- •12 Тақырып ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •12.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті, негізгі бағыты және ақпараттық қамсыздандыру
- •12.2. Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау
- •12.3. Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді талдау
- •12.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •12.5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау
12.2. Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау
Теңгерімнің активі ұйым қарамағында болатын капиталды жайғастыру жайлы мәліметтерден тұрады, яғни нақтылы бұйымға және материалдық құндылыққа жұмсалған, өндіру мен сатумен байланысты жұмсалымдар туралы және бос қолма қол ақшаның қалдығы жайлы мәліметтерден тұрады. Жайғастырылған әрбір капитал түрі теңгерімнің бөлек баптары арқылы белгіленеді. Теңгерім активінің баптарын топтастырудың негізгі нышаны болып өтімділік (қолма қол ақшаға тез айырбастылуы) дәрежесі саналады. Осы нышаны бойынша барлық теңгерім активі ұзақмерзімді, немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналым) активтері болып бөлінеді.
Статистикалық мәліметтер келесілерді дәлелдейді:
1) зияткерлік меншік нысанын, іскерлік беделін байқататын материалдық емес активтер әзірге активтер құрылымында лайықты орнын тапқан жоқ. Біз әзірге бизнесті лайықты бағалай алмай келеміз, ол өз тарапынан қазақстандық ұйымдардың акцияларының тұрақтылығына әсер етіп келеді. Дамыған елдерде метериалды емес активтердің құны негізгі капиталға қарағанда бірнеше рет артық болып келеді.
2) актив құрылымында жер телімдерінің үлесі оншалықты емес. Жер телімдерін бағалау және оларға меншік құқығын беру – бұл ұйым активін көбейтудің және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты резерві болып саналады.
3) айналым капиталының үштен біріне дейін дебиторлық берешек құрайды, бұл ұйымның төлем қабілеттілігінің төмен екенін, экономиканың қарызды сипатта екенін білдіреді.
Есепті деңгейлі және сатылы талдау жүргізудің нәтижесінде әрбір талдама жүргізуші есеп мәліметтерін саланың мәліметтерімен салыстыра отырып, ұйымның жағдайын бағалап қана қоймай, оның даму жолдарын да белгілеуге болады.
12.3. Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді талдау
Егер теңгерім активінде ұйымның капиталы берілген болса, ал пассивте – оларды қалыптастыру көздері көрсетіледі.
Ұйымның қаржылық жағдайы көбінесе өз қарамағында қандай капитал барына және оны қайда жұмсағанына байланысты болады.
Пайдаланатын капитал тиесілік дәрежесі бойынша меншікті және несиелік деп екіге бөлінеді.
Меншікті капиталға деген қажеттілік ұйымның өзін өзі қаржыландыру талабы себепші болады. Меншікті капитал – бұл ұйымның тәуелсіздігінің негізі. Бірақта ұйымның қаржылық қызметін тек меншікті капиталы арқылы жүргізу әр уақытта тиімді бола бермейді, әсіресе өндіріс маусымды болса. Сонда белгілі бір кезеңдерде көп қаражаттар банк шоттарында жиналып қалады, ал басқа кезеңдерде олар жетіспейтін болады. Одан басқа, қаржылық ресурстарға төленентін төлем жоғары болмаса, ұйым несие капиталын тарта отырып, несиелік ресурстарына төлегендеріне қарағанда жұмсалған капиталдың жоғары қайтарымын қамтамасыз ете алатын болса, онда ол меншікті капиталдың табыстылығын жоғарылата алады.
12.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін коэффициенттік талдауды пайдаланады. Осымен қатар ұйым қызметінің әртүрлі қырын (аспект) сипаттайтын көрсеткіштер жеті топқа бөлінеді (15.5-кесте):
1. Жалпы көрсеткіштер: орташа айлық табыс (К1); табыстағы ақшалай қаражаттың үлесі (К2); жұмыскерлердің орташатізімдік саны (Кз).
2.Төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері (К4 - Кз).
3. Айналым капиталын пайдалану және іскерлік белсенділіктің тиімділігі көрсеткіштері (К14 – К16).
4. Табыстылық көрсеткіштері (К17 – К18).
5. Өндірісті үдерісін қарқындандыру көрсеткіштері (К19 , К20).
6. Инвестициялық белсенділіктің көрсеткіші (К21).
7. Әртүрлі деңгейдегі бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қор алдындағы берешектің орындалу көрсеткіштері (К22 – К26).
