- •1.1. У. Черчилль – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
- •2.1. У.Черчилль үкіметінің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысуы.
- •І Тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Уинстон Черчилль басқарған үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •1.2. У.Черчилль-антифашистік идеяның қызу қолдаушысы «Егер Гитлер тозаққа түсер болса мен ібіліске мақтау өлең арнар едім»
- •2.1. У.Черчилльдің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халқаралық конфернцияларға қатысуы
- •2.2. У.Черчилль-«қырғи қабақ» соғыстың негізін қалаушы әрі қолдаушысы
- •2.3. Екінші дүниежүзілік соғыстан Черчилль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
- •Қорытынды
- •Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі:
І Тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Уинстон Черчилль басқарған үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
1.1. Уинстон Черчилль көрнекті мемелекет және «Мемлекет қайраткерінің жай қарапайым саясаткердің, айырмашылығы, саясаткер алдағы сайлау туралы бас қатырса, мемлекет қайраткері – елдің келешегі үшін бас қатырады. (У. Черчилль)
Уинстон Леонард Спенсер Черчилль –ағылшын тарихында өзіндік орны мен терең із қалдырған саяси қайраткерлердің бірегейі. Ұзақ жылдар бойы Уинстон Черчилльдің саяси қарсыластары «Әр дайым асығып жүретін жас адам» деп сипаттайтын шындығында да, бұл теңеулер Черчилльдің саяси және мемлекеттік қызметтеріне ғана емес, тіпті оның өмірге асығып келгенінен байланысты айтатын. Ол расында да мерзімінен екі ай бұрын келген болатын.
Думанды кештерді сүйгіш оның анасы 1874 жылы 30 қараша күні Бленхейм сарайында герцог Мальборо ұйымдастырған бал кешіне қатысты. Кештің ортасына қарай Черчилль ханым өзін жайсыз сезініп, мұның соңы босануға ұласты. Осындай керемет сәт кезінде дүниеге Уинстон Черчилль келді. Нәресте өмірге ерте келгеніне қарамастан өте беймаз болды. Ол сарай маңындағылардың мазасын алды. Жылаған үнімен сан-сақа жүгіртті. Тіпті мұны байқаған герцогина Мальборо: Мен өмірге аз бала әкелмедім, бәрінің даусы керемет, күнделікті дауыс еді. Алайда мынадай қорқынышты нәресте даусын естуім бірінші рет. Көп ұзамай-ақ, 30 қараша күні Блейнхейм сарайында ханшайым Рондольф Черчилль мерзімінен бұрын өмірге ұл әкелді деген хабарландырулар « Tims» газеттерінде басыла бастады.
Бленхейм қожайындары герцог Мальбороның ұрпағының босануға нұғайлы сарай бөлмесінде емес, жай қарапайым шешіну бөлмесінде өмірге әкелгеніне разы болмады. Қазіргі таңда Бленхейім сарайында туристердің кіруіне рұқсат етілген. Онда, жолбасшылар Черчилль дүниеге келген бөлмені әрдайым көрсетеді. Алайда, бөлме өте керемет стильмен салынған, яғни 1874 жылы 30 қарашадағы сипаттаудан әлде қайда керемет дейгейде. Нәресте сап-сары кейіпте болды. Көтеріңкі танауы өз ата-бабасы Мальбороларға ұқсайтын. Оның әкесі Лорд Рондольф Черчилль Мальборолықтардың 7-ші герцогы - Джон Уинстон Спенсер Черчилль және Герцогиня Френсистің ұлы болатын.
Черчилльдің балалық және жастық шағы өзінің даму процесімен тұспа-тұс келді. ХІХ ғасыр екінші жартысы Англия үшін гүлденген, Викторияндық ғасыр болды. Осы кезеңде Англия өзге мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда жетекші орынға шығып үлгерді. Алдыңғы қатарлы әрі қуатты өнеркәсіп елдің әлемдік Аренадағы абыройын үстем етті. Оның тауарлары өзге державалық мемлекеттердің өнімдерінен әлде қайда сапалы әрі төмен бағада болды. Сондықтан да Англия әлемдік нарықта монополиялық текті ұстап тұрған қуатты империяға айналды. Англия өзге елдер Британ аралдары арқылы тауарлар әкелетін. «Әлем шеберханасына» айнала берді. Ендігі жерде Англия әлемдегі орталық иеліктердің ең ірі қожайынына да айналды. Сондай-ақ Англияның даму үрдісі тұсында Черчилль сауат ашып, білім алу үшін Херроу қаласына келді. Тапсырған сынағының төмен дәрежеде болуына қарамастан ол мектепке қабылданды.
Уинстон мектептегі жылдары ауыз толтырып, айтарлықтай дәрежеде бола қоймады. Оны сыныптастары ақымақ әрі ешнәрсеге ебі келмейтін адамға теңеді. Алайда оның өмір баянын жазған тарихшылдар мен биогрофтар оның бұл қылықтарын оны біртеккейлігімен түсіндіреді. Херреудағы оқу кезінде Уинстон өзін есте сақтау қабілетімен таң қалдыра да бастады. Оған мұндай қасиет өз әкесінен дарыған еді. Бірде ол оқытушылармен оқушыларды таң қалдыра отырып, Маколейдің Ежелгі Рим туралы кітабындағы 1200 қатар өлеңде жатқа әрі қатесіз айтып беріп, марапатқа ие болды.
