Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 ТӨТЖ Тәжірибе жұмысы №10.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Мб
Скачать
☆

10.3 Жұмысқа дайындалуға арналған материалдар

10.3.1 Бекітпелерді орындауға арналған тігін машиналары

Бекітпелер, эмблемаларды, балақ бауларды және т.б. (кесте 10.1) жапсыра тігу инешаншымдары конфигурациясы бойынша, тігістер орындау өріс параметрлері және шаншулар саны бойынша шектелген күрделі тігістерге жатады. Осындай мақсатта қолданылатын машиналардың ішіндегі белгілісінің бірі 1820 «Орша» АҚ жартылай автоматтар болып табылады.

Кесте 10.1 - 1820 классты «Орша» АҚ жартылай автоматтарында орындалатын инешаншымдардың параметрлері

Класс

қолданылуы

Тігістің эскизі

Тігістің өлшемдері,

мм

Тігістің соңындағы шаншулардың саны

1

2

3

4

5

1820-2

Өлшемі 20×22 мм конфигурациясы күрделі тігісті орындау үшін

а=20

b =22

40

1820-3

Өлшемі 25×35 мм Г-тәріздес тігісті орындау үшін

а=25 b=35

32

1820-4

1820-5

1820-8

1820-13

Өлшемі келесідей тік тігісті орындау үшін:

16 мм

30 мм

5 мм

20…40 мм

а=7…14

b =1,5…3

20

28

14

36

1820-12

7…14 мм ұзындықты бекітпені орындау

а=1,5…2,5

b=11…16

b=4…7

b=7…11

28

Кесте 10.1 жалғасы

1820-9

1820-10

1820-11

Киімді тігу кезінде бекітпелерді орындау үшін

40

20

28

1820-30

Спорт шалбарларына балақ бауларын қадау үшін

40

1820-51

Құлақшаларды қадау үшін

56

*1820-3; 1820-4; 1820-5; 1820-13; 1820-12; 1820-30 (ары қарай 1820-3 және т.б.); 1820-2; 1820-9; 1820-10; 1820-11; 1820-8 и 1820-51 классты тігін жартылай автоматтардың техникалық параметрлерін қарастыру қажет.

Жалпы параметрлері

Пышақтардың ресурсы (қайрауға немесе алмастыруға дейін жұмыс

істеу уақыты), ауысымдар ………………................... 50

Электрқозғалтқыштың қуаттылығы, кВт………............................ 0,55

Өлшемдері, мм ..... ……………….. 1060×685×1550

Массасы, кг … ………………..................................... 133

Тігін жартылай автоматтар жалпы және әртүрлі параметрлері кестеде 10.2 келтірілген.

Кесте 10.2 - Тігін жартылай автоматтарының ерекше параметрлері

Параметрі

1820-3 және т.б.

1820-2

1820-9, 1820-10, 1820-11

1820-8

1820-51*

Басты біліктің максималды айналу жиілігі, мин-1

2000

2000

2000

1200

1600

Тігілетін материалдардың максималды қалыңдығы, мм

5

4

6

4

3

*Қолданылатын инелер: 0319-33-120; қалған машиналар үшін – 0518-02-110; 0518-02-120; 0518-02-130 және 0518-02-150. Пішіні әртүрлі тігістерді орындау үшін өрістің жалпы өлшемі 40×60 мм. Шаншулардың саны 64-тен асыпауы қажет.

Екіжіпті қайықты инешаншым құру үдерісінде ине, қайық құрылғысы, жіптартқыш, жақтаушы және қысқыш табандық қолданылады. Басты біліктің бір айналымында бір инешаншым құрылады. Тігістің пішінімен түрі көшірме тегерікпен беріледі. Жақтаушы материалды ұстап тұрады және оны көшірме тегерікте берілген бағдарлама бойынша екі бағыттарда жылжытады.

Жартылай автоматтар, иненің жоғары орналасу кезінде машинаның қосылуы мен тоқтауын, жіптерді қию, табандықты көтеру және жіптерді босату механизмдерінің жетегі үшін электрмагниттерді басқаруды қамтамасыз ететін, автоматтандырылған жетекпен жабдықталады.

Жіптерді сабақтау және қайықты жіпті орау 1022М класты тігін машинасына ұқсас орындалады. Ине жібі жіптің керілісін негізгі реттеуіштен өтерден бұрын қосымша реттеуіші арқылы өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]