Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelny_variant.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

2.3 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)

«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ. Бұл орталық көптеген жұмыстар атқаруда, яғни қолайлы қала жасау үшін көптеген жобалар әзірлеген. «Алматы қаласының даму орталығы» жетістікке жету үшін, ұсынылатын қызмет түрлерінің жаңа стратегияларын жасақтап, жұмыс жасауда. Орталық жаңа бағытта жұмыс жасау перспективаларын іздестіруде. Болашақта көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарларында бар. «Алматы қаласының даму орталығы» болашағы бар орталық деп айтсада болады. Осы бағытта жұмыс жасаған жағдайда перспективасы жоғары орталықтардың бірі болады деген ойдамыз.

«Алматы қаласының даму орталығына» ұсынылатын ұсыныстар:

  • шет көшелердегі жаяужолдарды орталық көшелердің жаяу жолдарымен тең қылып жасау;

  • барлық жаяужолдарға бірдей орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату және белгілі бір стандарттарға сай пандустар жасау;

  • жаяужол маңдарын жасылдандыру;

  • балалар ойнайтын алаң орнату;

  • Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу;

  • Алматы қаласының халықаралық рейтингінде көрсеткіштерін талдау және оған мониторинг жүргізу;

  • урбанистика саласындағы жобаларды және ic-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

Қала көшелеріндегі жаяужолдарды зерттеу барысында өзімізге түсінікті болу үшін шартты белгілерін қойдық.

  • пандустар

  • демалу орындықтары

  • қоқыс жәшіктері

  • кедергілер

Біздің негізгі мақсатымыз - өзімізге берілген Алматы қаласындағы көшелердің жаяужолдарын зерттеп, жағдайын анықтау және жаяу жүргіншілерден сауалнама жүргізу. Зерттеу барысында, үшеуіміз 630 жаяу жүргіншілерден сауалнама алдық.

Алматы қаласындағы басты Әл-Фараби, Фурманов, Достық және т.б көшелердің бойындағы жаяужолдар барлық талапқа сай жасалынған. Яғни, демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері жаңасына ауыстырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және велосипедшілерге арналған пандустар жақсы салынған. Шығып-түсу жаяу жүргіншілер үшін еш кедергі тудырмайды. Тазалықтың сақталатындығы байқалып тұр. Ал енді қаланың шет жағындағы көшелерінің жаяужолдарын алатын болсақ, тазалыққа көп мән берілмейді. Мысалы: Көкорай, Ырысты, Рысқұлов, Емцов, Райымбек және т.б көшелері. Қоқыс жәшіктері, демалу орындықтары және пандустар осы аталған көшелердегі жаяужолдардың барлығында қойылмаған. Бар болғанның өзінде де ескі. Біздің ойымызша Алматы қаласындағы барлық шет жақтағы көшелердің бойындағы жаяужолдарға жөндеу жұмыстары қажет.

Сурет – 27 Алатау ауданы мен Бостандық ауданының ерекшеліктері

Ескерту: автормен қарастырылған

Осындай орталық біздің еліміздегі алғашқы ұйым, алдағы жоспарда жаңа тәжірбилерге сүйене отырып осындай ұйымдар Қазақстанның түпкір-түпкірінде болады деген сенімдеміз. Дамыған орталықтары бар қалалар- Астана, Москва, АҚШ т.б. Ең негізгі мәселе халыққа қолайлы жағдай жасау. Жұмыс барысында орталықтың маркетингтік саясатына анализ жасау тапсырылды. Осы жұмысты атқару кезінде өте жақсы анализдік талдау және есеп жасауды меңгеру сәті түсті.

Анализдік талдаудың негізі барысында, берілген көшелер бойынша сауалнамалар жүргіздік. Әйелдер саны-364, ерлер саны-266. Барлығы 630 адамнан сұхбат алдық. Оның ішінде қарт адамдар-16%, орта жастағы адамдар -49%, жастар - 35%, барлығы - 100%. Сауалнаманы қорытындылай келе, жаяужолдардың тазалығын және қоқыс жәшіктерінің болуын қадағалау, демалу орындарын көбейту. Орталықтың интернет желілеріндегі белсенділігін арттыру, танымал Қазақстандық парақшаларда өз жарнамасын әрдайым жаңартып тұру сияқты ұсыныстар берілді. Себебі, қазіргі таңда, барлық адамдар интернет желісінде отырады және көптеген сұраныстарын онлайн түрде қанағаттандыру ыңғайлы. Заман талабына сай орталықтың дамуы маркетингтік саясатпен тікелей байланысты болып келеді.

Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдауын қорыта келгенде, біз Алматы қаласының даму орталығының мысалында қарастырдық. Бұл жерде шет көшелерге көбірек мән беріп, қазіргі заманға сай етіп жасау. Қала көшелеріндегі жаяужолдарды зерттеген кезде, өзімізге түсінікті болу үшін шартты белгілерін койып жасадық. Алатау ауданы мен Бостандық ауданынын айырмашылықтарын зерттеп, тротуарлардын сапасын анықтадық