Черчилль тек өзіне ұнаған пәндерді сүйіп оқып, қалғандарын ысырып қойды. Уинстон ұстаздар мен оқушылар енгізге барлық қағидалар мен ережелерге немқұрайлы қарады.
Ол бірде өзі оқытушысы ескерту жасағанын былай еске алады «Черчилль деді ол менің саған риза болмайтын толық себебім бар» - ал менде «Сэр, сізге деген риза болмайтын сіздікінен де толық себеп бар» деп жауап қайтарды.
Уинстонның мектептегі сәтсіз қадамдары ата-анасының көңіліне қаяу салды. Әкесі оны енді құқықтық карьераға көтеруді ойлап, кейін ол ойынан да айныды. Уинстонның өзі кіші інісі Джонмен бірге соғыс ойындарын ойнағанды ұнататын. Тіпті оның үлкен өнер тапқыштық қасиетпен жасалған қолайы 1500 ойыншық кейпіндегі солдаттары болды. Бірде әкесі ұлдары ойнап жатқан бөлмеге кіріп, ұлының қабілетіне назар аударып, Уинстоннан «Ұлым кім болғың келеді», «Әскер адам әрине» деп жауап берді ұлы. Бұл ата-атасының бір шешімге келіп, ұлдарын соңғы жылы Херроудағы мектептің әскери бөліміне беруіне себеп болды.
Латын тіліне деген Лесқостық Черчилльдің өзге тіл білуіне итермеледі. Осы мақсатта ата-анасы Уинстонды Францияға 1 айға жіберді. Онда ол Версальдағы жеке әулеттердің бірінде тұрды. Черчилль Французша сауатты сөйлеуге машықтанды. Уинстон бұл нәтижелерге қарамастан, Сенхэрстегі ағылшын әскери училищеге сынақ тапсыру кезінде, екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Херроуды тастап кеткен Уинстон енді капитан Джейлестің қарауындағы әскери мектепке келді. Мұнда ол көп қиындықтардың сынынан өтуге мәжбүр болды.
Осы кезеңде Уинстонның саясатқа деген қызығушылығы ояна бастады. Ол осы оқу орныны аяқтағаннан кейін қауымдар палатасына жиі келіп, пікір сайыстарға қатысып, бақылап отырды.
Сонымен Черчилль өз заманының шешені болды. Бірде Астор ханым оған: «Егер маған сізге тұрмысқа шығуға тұра келсе, мен сізге у беріп өлтірер едім» дегенде Черчилль: «Егер мен сіздің күйеуңіз болсам, сол уды ішуден бас тартпас едім» деп жауап бергені бар еді.
Уинстон Черчилльдің әскер карьерасы Сенхэрстегі әскер училищені тамамдағаннан кейін басталды. 1885 жылы наурыз айында ол төртінші Гусар полкіне лейтенант болып тіркелді. Кубадағы қызметінен соң Черчилльдің Үндістанға аттанды ол жақтан 1898 ол жақтан Египетке аттанып, сонда Омдурмандағы әйгілі кавалириялық акцияға тек әскери ғана емес. Журналист ретінде қатысты.
1898 жыл Черчилль -« Газетінің іскер кореспондентін ретінде генерал Влаттың Малдаканд буғазындағы экспедициясына қатысты. Дәл осы мәртебесімен ол Оңтүстік Африкадағы бур соғысына да қатысты. Сонда ол 1899 жылы 105 қарашадан Оңтүстік Африкан одағының болашақ Примьер-министрі кейіннен Черчилльдің доросына айналған Уцичботтың қолына тұтқындыққа түсіп қалады.
Тұтқыннан азат етілген Черчилль АҚШ та болып сонда лекциялар оқып, түскен ақшаға өзінің саяси карьерасын отанында көтерілу үшін жұмсайды, 1898 жылғы бастамасы сәтсіз болды. Тек екі жылдан кейін ол Ланкастерден Парлматентке консерваторлық мүше болып сайланды. Алайда келесі үш жыл Черчилль мен Джозеф Чемберлен басшылығындағы торийлер арасындағы қарама –қайшылықтармен ерекшеленеді. Сондықтан да 1904 жылғы Черчилль қауымдар палатасына сайлауда либералдар атынан түсті. Черчилльдің либералдармен жеңіс оның кабинектке қатысуға құлшынысын арттырды. Алғашында оған отар елдердің иісі жөніндегі министрлікті басқару, одан кейін ханшайым құпия Кеңесшісі қызметтері ұсынылды. 1908 жылы Генри Аксвид премьер-министр болып тұрған тұста. Черчилль мемлекеттің ішкі саудасы және ішкі ісі жөніндегі Кеңеске басшылық етті. Осы қызметтерді атқара жүріп, Черчилль нарыққа байланысты зейнет ақыны тағайындау, денсаулық сақтау т.с.с. бағдарламаларын жүргізді. Бұл Уинстон Черчилльдің саяси карьерасының алғашқы баспалдағы еді. Ол Ресейдегі большевиктер диктатураны қатаң айыптай отырып, саяси ұпайын еселей берді. Черчилль екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдарда АҚШ пен ынтымақтасу және Ресейдегі большевизимді талқандау сондай-ақ, Гитлерлік Германияны талқандау секілді ұрандардың көшбасшысы әрі идеологы болды.
