- •Нархоз университеті
- •Дипломдық жоба
- •«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
- •1.1 Алматы қаласындағы көшелер бойындағы жаяужолдардың
- •Қазіргі жағдайы
- •2.1 Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу
- •2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардың қазіргі сипаты
- •2.2 Әуезов, Бостандық, Алатау, Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, мәселелері және шешу жолдары
- •2.3 Қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау («Алматы қаласының даму орталығы» ақ мысалында)
- •3 Алматы қаласының жаяужолдарын көркейту, жетілдіру бағыттары
- •3.1 Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
|
|
|
КІРІСПЕ
Жоба тақырыбының өзектілігі. 2016 жылдың басында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Алматыда болған сапарында бірқатар нысандарды аралап, Қысқы Универсиадаға дайындық жөнінде кеңес өткізіп, қала әкімі Б. Байбекке Алматы қаласына қамқорлықпен қарауды тапсырды.
Ол өз сөзінде: “Алматыны бүкіл Қазақстан жақсы көреді. Сондықтан қаланы жақсы көріп, аялап, ластамай, көгалдандыруға көңіл бөліп, көшелердің тазалығын, тәртібін қадағалау қажет. Тауларды, сұлулықты сақтап қалу керек” – деп қаланы оның көшелерін жақсартуға біршама тапсырмалар берді [1].
ҚР Үкіметінің қабылдаған «Алматы - 2020» бағдарламасында оны дамытудың 7 бағыты айқындалған. Онда: 1-ден, қалатұрғындар үшін жайлы болуы қажет. 2-ден, қауіпсіз,3-ден, әлеуметтік салаға бет бұрған қала болғаны дұрыс. 4-ден, экономикалық жағынан тұрақты, 5-ден, жеке капитал мен бизнес қаласы болуы қажет. 6-дан, интеграцияланған, яғни барлық аумақтар бірдей дамыған, халықаралық қатынастарда орны маңызды, 7-ден, қала тұрғындары белсенді болуы керек. Осы басымдықтарды толықтай жүзеге асыру – алдағы бес жылда қаламызға айтарлықтай оң өзгерістер алып келеді деген сенімдеміз [2].
Қалалардың әсемдігі, архитектуралық-ланшафтық ортасы, ондағы қала тұрғындарының демалуына және қала көркіне бағдар жасай алуы үшін әрбір ірі қалалардағы жаяужолдар қарастырылған. Сол сияқты Қазақстанның бас қаласы, мәдениет пен қаржы орталығы болып саналатын Алматы қаласының саяси, экономикалық және әлеуметтік орны ерекше. Сондықтан да Алматы қаласының тарихи архитектуралық мүмкіндіктерін ескере отырып, ондағы бірнеше ірі жаяужолдардың барлығы және олардың қазіргі кездегі жағдайын зерттеп, мүмкін болғанда осы жолдарды ары қарай дамыту, көркейту және тұрғындардың пайдалануына қолайлы әрі тиімді етуге ұсыныстар беру дипломдық жоба тақырыбының өзектілігін білдіреді.
Алматы – Қазақстанның ірі қаласы. 2017 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш бойынша Алматы қаласының тұрғындары – 1 703 500 адамды құрайды. Алматы қаласының аумағы – 682 шаршы км [3].
Жобаның негізгі мақсаты - Алматы қаласындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайын зерттеу, олардың заманауи талаптарға сай әрлендіру және тұрғындарға қолайлы ету үшін ұсыныстар әзірлеу. Айқындалған мақсаттарға орай келесі міндеттерді шешу жүктеледі:
қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызын анықтау;
қала тұрғындарын жаяу жүретін жолдардың ыңғайлығы мен көріктігін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізу;
Алматы қаласы орталығындағы жаяужолдар көшелерінің қазіргі жағдайын сипаттау;
Әуезов, Бостандық, Алатау және Медеу аудандары бойынша жаяужолдардың қазіргі жағдайы, тиімділігі, мәселелерін қарастыру, салыстырмалы талдау жасау;
қала аудандарындағы жаяужолдар сипатын талдау, оның ішінде
социологиялық зерттеу жүргізу және суретке түсіру арқылы мәселелік аймақтарды анықтап тиісті органдарға жеткізу;
Жобаның негізгі нысаны– Алматы қаласының Әуезов, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарындағы және жаяужолдары бар басты Абылай хан, Абай даңғылдары, Жібек жолы, Панфилов, Пушкин көшелері және Республика алаңы қарастырылады.
Жобаның негізгі субъектілері -Алматы қаласының әкімшілігі және Алатау, Әуезов, Медеу, Бостандық аудандық әкім аппараты.
Жобаның негізгі идеясы -Алматы қаласындағы тұрғындардың жүріп тұруына, демалуына, спортпен айналысуына қолайлы болатын жаяужолдардың жағдайын анықтап, оларды барынша көріктендіруге және пайдалы етуге ұсыныстар әзірлеу және әлеуметтік тиімділігін арттыру болып табылады.
Дипломдық жобаның жұмыстарын үшеуіміз бөліп атқардық. 1.1, 2.1 – бөлімдерін Таужанова Аида, Кадирова Әлемшат - 2.2, 2.3 бөлімдерін, ал Құрманбаева Құндыз 3.1 және қорытынды бөлімдерін жазды. Алматы қаласының даму орталығы берген тапсырмаларды орындап, яғни Алматы қаласындағы 4 аудан бойынша: Бостандық, Әуезов, Алатау, Медеу көшелеріндегі жаяужолдарды суретке түсіріп,оның бойындағы демалу орындықтарының, қоқыс жәшіктерінің және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустардың жағдайын, бар-жоқтығын анықтап, электронды карта әзірленді.
