі). Фосфорит ұнының үш сорты шығарылады: ең жоғарғы (флотациялық концентрат) құрғақ заттағы Р2О5-тің мөлшері 25 % астам, I сорт – 22 % Р2О5, 2 сорт – 19 % Р2О5. Құрамындағы ылғал 3 %-тен аспауы керек. 0,18 мм-лік елек көзінен өткізгендегі қалатын қалдық 20 %-тен аспайтындай дәрежеде ұсақталуы тиіс. Фосфорит ұнының өндірісі руданың үлкен өзектерін бетті ұсақтағыштарда алдын ала ірлеп ұсақтаудан, материалдың ылғалдылығын 10-15%-тен 2%-ке дейін төмендету үшін айналмалы барабанды кептіргіште түтін газдарымен (550-750 °С) кептіруден, кейін орташа ұсақтаумен және ұнтақтаудан тұрады. Орташа ұсақтау беті конусты немесе валды ұсақтағыштарда жүргізіледі. Ұнтақтап ұсақтау үшін шар немесе дөңгелек тәрізді диірмендер қолданылады. Ұсақталған материалдарды, қайтадан ұсақтауға жіберілетін, ірілеу бөлшектерден бөлу ауалы сепаратор арқылы жүргізіледі. 1 суретте өндіріс нобайы көрсетілген.

1 - руда тиелген вагон, 2 - рудаға арналған қойма, 3 - грейфер, 4 - кептіргіш барабанның бункері, 5 - қоректендіруші, 6 - кептіргіш барабанның желдеткіші, 7 – циклон, 8 - кептіргіш барабан, 9 - от жағатын жер, 10 - транспортер (ұнды кептіргіш барабанынан тарту бөліміне беру үшін тасымалдаушы), 11 - руданы магнитті сепаратор және тарсылдатқышқа беру үшін элеватор, 12 - тарсылдатқышпен құмды бөлу үшін магнитті сепаратор, 13, 15, 21 - ағындар, 14 - құм үшін вагонетка, 16 - орташа ұсақтайтын ұсақтағыш бункері, 17 - орташа ұсақтайтын ұсақтағыш, 19 - дөңгелек диірменннің элеваторы, 20 – тегіс иілген тарсылдатқыш, 22 - дайын өнімге арналған шнек, 23 - ауалы сепаратор, 24 - бункер, 25 - дөңгелек диірмен, 26 және 27 - ұнды силосқа беру үшін тасымалдағыш, 28 - тастаушы арба, 29 -ұнға арналған силостар, 30, 31, 32 және 33 - ұнды вагондаға тиеу үшін арналған пневматикалық қондырғы, 34 – темір жол вагоны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]