1953 жылы Новель сыйлығын алуда Черчилль жүргізген саясаттың мақсаты мағыналы болғанын хабар берді. Уинстон Черчилль өз өмірінде Ұлыбританынияның сан-қырлы саясат салаларында қызметтер атқарды. 1906 жылы ол либерал пратиясының атынан қауымдар палатасына сайланады. Дәл осы жылы оған орталардағы министр орынбасары лауазымым да бұйырды. 1908 жылы сауда, 1910 жылы ішкі істер, 1911 -1915 жылдар адмиралчействаның (әскери теңіз министрлігі) бірінші лорды тағы басқа қызметтерді атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде ол 1914 жылы ол Антверленді қорғауға қатысты. 1915-1916 жылдары оның қызметінен кетуіне түрткі болған Дарданелль операциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. Черчилль 1917 жылы әскер күштердің 1919-1921 жылдары әскери министр және авиация (әуе күштері) министрі болды. Дәл осы кезеңде В.И. Ленин айтқандай Черчилль Кеңестік үкіметтің қас жауы ретінде танылып, антисоветтік интервенцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920 жылы ол 1924 жылдан бастап, мәңгі праламент депутаты болған консерваторлар көсемі ретінде танылды. 1924-1929 жылдар қаржы министрі 1930-1939 жылдар журналистикамен айналысты. 30 жылдары С. Балдуинмен Н. Чемберлендердің фашистік агрессияға көз жұма қараған сырқы саясаттарын белсенді түрде сынға ала бастады. Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғысқа араласуына байланысты. Черчилль 1939 жылы әскери теңіз министрі, ал1940 жылы мамыр айында примьер-министр болып сайланды. Ұлыбританияның КСРО мен әскери одақ құрған жағдайда соғыс майданында жеңілістен құтыла алмайтындығын түсініп, 1941 жылы 2 маусымдағы фашистік Германиняны позициясын жариялады.1941 шілдеде Черчилль КСРО мен фашистік Германияға қарсы күресу үшін бірлесіп қимыл ету туралы келісімдерге қол жеткізді. Ал 1942 жылы мамыр айында. Германияға қарсы соғыс жаряиланған Кеңес ағылшын одағының келісімне қол қойды. Мұндай қадамдарға мәжбүрлікпен бара отырып, Черчилль келешектегі өз одақтастарымен жасалған келісімдердің мерзімін кешеуілдете берді. Мәселен:Черчилль кабинеті екінші жаһандық соғыс жылдарында екініші майдан ашу мәселесін кейінге қалдырып келген еді. Геманияға қарсы ұйымдастырылған Тегеран 1943, қырым (1945) және Подсдам (1945) конференцияларына қатысты.
Черчилльдің саяси және әскери «Жұлдызды сәтті» 1940 жылдың 10 мамарынан басталады. Ол осы кезеңде жоғарыда айтып өткендей ұлттық үкіметтің басшысы және бір мезгілде қорғаныс министрі, қауымдар палатасының лидері, жылдың соңында консервативтік партияның лидері сияқты функцияларды атқарды. Осы кезеңде ол елі мобилизациялау рычагын өз қолына шоғырландырып, Германияға қарсы соғысқа кірісті. Англияның үкімет бөлігі басына ел аласандыран кезде (себебі елге неміс әскерінің басып кіру қаупі төніп тұрды» келе отырып, Черичиль жағдайды түбірі мен өзекте отырып, Коалиция құрды. Тіпті фашистік Германияға жойқын соққылар бере білді. Примьер министір лауазымы тұсында, Черчилль АҚШ және КСРО басшыларымен хат алмасып, жүздеген бірнеше Халықаралық конференциялардың ұйытқысы бола білді. 1942 жылы қазанда және 1944 жылы тамызда ол Мәскеуде Сталинмен кездесті. Франкмен Делано Рузвельтпен кездесу үшін Черчилль бірнеше рет Атлантиканы да кесіп өтті. 1945 жылы 8 мамырда ең алғаш рет. Уинстон Черчилль өз отандастарына Гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгетін жөніндегі капитуляциясын жария етті. Соғыс жылдарында тіпті согғыстан кейінгі кезеңдерде де Черчилль Ұлыбританиямен Американың тығыз байланыстылығын орнатуға, англо-саксон халқының келешектегі әлем құру ісіндегі ролдеріне ерекше көңіл аударды.
