Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой аппарат.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
954 Кб
Скачать
☆

1.2 Престеу жолымен май алу

Дәннен май алу екі негізгі тәсілмен алынады: бірі механикалық , оған негізі дәнді сығу жатады, екіншісі экстракциялау- ол органикалық еріткіштер арқылы жүзеге асады. 

Май алу әдістерінің негізгісі- сығу әдісі болып табылады. Сығу- май алудың ең ежелгі тәсілі, бұл кезде дәндерді қысыммен сығып алады.

Сығудың екі тәсілі бар: суық және ыстық. Суық сығуда дәндерді алдын-ала жылулық өңдемей сығады, майдың түсі ашық түсті болады, май дәндерінің табиғи дәмі мен иісін сақтайды.

Ал ыстық сығуда май шығымын ұлғайту үшін майдаланған дәндерді 100 - 110 °С температурада ылғалдандыра отырып қуырады, нәтижесінде май тұтқырлығы азаяды да, одан май толық бөлінеді. Майдың дәмімен иісі күшейе түседі

Қазіргі уақытта шнекті пресс арқылы үздіксіз сығу қолдануда.Шнекті пресстерді алдын ала майдың орымы үшін (форпресстер) және соңғы майдың орымы үшін (экспеллер) деп бөледі.

Бастапқы мезга сусымалы кеуектi материал болады Сосын қысымның әсерінен мезганың бөлшектері жақындасып,май сығылады, ал сығылған материал бүтін массаға- жмыхқа айналады. Май әр түрлі құрылымды шнекті пресстерде сығылады. Шнекті пресстің қысымы 30 МПа жетеді,ал мезганың сығу дәрежесі 2,8...4,4 рет сығылады.

Шнекті пресстің негізгі жұмыс органы – шнекті білік және болат цилиндр болып табылады. Сығу процессінің соңғы өнімі – сығылған май және жмых.Шнекті білік айналғанда, болат цилиндр ішіндегі кішкене тесіктер арқылы материал шығу жолына өтеді. Орамдардың бос көлемін кеміту нәтижесінде, шнекті біліктің басынан соңына дейін қадамның кемілуі және орамның көбеюі материалды қысуға алып келеді.Соның нәтижесінде қысым арқылы мезгадан май сығылады.Май саңылаулар арқылы болат цилиндрден өтіп,тегенде жиналады.Болат цилиндрден сығылған материал жмыхтың қалыңдығын өлшейтін ракушкаға келеді. Сығудың нәтижесінде жмыхта 5-8% май қалады.Сығудан соң шыққан жартылай майсызданған майды экстракцияға жібереді.

    1. Экстракция жолымен май алу

Қазіргі кезде кеңінен экстракция әдісі қолданылады, ол органикалық еріткіштерді қолдануға негізделген. Бұл әдістен қалдық ретінде шрот шығады,оның құрамындағы май 0,8-1,2%.

Экстракциялау - май алудың тиімді әдісі, бұнда майды дәндерден май еріткіштерімен ерітіп алады. Бұл май дәндерінен майын толық бөліп алуға болады (күнжарасында 1 % май қалады). Бұл тәсілде арнулы аппарат ішіне органикалық еріткіштер құйылып майдаланған дәндерден май ажыратылады. Майға араласқан органикалық еріткіштерді бөліп шығару үшін дистилятор, ал май бөлініп алынған қалдықтарға араласқан еріткіш заттарды бөлу үшін шнекті буландырғаштар пайдаланылады. Майы алынған қалдық заттар малдың құнарлы жемі. Дәндерден бөлініп алынған май тазартылады. Тазарту әртүрлі қоспалардан, ароматты, белокты және шырышты заттардан, пигменттерден, бос май қышқылдарынан ажырату үшін жүргізіледі. Қоспа түріне байланысты тазалудың әртүлі әдістері қолданылады.

Экстракцияға қолданылатын еріткіштер адам организміне қауіпсіз, майдың алынуы және жұмыс кезінде қауіпсіз болуы қажет.

Еріткіш ретінде экстракциялық бензин, гексан, ацетон, дичлорэтан және тағы басқалар қолданылады. Көбінесе бастапқы қайнау 69ºС, қорытынды қайнау температурасы 101ºС болатын бензин қолданылады.

Экстракция кезінде еріткіштегі май ерітіндісін алады, ол мисцелла деп аталады және майсызданған зат шрот алынады.Шрот экстракционды өңдеуден кейін алынған күнжара,оны жануарларға азық ретінде қолданылады.Арнаулы технологиялық өңдеуден кейін шроттан тағамдық ақуыз алуға болады.

Мисцелладағы май концентрациясы 12-26 %.Экстрактордан шыққан мисцелланы ондағы механикалық қоспаларын бөліп алу үшін сүзгішке жібереді. Сүзгіден өткен мисцелланы және шротты еріткішті айдау үшін айдағышқа жібереді. Бұл операцияны дисцилляция деп атайды.

Мисцелланың дисцилляциясы екі сатыда жүргізеді. Алғашқыда 80-90 ºС-та еріткіштің негізгі мөлшерін айдайды(алдын ала дисцилляция).Содан кейін қорытынды дисцилляцияның 110-120ºС –та вакуумда жүргізеді.

II. Негізгі бөлім