9.3 Жұмысқа дайындалуға арналған материалдар
9.3.1 «Промышленные швейные машины» жақ 51 кл. Машинасы
Машина трикотаж бұйымдарының бөлшектерін қию және қиық жиегін екі және үшжіпті инешаншыммен біріктіріп жиектеп торлап, тігуге арналған. Иілімді тігісті алу және оның созылып кетпеуін болдырмау үшін машинада дифференциалды жылжытқыш қолданылған. Машинада ине, ілмектегіштер, бөлшектерді жылжытқыш төрткілдеш, пышақтар механизмдері және қысқыш табандық торабы бар.
Ине механизмі алтыбуынды топсалы кеңістік механизм болып табылады. Басты біліктің 39 (сурет 9.1) иінінде 40 цилиндр мойыны бар, оған шаркелбетті ажырайтын ішпек 41 отырғызылған, оны бұлғақтың 28 төменгі басы қамтиды. Бұлғақтың жоғарғы басы күйентеде 25 тоқтатқылық бұрандалармен бекітілген, шаркелбетті саусақпен 26 қосылған. Күйентемен 25 бір бүтіндей орындалған өсі 27, машинаның жеңінде бекітілген, төлкелердің ішінен өтеді.
Сурет 9.1 - 51 кл. машинаның кинематикалық сұлбасы
Иін 40, бұлғақ 28 және күйенте 25 кеңістіктік төртбуындық айналшақты күйентелі механизмнің буындары, мұндағы буындар 40 және 25 өзара перпендикуляр жазықтықтарда қозғалады.
Иінтірек 29, бұлғақ 23 және қамытша 21 инежүргізгішпен 22 – жазық төртбуынды күйентелі-бұлғақты механизмнің буындары. Мұнда инежүргізгіш сырғақтың қызметін орындайды. Инежүргізгіштің жүрісін жолының мөлшерін жұмыс жағдайларына байланысты 22,5—24 мм шамасында реттеуге болады. Ілметегіштің инемен қалыпты өзара әрекеттесуі үшін ине, тік өске еңістігі 23°3/ бұрышпен қозғалады.
Басты біліктің сол жақ ұшында тоқтатқылық және орнатулық бұрандалармен ілмектегіштер механизмінің айналшағы 3 бекітілген. Айналшақтың 3 саусағында цилиндрлік төлке орналасқан, оған ажыратылатын бұлғақтың 1 жоғарғы басы қамтитын, шарлы ішпек 2 кигізілген. Бұлғақтың 1 төменгі басы, машинаның тұрқында бекітілген өсте 57 тербелетін, үшиінді иінтіректің 60 сол жақтағы иінінде бұрандамен бекітілген шарлы саусақпен 61 қосылған.
Иінтіректің ортаңғы иінінде оң жақ ілмектегіш 52 орнатылған. Иінтіректің 60 оң жақ иіні бұлғақ 54 арқылы иінтірекпен 51 топсалы қосылған, оның жоғарғы ұшында сол жақ ілмектегіш 58 бекітіледі. Иінтірек 51 машинаның тұрқында бекітілген өсте тербеледі. Иінтіректің 60 оң жақ иінінде сол жақ ілмектігіш жібінің жіпбергіші 56, ал сол жақ иінтіректе 51 оң жақ ілмектегіш жібінің жіпбергіші 53 орнатылған.
Айналшақ 3, бұлғақ 1 және иінтірек 60 кеңістік төртбуындық механизмнің буындары болып табылады. Иінтіректің оң иіні 60, бұлғақ 54 және иінтірек 51 жазық төртбуынды топсалы қоскүйентелі механизмнің буындары болып табылады. Осы механизмнің өлшемдері сол ілмектегіштің сағат тілі бойымен бұрылысы кезінде оң ілмектегіш сағат тілінен қарама-қарсы, және керісінше қозғалатындай етіп таңдалынған.