Черчилльдің 1941 жылы 22 маусымдағы Лондондықтарға радио арқылы Кеңестер одағын қолдау туралы. Үндеуі 1942 жылғы КСРО мен жасалған одақ құру туралы келісімдері оның Британиядағы қарсыластары алдындағы жеңісі болатын.Алайда, Черчилльдің Батыс Европада екінші майдан ашу ісін кешеуілдету әрекеті, әскери қимылдарды жерорта теңізі осы аралықтағы ықпалын әлсіретуге бағытталған қимылдары Кеңес Ағылшын қарым-қатынастарына әжептеуір салқандық түсірді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында негізінен Англия мен Францияның Польшамен кез-келген сәтте қолодан келген көмек тіпті, әскери жәрдемдер беру туралы да уәделері болатын. Бұл көмектің Англияның Германияға соғыс жарялағаннан кейін сөзсіз іске асатыны айқын көрініп тұрған. Алайда, Чемберлен үкіметі Польшаға берілген уәдеден теріс айналып, Германия мен «поляк мәселесін» бейбіт түрде шешуге ұмтылды. Англия Германия алдындағы, жалпы халықаралық арендаға беделіне дақ түсіреді. Белгілі лейборист қайраткері Хью Дальтон екінші қыркүйек күнгі күнделігінде былай деп жазды: «Біздің поляктарға берген уәдеміз ақталып, саясатымыздың дәрежесі биік болғандай еді, бірақ бұл саясат қолдан жасалады.
Ағылшын халқы басқалай жылдың болуы мүмкін еместігіне, поляк алдындағы өз міндеттерін атқаратындарына сенген болатын, әсіре билік Германияға соғыс жариялайды деп ойлады. Қауымдар палатасының көпшілік бөлігіде дәл осы көзқарасты еді. Невиль Чемберлен халық пен қауымдар палатасындағы көңіл-күйлердің қалай тез арада өзгеріп кеткенін түсінбейді, Чемберлен немістермен ымыраға келіп, Германияға соғыс жарияланудан аулақ ниет ұстанады. 2 қыркүйек қауымдар палатасында үкіметтің атына сындар мен үрей сөздер айтылды.
Депутаттар Польшаға берген уәдені берік ұстауды талап етіп қойды. Бір қызығы, дәл осы тұстағы парламенттегі дау-таластар өршіп тұрған сәтте, яғни, Англияның Германияға ашық қарсылық білдіру мәселесі сөз болған тұста үкіметтің сөзге келмес сыншысы Уинстон Черччиль бұл мәселелерден тыс қалып, өз ойын білдіреді. Германияға қарсы соғыс ашу мәселелерін тиісінше консервативтік аппозицияның өзге өкілдері, лейбористік партияның қайраткерлері ашық қолдап үн қатты.
Черчилльдің мұндай оғаш мінезін түсіндіру қиын емес-ті. Германияның Польшаға басып кірген күні Черчилль Невиль Чемберленнен кешке қонақ болу ұсынысын қабылдаған еді. Черчилль істің мәнін тез түсінді, сондықтан да, 1 қыркүйектегі қызу таластарда өзін өте сақ, әрі үнсіз ұстады. Чемберлен оған өз үкіметінің құрамына кіріп, әскери кабинеттің мүшесі болуды ұсынды. Черчилль премьер-министрдің бұл ұсынысын сөзге келместен бірден қабылдады. Екеуара әңгіме барысында әскери кабинеттің құрамы туралы сөз қылды. Черчилль сол арқылы үкіметке өз жақтарын тартуды ойластырды. 1 қыркүйектен 2-не қараған түні Черчилль Чемберленге хат жазып, үкімет құрамына либералдар өкілдерін (өзінің ескі әріптесі Арчибальд Синклер), сондай-ақ,1938 жылы 20 ақпанда Чемберлен үкіметінен Италиямен жасалған келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер нәтижесінде тастап кеткен. Антони Иденді үкімет құрамына енгізуде ұсынды. Чемберлен Черчилль секілді антигитлерлік тұлғаны өз үкіметінің құрамына алғанша іштей өкініш білдірді. Екеуін арасында келіспеушіліктер туындап отырды.
Әрине, Черчилль болып жатқан жағдайларды керемет дәрежеде түсінді. Бірақ, ол парламентте Чемьерленге қарсылығын ашық түрде білдіргісі келмеді. Өйткені, ол өз ойын айтқанымен де, тіпті соғыс жарияланған күнде де пермьер-министр өз үкіметінің құрамына алмай қояды деп тартыншақтанды. Алайда, Черчилль аласапыран уақытта қауымдар палатасында тағы да білді. Сондықтан да Черчилль Чемберленнен сыртқы саясатта болып жатқан жағдайлардан өзінің толық хабардар болуын талап етіп отырды Чемберлен саяси карьерасының соңында Германияға соғыс жариялауды қауымдар палатасы мен Черчилльдің ықпалымен іске асырды. Германияға соғыстың жариялануы Невиль Чемберленнің қызметтен кетуі Черчилльге өз кандидатурасын ұсынуға алғышарт жасады. Чемберленнің орнын басқан Черчилль өзіне дейінгі үкіметтің сыртқы саясаттағы қарсы соғыс жарялауы оның халық арасында беделінің өсуіне баспалдық іспеттес роль атқарады. Черчилль мемлекеттің сыртқы, ішкі, әскери мәселелері барысында бұрынғы Чемберлен командасының өкілдерімен тізе қосып қызмет етуге даяр екендігін жариялады.
Жоғарыда айтқандай Черчилль Чемберлен үкіметінің құрамында әскери-теңіз министрі, кабинет мүшесі орындарын алған еді. Германияға қарсы соғыс жариялаудың қызу қолдаушысы да болған болатын. Алайда, Чемберлен үкіметі мұндай әрекетке баруды жөн деп таппаған еді. 1939 -1940ж. Тарихты Англия Германиямен әскери соғыс деңгейінде тұрса да соғыспады, сондақтан да бұл қимылдарға «оғаш соғыс» деп аталған болатын. Чемберлен үкіметі мен Франция билігі Польшаға көмек қолын созудан бас тартты. Өйткені, олар Германиямен жеткен бейбіт келісімдерін бұзып, Фюрердің « ашу-ызасын» тударудан сескенді.
