Сарғыштық синдромы (13)
! Созылмалы вирусты гепатитіпен ауыратын 42 жастағы ер адамда келесі өзгерістер анықталған: билирубин - 35 мкмоль/л, тимол сынамасы - 8 бірл., АЛТ - 1,2 мкмоль/л, АСТ - 0,9 мкмоль/л. Серологиялық зерттеуде оң анти-Hbs пен анти-HBc IgG; HBV–ДНК, HBeAg және теріс HBcAbIgM.
Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?
* прокинетиктерді
* вирусқа қарсы терапияны
* гепатопротекторларды
* В, К тобының витаминдерін
*+ интерферон индукторларын
! 64 жастағы әйел алты айда 6 кг салмақ жоғалту, үдемелі әлсіздік пен кезеңді мұрнынан қан кетуді байқаған. Соңғы екі күнде нәжісі қара түсті болған. Тері жабындылары боз, эпигастрии аймағында ауырсынады, бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, көк бауыры 3 см төмен.
Қан кету көзінің болуы БАРЫНША мүмкін?
* тік ішек
* ащы ішек
* тоқ ішек
* он екі елі ішек
*+варикозды кеңейген өңеш веналар
! 68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті* Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған* Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л.
Төменде аталған диагноздың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
* бауырдың циррозы, компенсация сатысы
* бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
* бауырдың екіншілік билиарлы циррозы
* созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі
*+бауыр циррозы, декомпенсация. қақпалық гипертензия.
! Әйел 35 жаста. Үй жинағанда құрамында хлоры бар деззаттарды қолданған соң әлсіздік және өз-өзін жағымсыз сезінді. Об-ті: Курлов бойынша бауыр өлшемі – 11-9-7 см.Биохимия: глюкоза – 5,2 ммоль/л, Холестерин - 3,95 ммоль/л, АЛТ – 268 МЕ/мл, АСТ -195 МЕ/мл, жалпы билирубин – 42 мкмоль/л, тікелей – 38 мкмоль/л, ГГТП -52 МЕ/л, СФ – 156 МЕ/л. HBsAg - теріс, a-HBs - теріс, a-HBcore IgM - теріс, a-HBVcore IgG- теріс, HBe Ag - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - оң, anti-HCV IgG -оң, anti-HDV – теріс. АНА – оң, РФ – оң, AMA – теріс.
Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
* Гемохроматоз
* Вильсон ауруы
* Аутоиммунды гепатит
* Жедел вирусты гепатит E
*+Созылмалы вирусты гепатит C
! 37 жасар ер адам, тері түсі бронза тәріздес, гепатоспленомегалия, білек-саусақ буындарының артриті. Биохимия: билирубин – 24,6 мкмоль/л, тікелей емес – 18 мкмоль/л, АСТ – 3,14 ммоль/л, АЛТ –1,89 ммоль/л. Сарысулық темір – 56 мкмоль/л (N – 10-30), ОЖСС 25 мкмоль/л (N – 40-75), сарысу ферритині 540 мкмоль/л (N – 10-300), трансферритин қанығуы 52%. HBsAg – теріс, a-HCV - теріс; a-HBs – оң , a-HBcoreIgM - теріс, a-HBVcoreIgG- оң, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG - теріс, anti-HDV – теріс.
Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*+Гемохроматоз
* Вильсон ауруы
* Аутоиммунды гепатит
* Созылмалы вируснтыгепатит В
* Созылмалы вируснты гепатит С
! 50 жастағы әйел адам әлсіздік, шаршағыштық және терісінің қышуын байқаған. Соңғы 6 айда жүрекше фибрилляциясына байланысты амиодарон қабылдаған. АнамнезіндеЖИА, стенокардия, АГ 2 сат., қф 4. АПФ ингибиторларын, бета-блокаторлар. Субиктерлік, қасынған іздер. Биохимия: глюкоза – 6,4 ммоль/л, Холестерин - 7,95 ммоль/л, АЛТ – 28 МЕ/мл, АСТ - 15 МЕ/мл, жалпы билирубин – 84 мкмоль/л, тікелей – 78 мкмоль/л, ГГТП -152 МЕ/л, СФ – 680 МЕ/л.. HBsAg – теріс, a-HCV - теріс; a-HBs – оң, a-HBcore IgM - теріс, a-HBVcore IgG- оң, HBe Ag - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG - теріс, anti-HDV – теріс.
Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
* Жильбер синдромы
* Алкогольды гепатит
*+Дәрілік гепатит
* Жедел вирусты гепатит A
* Созылмалы вирусты гепатит B
! Әйел адам 27 жаста оральды контрацептивтерді қабылдау фонында терісінің қышуы пайда болған. Жүктіліктің үшінші триместрінде қышу мазалаған. ЖҚА: Эр. 4,3х1012/л, Гем – 121г/л, Л- 7,3х109/л, Тромбоциттер – 179х109/л, ЭТЖ – 12 мм/ч. ПТИ – 96%, Биохимия: АЛТ – 24 МЕ/л, АСТ – 18 МЕ/л, Билирубин – 30,5 мкмоль/л, тікелей – 9,5 мкмоль/л, СФ – 640 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 35 ед/л (норма<32 ед/л), несеп қышқылы – 262 мкмоль/л, креатинин – 67 мкмоль/л. Қай диагноздың сәйкес келу мүмкіндігі жоғары?
Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
* Бауырға метастаз
*+Жүктілер холестазы
* Склероздаушы холангит
* Біріншілік билиарлы цирроз
* Ұйқы без басының қатерлі ісігі
! 44 жастағы ер адам жедел ауырды – жүрек айну, құсу, сарғыштық. АЛТ – 540 МЕ/мл, АСТ 310 МЕ/мл, билирубин – 54 мкмоль/л. Ауруын артық тамақтанумен байланыстырады. Анамнезінен – 6 ай бұрын холецистэктомияға байланысты операция өткерген. Anti-HAV – Ig M - оң.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
* Мыстың зәрмен экскрециясы
* Церулоплазминнің деңгейі
*+ гепатит В, С, D маркерлері
* Темір және ферритиннің деңгейі
* А және Е жедел гепатитінің маркерлары
! Терісі күңгірт түсті 21 жасар ер адам қолының майда буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті – бауыры ұлғайған, тығыз консистенциялы. АЛТ – 3,2 ммоль/л, АСТ – 1,1 ммоль/л. Вирустыжәне токсикалық гепатит жоққа шығарылды. Церулоплазмин деңгейі – қалыпты.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
* АМАдеңгейі
* СФ және ГГТПдеңгейі
* Мыстың зәрмен экскрециясы
* Церулоплазминнің деңгейі
*+ Темір және ферритиннің деңгейі
! 48 жастағы ер адам әлсіздік, шаршағыштық, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, буындардағы ауру сезімі, бөртпе, үлкен дәретінің бұзылысы. Бауыры тығыз консистенциялы, қабырға доғасында пальпацияланады, іштің кейбір аймақтарында - тұйықталу.АЛТ –2,89 ммоль/л, АСТ – 2,14 ммоль/л. Жалпы белок – 56 г/л.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
* ФЭГДС
* Ретроградты холангиография
*+Құрсақ қуысының УДЗ.ы
* Бауырдың компьютерлік томографиясы
* Өкпенің компьютерлік томографиясы
! Ер адам 36 жаста, травматолог, зерттеуде ЖҚА: Эр - 3,5х1012/л, гемоглобин – 119 г/л, Тр – 180х109/л, Л – 4,2х109/л, ЭТЖ – 14 мм/час. Биохимия: билирубин – 24,6 мкмоль/л, тікелей емес – 18 мкмоль/л, АЛТ –1,89 ммоль/л, АСТ – 1,14 ммоль/л. HBsAg – теріс, a-HCV - оң; a-HBs - оң, a-HBcoreIgM – теріс, a-HBVcoreIgG-теріс, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - оң, anti-HCV IgG - оң, anti-HDV – теріс.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
* HCV генотипі
* ПЦР HBV ДНК
*+ПЦР HCV РНК
* ПЦР HDV ДНК
* Бауыр биопсиясы
! 45 жастағы ер адамды зерттеу кезінде вирусты гепатит С анықталған. ЖҚА, биохимия, УДЗ– патологиялық өзгерістер жоқ. Вирусты жүктеме – 5,6 млн копия/мл.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
* ФЭГДС
*+HCV генотипі
* Бауыр биопсиясы
* Ретроградты холангиография
* Өкпенің компьютерлік томографиясы
! Анамнезінде созылмалы вирусты гепатит В бар ер адам ЖРВИ фонындағы айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА: Эр - 3,0х1012/л, гемоглобин – 118 г/л, Тр – 90х109/л, Л – 2,6х109/л, ЭТЖ – 16 мм/час. Биохимия: билирубин – 44,6 мкмоль/л, тікелей емес – 29мкмоль/л, АЛТ –0,89 ммоль/л, АСТ – 0,54ммоль/л. Келесі күні – гемоглобин – 72 г/л, әлсіздік жоғарлаған, бас айналу, қолдарының треморы.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
*+ФЭГДС
* HCV генотипі
* Бауыр биопсиясы
* Ретроградты холангиография
* Өкпенің компьютерлік томографиясыф
