- •Босану тарихы
- •Қарағанды 2017ж
- •I.Құжаттық бөлім
- •II Анамнез
- •III Арнайы ( акушерлік) анамнез
- •IV.Объективті қарауда
- •V.Акушерлік статус
- •VI. Ішкі акушерлік тексерулер.
- •VII.Босану ағымының күнделігі
- •Босанушы әйелді бақылау динамикасы.
- •VIII.Босанудан кейінгі ерте кезең
- •IX.Босанудан кейінгі кезең
- •X. Босанудан кейінгі кезеңнің ағымы
V.Акушерлік статус
Жамбас өлшемдері.
Distantia spinarum- 28см
Distantia cristarum- 30см
Distantia trochanterica-35см,.
Conjugata externa-23см,
Ішті қарау: іштің көлемі үлкейген. Формасы сопақша, ешкандай тыртықтық белгілері байқалмайды.
Іш айналымы: 112см
Жатыр түбінің биіктігі: 37см
Соловьев индексі: 18см
Ішті пальпациялау: Ішті пальпациялау Леопольд –Левинцскийдің 4 тәсілі бойынша жүргізіледі.
I әдіс. Жатыр түбінің биіктігі анықталады. Ол жүкті әйелде кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арасында орналасқан. Жатыр түбінде ұрықтың жұмсақ, домалақ - жамбас бөлігі орналасқан.
ІІ әдіс кезінде екі қолды кіндік тұсында іштің екі бүйіріне қойып пальпациялағанда, ұрықтың І позицияда жатқаны анықталды, яғни ұрықтың тығыз, иілген арқасы білінеді, ол іштің сол жақ бүйіріне қарап І позицияда орналасқан. Қарсы жақтан ұрықтың майда бөліктері білінеді. Жатыр тонусы қатты, тез қозғыш, жатырдың жұмыр байламдары пальпацияланады.
ІІІ әдіспен ұрықтың төмен қарап орналасқан бөлігі дөңгелек пішінді, тығыз, контурлары анық басы анықталды, басы кіші жамбас астауына кіре берісте қозғалмалы.
IV әдіс арқылы бастың кіші жамбас астауына кіреберісінде орналасқаны анықталды.
Ұрықтың жүрек соққысы анық, ырғақты мин 140 соққы кіндік аймағында естіледі.
Ұрықтың орналасуы – ұзынынан
Төменгі орналасқан бөлігі - басы
Қайда орналасқан- жамбастың кіреберісінде
Болжамдық салмағы 4100гр
VI. Ішкі акушерлік тексерулер.
09.04.2015ж. Уақыты: 09:00
А) Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан. Әйел типті түктену.
Б) Қынап мөлдір, түссіз, қағанақ суымен ылғалданған.
В) Жатыр мойны тегіс, таза. Жатыр мойны шеттері орташа қалыңдықта.
Г) Ұрық қапшығының бүтіндігі сақталмаған.
Д) Кіші жамбасқа келіп тұрған бөлігі -басы
Е) Жамбас сүйектері деформацияланбаған
Диагнозы: Жүктіліктің 38апта+2 күн. Қайта босанушы
Босануды жүргізу жоспары:
1.Толық клиникалық тексеруден өткізу
2.Босануды консервативті жүргізу
3. Босану динамикасын бақылау
4.Босанудың III кезеңін белсенді жүргізу
Болжамды биомеханизм шүйде бөлігінің алдыңғы түрі.
Кезең. Бастың иілуі. Ұрық басы сагитальды жікпен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең немесе қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Басы еңкейіп, иек кеудеге жақындайды.Бастапқы нүкте- кіші еңбек. Кіші қиғаш өлшеммен шығады.
Кезең. Бастың ішкі бұрылысы. Басы жамбас қуысының кең және тар жазықтығынан өте отырып, ішкі бұрылыс жасайды. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.
Кезең. Бастың қатты шалқаюы. Бастың қатты шалқаюы шүйде аймағы қасаға доғасына келгенде жүреді. Фиксация нүктесі- шүйде сүйегі шұңқырының қасаға симфизіне бекуі. Жыныс ернеуінен алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шығады. Бұл кезең бастың толық шығуымен аяқталады.
Кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Нәрестенің позициясына байланысты. Алдыңғы иық шаттың төменгі бөлігіне бекиді. Алдымен алдыңғы иық, содан кейін артқы иық босап шығады.