Черчилль мұндай саясаттың тас –талқанын шығарды. Черчилль уақыт өткен сайын Германияға қарсы соғыс жариялау мен фашизмге қарсы одақтар құру ісіне бастама бола бастады.
Черчилль өмінр бойы мақсат еткен биілігіне де қол жеткізді. 1940 жылы 10 мамырда мемлекеттегі ең қауіп төнген тұсында премьер-министр болды. Осы кезеңде герман армиясы Батыс Европада ағылшын–француз майдандардан талқандап, ұлт және мемлекет үшін орасан зор қауіп тундатты.
1940 жылы 13 мамыр күні Черчилль қауымдар палатасында қысқа әрі жан тебірентерлік сөз айтты: маған сіздерге қан, еңбек көзжастарыңыздан басқа сұрарым жоқ, сіздер: біздің саясат қандай деп сұрайсыздар ? Мен соғысты теңізде, құрлықта ауада барлық күштерімізді жұмылдыра отырып жалғастырамыз деп жауап беремін міне біздің саясат осындай. Сіздер сұрайсыздер! Біздің мақсатымыз қандай ? мен бір ғана сөзбен жауап бере аламын! Жеңіс! Қандай қиындықтар мен ауыртпашылықтар болмасын біз барлығын бағындырып, жеңске жетуіміз керек.
Консерваторлар Черчилльге билік ---- кездейсоқ берген жоқ еді. 1940 жылы мамырда ол алғаш рет өз үкіметін жасақтағаннан кейін қауымдар палатасына келді. Палатаның консерваторлар бөлігі оған зор құрмет көрсете қоймады. Керісінше, палатаға бас сұққан Чемберленге орындарынан тұрып, шапалақтады. Парламентке Черчилль бас сұққан тұста депутаттар үнсіздікпен қарсы алды. Алғашқы аптада оны тек лейборист депутаттар қошеметпен қарсы алып отырды. Черчилль өз үкіметінің құрамына консерваторлармен қатар, лейбористер, либералдарды да тартты. Лейбористер жетекшісі Эттли Лорд лауазымын алып, кейін пермьер-министрдің орынбасралығына тағайындалды. Реакционерлік бағыттағы лейборист өкілі Бевин еңбек министрі портфелін иеленеді. Черчилльдің ескі әріптесі, либералдар жетекшісі Арчибальд синклер авиация министрі болып тағайындалды. Ал қалған маңызды лауазымды орынтақтар консерваторлардың иелігінде қалды.
Үкіметтің құрамында сондай-ақ, бұрынғы Мьюнхен саясатына қатысты министрлер де ериді. Чемберлен және Галифакс әскери кабинет құрамына кірді. 1938 жылы Чемберлен саясатына қарсылық білдіріп, отставкаға кеткен Дафф Купер ақпарат министрінің портфелін иеленді.
Черчилль өз билігі тұсында әскери саладағы бірнеше генералдар мен штаб басшыларын қызметтерінен қуды. Өйткені, майдандағы ағылшын әскерлерінің бірнеше жеңілістері солардың кінәсінен туындаған себептер еді. Черчилльдің әскери жетекшілерді орнынан алып, жауапкершілікті терең ұғындыруға тырысқан әрекеттері ағылшын армиясына оңды өзгерістер мен қызмет басшылықтарын да қайта қалпына келтіру ісін бастады. Оның басшылығынан, ел әскери сипатқа көшті. Әскери потенциал артты, авиация және әскери-теңіз флоты қарыштап дамыды, әскери өнеркәсіп пен индусттрия кең қанат жайды.
Черчилль сыртқы саясатпен айналысқанды ұнататын, тіпті, сыртқы өатынастарға аса жоғары мән берілді. Ол премьер-министр болып сайланғаннан кейін-ақ, англо-американ Рузвельтпен fашық хат алмасып отырды. Черчилль Кеңестер одағымен жақын серігі Антон иден басқарған сыртқы сыртқы істер ведомствасы жоғарғы деңгейде өз функцияларын атқара алмады. 1943 ж екінші дүниежүзілік соғыстың Англияға тудырған барлық ауыртпалықтары Черчилльдің мойнына түсті.
Черчилль тұсында ағылшындар өте қиындықтарды бастан өткерді, франко –ағылшын майданын бұзып өткен неміс армиясы солтүстік фрнацияны топан суға батырып, парижге таяды. Бұл ағылшын корпустарының жойылып кетуіне едәуір қауіптер туындата берді.
Черчилль алғашқы күнен-ақ, неміс шабуылының жойқынынан франциядағы ұрыстар жеңіліспен аяқталғанын ұғынды. Бұл таяурада Англияның ең басты және ең соңғы одақтасынан айрылып қалу мүмкіндігін көрсетті.
ерчилль үкіметі Франциядағы қарсыласу қозғалысын одан әрі өрістетіп, неміс техникасына нұқсан келтіру әрекеттеріне мән берді. Сол арқылы уақытты ұта отырып, Англияның әуе, құрлықтық қорғаныстарын мықтау мақсаттары көзделді.
