Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соц.работа Сұлтангазы Салтанат.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287 Кб
Скачать
☆

Мазмұны

КІРІСПЕ

4

1

Заманауи студенттің әлеуметтік портретін жасаудың теориялық және практикалық маңызы

1.1

Студенттің әлеуметтік портреті туралы түсінік

6

1.2

Мәселенің қойылымы, зерттеу әдістері

7

2

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕЛБЕТІНЕ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1

Білім алушылардың салауатты өмір сүру сипаттамасы

14

2.2

Жастардың өзін-өзі бағалау мен бос уақытын өткізу мәдениетіндегі көзқарастарын бағалау

17

3

НАРХОЗ Университет студенттерінің бейнесін қалыптастыру бағыттарына ұсыныс әзірлеу

3.1

Білім алушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы негізгі қағидалар

21

Қорытынды

35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

37

КІРІСПЕ

Жоба тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" газетінде жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында мынадай мәселелерді көрсетеді. “Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді”-деп жастардың бойындағы болуға тиісті құндылықтарды: “Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады” деп атап көрсетті [1]. Ел басшысының мақаласында көрсетілген адами құндылықтар Нархоз университеті жастарының бойында болуға тиісті, сондықтан XXI ғасырдағы ұлттық сана адами құндылық үлгісінің болуы, бүгінгі жастардың тұлға ретінде қалыптасуын зерттеуге арналған біздің жоба тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Жобаның мақсаты – қазіргі заман студенттердің әлеуметтік бейнесінің теориялық маңыздылығын қарастыра отырып, әлеуметтік келбетін социологиялық зерттеулермен әдістерін талдау арқылы, Нархоз Университет студенттерінің әлеуметтік бейнесін қалыптастыруға арналған ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жобаны зерттеу міндеттері:

  • заманауи студенттердің әлеуметтік портреті түсінігіне анықтама беру;

  • социологиялық зерттеу жүргізу әдісін қолдану арқылы студенттердің әлеуметтік портретін көрсету;

  • білім алушылардың өмір сүру деңгейіне, өзін-өзі бағалауы мен бос уақытын өткізу мәдениеттіндегі көзқарастарын талдау;

  • жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыру бағыттарына арналған ұсыныстар әзірлеу;

Зерттеу нысаны – Нархоз Университетінің барлық мектептерінің студенттері.

Студенттер университетте кәсіби білім алып қана қоймай, жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамның дамуында өзіндік орны бар толық адам болу үшін адами құндылықтарды да қалыптастыруы тиіс. Осы адами құндылықтар біздің университетімізде қалай жүзеге асып жатқанын зерттеу үшін осы жоба тақырыбын таңдаған болатынбыз. Біз өз жұмысымызда жас адам үшін кәсіби маман құндылықтарын, басқарушы, ұйымдастырушы, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орната алатынын адам ретіндегі мінез-құлқы, мақсат-мұраттары, отбасын құруға дайындау сияқты мәселелерді зерттеуді ұйғардық. Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден кейін біздің елімізде мемлекеттік емес ЖОО-дары көптеп ашыла бастады. Заманға сай оқу орны болғандықтан, Нархоз оқу үрдісін жоғары дәрежеге көтеруге, студенттердің жеке қажеттіліктерін қарастыруға, аймақтық талаптарға және т.б. сай келуге өз стратегиясын жасап отырды.

Жүгінісова Ақтоты Өмірбекқызы зерттеу жобамыздың бірінші бөлімін жазды. Жазылған бөлім тақырыбы: Заманауи студенттің әлеуметтік портретін жасаудың теориялық және практикалық маңызы.

Султанқазы Салтанат Ержанқызы жобаның екінші бөлімін мына негізінде жазды: Нархоз Университеті студенттерінің әлеуметтік келбетіне социологиялық талдау жасау.

Жоба Университеттің “Студенттермен жұмыс” деканымен жоспарланып, кейбір ұсыныстар студенттік кеңес жұмыстарына қолданысқа енгізілді.

Орынтаев Ернияз Серікұлы жобаның үшінші бөлімін қарастырды. Ол бөлімде Нархоз Университеті студенттерінің бейнесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды жазды.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі 2017 жылдың 11-нші сәуірде Нархоз Университет АҚ-да “Құқық және Мемлекеттік басқару” мектебі ұйымдастырған «Тәуелсіз мемлекеттің саяси-құқықтық, халықаралық және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттар: мәселері мен бағыттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында: Жүгінісова Ақтоты Өмірбекқызы «Нархоз университеті студенттерінің әлеуметтік портретін зерттеу әдістемесі» тақырыбына, Султанқазы Салтанат Ержанқызы «Қазақстан Республикасында халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс жүйесін қалыптастыруын талдау» тақырыбына, Орынтаев Ернияз Серікұлы «Жас отбасылармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы» тақырыбына баяндамалар жазып ұсынды.