Бөлшектерді жылжытуға арналған төрткілдеш механизмнің құрылысы келесідей. Машинаның бас білігінде екі орнатулық бұрандалармен төрткілдештердің 55 және 59 бойлық жылжытыуларын реттелетін эксцентригінің 42 тұрқысы бекітілген. Тұрқыда қарлығаштың құйрығы түріндегі бағыттауыш кілтек бар, мұнда реттеуші бұранданың көмегімен, бұлғақтың 38 алдыңғы басы қамтитын эксцентрик 42 жылжуы мүмкін. Бұлғақтың артқы басы жылжыту қуыс білігінің 34 күйентесімен 35 топсалы жалғанған. Қуыс жылжыту білігі 34 машинаның платформасында бекітілген және осы білікті 34 өсі бойымен жылжуын шектетін, төлкелерге таянады. Беріліс білігінің сол жақ ұшындағы құлақшалар иінтірекпен 32 топсалы қосылған. Иінтіректе 32 алдыңғы төтркілдеш 55 бұрандамен, бойлық жылжыту беретін эксцентрик 42 бекітілген. Иінтірек 32 вертикаль қозғалысты басты білікте орналасқан, эксцентриктен 4 бұлғақ 5 арқылы алады.
Жоғарыда келтіргендей, машинада екі төрткілдеш бар. Екінші төрткілдеш 59 (артқы), алдыңғыға 55 қарағанда, біраз азырақ шамаға жылжиды, осыған байланысты материалдың жылжуы кезінде созылуы болмайды. Бұл трикотаждық төсемнен бөлшектерді өңдеу кезінде ерекше маңызды.
Материалдың артқы қозғалтқышы иінтіректе 6 бекітілген. Ол өзінің шығыңқысымен иінтіректің 32 бағыттаушы кілтесіне кіреді және сонымен қатар өзінің көлденең тесігімен иінтіректе бекітілген ақаға кигізіледі. Мұндай қосылыс иінтірекке 6 иінтірекпен 32 бірге тік жылжуға және онымен бірге бойлық бағытта біруақытта жылжуға мүмкіндік береді. Көлденең жылжуды иінтірек 6 беріліс білігінен 34 қосылыстық буын 7 және топсамен 18 біліктің 34 құлақшасына қосылған реттеуші иінтіректен 16 алады. Иінтіректің 6 көлденең жылжуы реттеушік иінтіректің 16 орынжайына байланысты болады. Реттеуші иінтіректің 16 орынжайын бекіту үшін, иінтірекке топсалы қосылған және ұштарында серіппенің 14 әсерімен беріліс білігінің 34 құлақшасында жылжымайтын сектордың 17 тістеріне кіретін, тістері бар серіппеленген шаппа 15 қызмет етеді.
Пышақ механизмінің құрылысы келесідей. Төменгі жылжымайтын пышақ 48 ұстағыштың көмегімен бұрандалармен 49 арнайы қалыпшада бекітілген. Қалыпша машинаның тұрқының алдыңғы тіреуіне бекітілген. Жоғарғы жылжымалы пышақ 47 ұстағыштың 46 басында бекітілген, оның сырығы машинаның тұрқына топсалы бекітілген, иінтіректің 43 құлақшасының тесігіне кіреді. Серіппенің 44 әсерінен жоғарғы пышақ төменгіге қысылады. Иінтірек 43 эксцентрикпен 4 бір бөлшек түрінде орындалған. Ол ілгері-қайтымды қозғалысты эксцентриктен 50 бұлғақ 45 арқылы алады. Төменгі пышақтың кесу жүзі ине тілімшесінің деңгейінде болатындай етіп орнатылады.
Қысқыш табандық 37 машина тұрқының бастиегіне топсалы қосылған иінтірекке 11 бекітілген. Табандықтың кілтесінде ілмек түзуші саусақ 36 бекітілген. Материалға қысым аралық таяныш арқылы иінтірекке 11 әсер ететін, серіппемен 12 орындалады. Табандықтың материалға қысым күші бұрандамен 13 реттеледі. Табандықты көтеру иінтіректің 8 көмегімен басқышпен орындалады, ал иінтірек 9 табандықты қолмен көтеруге арналған.