Француздар ағылшындардан көмек сұрауды жалғастырды. Ағылшындардың құрлықтық күші аз болатын, бірақ, олар мықты әскери әуе күштерін орналастырды. Француздар оларды жаңа эскадриялар сұрауын жалғастыра берді. Черчилльдің өзі қиын-қыстау кездің өзінде Францияға ұшып келіп, француз үкіметінің басшыларымен кездесіп отырды. Бұл кездесулерде француздар ұшақтар сурады, ал Черчилль олардан қарсыласу қозғалыстарын одан әрі жалғастыра берулерін сұрады.
Көп уақыт өтпей-ақ, ағылшындар мен француздардың үлкен күші солтүстік Францияда қоршауда қалды. Черчилль олардан қарсыласу қозғалыстарын одан әрі жалғастыра берулерін сұрады.
Көп уақыт өтпей-ақ, ағылшындар мен француздардың үлкен күші солтүстік францияда қоршауда қалды. Черчилль үкіметінің ең басты міндеті өзінің экспедициялық копусын эвакуациялау болды. Ағылшындар мен француздардың әскери күштері эвакуациялау болды. Ағылшындар мен француздардың әскери күштері эвакуацияланды, бірақ оларға францяида түгел қару-жарақтары мен әскери техникаларын тастап кетуге тура әскерінен күйрей жеілді. Германиямен болатын болашақ күрестер елдің еңсесін түсірді.
1940 жылдың мамыр айында Черчилль муссолинге өзінің сәтсіз ұсынысын жолдады. Ол фашистік диктатураға бұрынғы достықтарын ескере отырып, өтініш жасады, алайда, бұл әрекеті Черчилльге еш нәтиже бере қоймады. Керісінше, фашистік Италия жеңімпаз Германияға көмектесуге асықты. Осылайша, Англия енді Оңтүстік Еуропа мен жерорта теңізі аймағындағы тағы бір ірі қарсыласқа тап болды.
Францияның соңғы қырғыны таяған тұста Черчилль тағы да сенсациялық идея жасады. Ол артық парламенті мен конститутциясы, ортақ үкіметі мен қарулы күштері бар Англия мен Францияны бір мемлекет деп жариялау керек екенін айтты. Оның бұл ойы француздардың герман басқыншыларына қарсы рухын көтеруге бағытталған еді. Сондай-ақ, Черчилль осы идеясы арқылы Англия қарамағымен бақылауына француз отаршыл империясы мен күшті әскери теңіз флотын өткізбек болды. Черчилльдің ұсынысы франция тарапынан қолдау таппады. 1940 жылы 22 маусымда Франция Германиямен ымыраға келіп, келісім жасады.
Англия барлық одақтастарынан айрылып, жалғыз қалды. Черчилль 18 маусымда қауымдар палатасында былай деді: «Франция үшін күресу аяқталды. Енді Британия үшін күрес бастауымыз қажет. Сондықтанда, өз борышымыз бен парызымызды ойдағыдай орындайық. Егер Британия империясы тағы мың жыл өмір сүрсе, сол кездегі адамдар: «Ол кезең өте керемет уақыт еді, деп еске алсын» .
Англия басшылығы Франция талқандалған соң Германияны жер жастандыру үшін мына мәселелерді іске асыру керек деп шешті: Экономикалық қысым, әскери-әуе күштері арқылы Германияның өнеркәсіп, транспорт объектілеріне жойқын соққылар беру және азаматтары мен халқы тығыз орналасқан аймақтарға, Германия жаулап алған территорияларға жаппай халық наразылықтарын туындату т.с.с. Соғыстың одан әрі жеткіліксіз екенін түсінді.
1940 жылы жаз айларында Германия Англия әуеден шабуыл ұйымдастырған кезде ағылшын авиациясы немістерге шешуші соққы берді. Бұл әуе ұрысында немістер зор шығынға ұшырады.Ағылшын халқының рухы көтеріле түсті.
Үкімет Франция тізе бүкеннен кейінде фашизмге қарсы соғысты жалғастыра беруі Черчилльдің ел арасындағы беделін арттыра түсті. Әсіресе, консерваторлар елде өсіп бара жатқан Черчилльдің абыройының арқасында консервативтік артияның ықпалын сақтап қалуды мақсат етіп қойды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында одақтастарынан айрылған Англия үшін бір үміт қана қалды. Ол осы кезеңге дейін соғысқа араласпаған Кеңестер одағы мен Америка құрама штаттарынан көмек сұрау. Ол президент Ф.Д Рузвельтпен хаттамасын, англо-американ қарым-қатынастарының келешектегі әлем үшін маңыздылығын талқылады. Бұрынғысынша ол жазған хаттарына «Бұрынғы әскери теңізшілерден» деп жазатын.
Ол соғыс жалдарында жазған хаттарында нақ осындай кодтық керемет сөздерді құрастыруды жаны сүйетін.
Черчилль Рузвальтке америка құрама штаттары үшін англияның жеңісі ауадай қажет екенін дәлелдеумен болды. Ол АҚШ-қа Германияның болашаққа Германияның қауіп тқндіретінін айтып, АҚШ-ты Германияға қарсы соғысқа тартпақ болды. Ол Рузвельтпен кездесуден кейін АҚШ Англияға Кариб теңізіндегі 50 ескі эсминді беруге келісті. Сондай-ақ, АҚШ ағылшын үкіметін қиын-қыстау заманында моральдық, материалдық (түрлі қару-жарақ жеткізіп беру) көмектерді беруді үрдіске айналдырды.
Америка құрама штаттары бұл көмектерді бере отырып, соғысқа араласуға асықпады. Ағылшын басшылығы оларды мұндай жайбасарлығынан Англия түпкілікті түрде тізе бүгуі мүмкін деп қорықты. Бірақ, ағылшындарға Кеңестер одағының Германияға жариялаған әділетті соғысы үлкен демеу болды.
Кеңестер одағы 1939 жылы Англия тағы басқа елдермен фашистік Германияға, агрессорлардың шабуылын тойтаруға келісетіндігін мәлімдеген болатын: Сол кездегі антифашистік майданның құрылуына ағылшын үкіметі ыңғай танытпаған еді.
Черчилль Чемберлен туысындағы жіберілген теріс саясатта қайта қалпына келтіру мақсатында Кеңестер одағының жәрдеміне мәжбүр болды.
Черчилль Кеңестер одағындағы социалистік құрылыстарға қас жау болса да, ол КСРО мен ынтымақтасқанда жеңіске жетініне кәміл сенді. Сондақтанда Черчилль 1940 жылы солшыл лейборист Стаффорд Крипсты Кеңестер одағына жіберіп, КСРО екінші дүниежүзілік соғытағы ұстанған нейтролитет райын өзгертпек болды. Кеңес үкіметі Крипс миссиясына аса жоғары мән беріп қарады. Сонымен Крипс миссиясы 1939 жылы жасалған КСРО мен Германия арасындағы Молотов- Риббентров пактісінің күшін жоюға шақырды.
Черчилль барлау қызметтерінен Греманияның КСРО-ға агрессия ұйымдастырмақ жоспарын алып үлгерді. Бірақ, бұл Гитлердің Кеңестер одағына ашық соғыс жариялауын толық білдірді ме? яғни, бұл сұраққа жауап табылмады. Черчилль неміс агрессиясына Кеңестер одағының берілмейтінін қасыққаны қалғанша күресетінін түсініп, Германия мен КСРО арасындағы соғысты өршітуге әрекет жасады. Нақ соғыс қана Англия үшін өте алтауыт одақтасты пайда қылып, ағылшындардың Германияны жеңетіндігіне мол сенім ұялатты. Сондықтан да, Черчилль 1940-1941 жылы Германия КСРО арасындағы соғыс өртін тұтандыруға бар күшін салды. 1941 жылы көктемде Уинстон Черчилль И.В. Сталинге Германия тарапынан төнетін қауіпті алдын-ала ескертті.
Осы кезеңде Кеңестер одағын Германияға қарсы соғыс ашуға шақыра отырып, Черчилль Германия жағында Кеңестер одағы тарапынан болуы мүмкін шабуылдар туралы дезинфармациялармен құлақтандырып үлгерді. 1963 жылдары АҚШ-та екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Черчилльмен тығыз байланыс ұстап отырған, Канада –миллионері Уэллиэм Стэфан басқарған Нью-Йорктегі басқарға ағылшын барлау орталығының қызметі туралы кітап басылып шықты.
Бұл кітаптың авторы яғни осы орталықтың басшысы 1941 жылы ағылшын барлау қызметі Американ фидералдық тексеру бюросымен бірлесе отырып, Вашингтондағы Германия елшілігіне: «КСРО-ға жасалатын шабуылдан бұрын Германияға Кеңестер одағы агрессия ұйымдастырды» деген арамдатушылық мәліметі бар қағаздар тастап кетеді. Бұл да Черчилльдің Германияны КСРО -мен соғысуға итермелеген әдетінің бірі еді.
1941 жылы Гитлердің фашистік партиясының орынбасары Рудольф Гесс жасырын түрде Англияға КСРО-мен соғысты Одақ құру үшін келгенде, Черчилль И.В.Сталинмен хабарласты.
Гесстің ұшып келе жатқанын Черчилль демалыста жүріп естіді. 1941 жылы 11 мамыр сенбі күні Черчилль аптаның соңын Дитчэлде кино көріп өткізіп отырғанда, хатшысы оған таяп, Шотландяидан герцог Гамельтон хабарласып тұрғанын ескертті. Черчилль өзін алдын-алда мазаламауды ескерткен еді. Ол өзіне жақын бір министрін телефон сұхбатына жауап беруге жұмсады. Гамельтон Черчилльге Шотландия жеріне Рудольф Гесс келе жатқанын хабарламақ болған екен. Гесс өзі басқарып келген ұшақтан парашют арқылы секіргенде ағылшын басшылығының қолына түсті. Ол Герцог Гамельтонмен кездесу ұйымдастыруды талап етті. Сонымен күні бүгінге дейін қалып отырған Гесс пен Ағылшын үкіметі арасындағы кездесулер болды. Гесс дәл осы кезде Англияға КСРОмен күресу үшін Германия мен тізе қосып соғысуға шақыруы мүмкін деген шындыққа жанасатын секілді.
Сондай-ақ Гесс Черчилльде биліктен кетіп, үкіметті қайта құрып, оның басшылығына фашистік көңіл күйдегі көңіл-күйдегі қайраткерлерді қоюды талап етті. Черчилльдің бұл ұсынысқа қалай жауап бергені беймәлім. Ол өзі меомуарларында да бұл диалог жайында сөз етпейді.
1941 жылы маусым айының ортасында Германияның КСРО-ға шабуыл жасауына санаулы күндер, тіпті санаулы уақыттар қалғанын түсінді. Черчилль бұл шабуылдан соң КСРО-ға көмек беру үшін Одақтасуына жол ашылатындығын ұғынды. Черчилль президент Рузвельтке хабарласып, екеуі Кеңестер одағына өздерінің келешектегі жарқын өмірлері үшін көмектесуге уағдаласты.
1941 жылы Германияның КСРО-ға басып кіруі, Англиядағы КСРОмен жақындасуына алғышарт жасады. Ал 7 желтоқсанда осы жылы Гавай аралындағы АҚШ-тың Перл-Харбор әскери әуе базасына Жапонияның шабуыл жасауы Англия үшін тағы бір алып серіктес тауып берді. Осы кезеңде Жапония Малайзиядағы ағылшын игілігіне де агрессия жасады. желтоқсанда ағылшын парламенті бір ауыздан соғыс жариялау дауыс берді. Жапония мен АҚШ арасындағы соғыс 11 желтоқсанда Германия мен Италияның құрама штаттарға соғыс жариялауына түрткі болды. Осы тұста қызмет атқарған американ сенаторы Джеральд Най : «Бұл ағылшындардың бізге жоспарлаған ісі» деді. Черчилльдің КСРО мен АҚШ сияқты алпауыт одақтастарын өзіне тарта отырып, бұл соғыста жеңіске жетуіне толық мүмкіндігі барекендігін түсінді.
Өте күшті одақтастарға ие болған Черчилль үкіметі ағылшын қарулы күшін Таяу Шығыспен Жерорта теңіз аймағындағы өз отарларымен игіліктерін сақтап қалу үшін жұмсады. Европадағы фашистік Германиямен ауыр күрес Кеңестер одағының мойнына түсті. Грек журналисті Э.Дзелепи: «Черчилль КСРО ның осы соғыстан қансырап, әлсіреп шыққанынын, сөйтіп, келекшетегі Европадағы өз ықпалынан айырылғанын қалады»,- деп жазды.
Кеңес үкіметі 1941 -1942 жылдары бірнеше рет Европада екінші майдан ашу күн тәртібіне қойды. Бірақ Черчилль мұндай әділ талабын орындаудан бас тарта берді. 1942 жылы сәуірде АҚШ президентінің жеке өкілі Гарий Гопкинс және АҚШ әскери штабының басшысы генерал маршел Лондонға келіп , Черчилльмен Батыс Европада әскер түсіру мәселелерін талқылады.
Черчилль Батыс Европада күрделі операциялар жүргізуді қаламады. Коммунистер мен өзге де азаматтар Черчилльден екінші майдан ашу ісін жеделдетуді талап етіп демонстрациялар өткізді. Ағылшын халқы екінші майданның ашылмауы тек КСРО үшін емес, сондай-ақ Англия үшін қатер туғызатынын жақсы түсінді.
1942 жылы мамырда КСРО халық комисары, сыртқы істер министрі В.М. Молотов Лондонға келді. Черчилль десант түсіруге қолайлы аймақтар деп Па-де Кале, Шербура , Брест жерлерін атады. 30 мамырда Рузвельдпен сондай-ақ оның Кеңесшісімен кездесуді кейінде Молотов Американ өкіметіне де 2 майдан ашу мәселесін қойды.
1942-1943 жылдар Германияның жеңудің ауылы әлі алыс болатын. Черчилль үкіметі болса, екінші майдан ашу ісін орындаудан бас тарта берді. 1942 жылы Мәскеуде Черчилль Кеңестер үкіметіне екінші майдан 1943 жылы ашылады деп сендірді. Оның бұл әрекеті де алдауға айналды. Мұны анық түсірген Кеңес басшылығы бірнеше рет қарсылық ноталарын жолдады. 1942 жылы Сталин Лондондағы КСРО елшісіне жазған хатында: «Бізде, жалпы Мәскеуде мынадай ой мазалап жүр. Черчилль КСРО ның соғыста жеңілгенін қалайтын курс ұстаған сияқты. Черчилльдің екінші майдан ашу, КСРО-ға қару-жарақ жеткізудегі немқұрайды әрекеттерін басқалай түсіндіру мүмкін емес» деп жазды.
Осылайша, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Англия екі ірі одақтастары ішінде әсіресе АҚШ пен тығыз қарым-қатынас орнатты. КСРО- ға қарағанда, құрама штаттар Англияға материалодық көмектер ( қару-жарақтар, әскери ұшақтар мен кемелер т.с.с)
Көп үлестіріп беріп, отырды. Уинстон Черчилль Кеңестер одағына жасаған әділетсіз саясаттарын тек Англияның мүддесі үшін, келешекте Евпропада социализм мен коммунизм «Елестері кезбеу» үшін жасады.
