- •Жшс «bugin group» турфирмасының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Турфирма туралы мәлiметтер
- •1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
- •1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
- •2 Ақтөбе облысының қобда ауданының туристік-рекреациялық ресурстары
- •2.1 Қобда ауданының табиғи рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық ресурстары
- •Сурет 7. Абат –Байтақ кесенесі
- •2.2Туризмнің қазіргі даму жағдайы мен ауданның рекреациялық әлеуетін пайдалану деңгейі
1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
Кәсiпорынның ұйымдастырылуы заңға сүйенген формасы – ЖШС «Bugin Group» турфирмасы (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік).
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестіктері, сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық нысаны байқалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеген артықшылықтары бар:
- бұл нысан, бірнеше қатысушы бар бизнес жүргізу барысында жеке тұлғалық және материалды мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесін құқықтық реттеу кезінде көптеген диспозитивті нормаларды қолданады, бұл қатысушыларға көптеген шарттарды өздері белгілеуге мүмкіндік береді;
- қоғам алдында есеп беру міндеттілігінің жоқтығы; қатысушыларды тіркеу кезінде 25 % жарғыны төлеп, қалғанын бөлшектеп төлеуге мүмкіндігі бар.
Серіктестіктің құрылтай құжаты болып, құрылтай шарты табылады. құрылтайшылардың қол қойған жарғысы болады. Бұл серіктестік бір ғана тұлғадан құрылады, оның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Серіктестік жарғылық қоры құрылтайшыларының салымдарынан құралып, өз несие берушілердің мүддесін есепке алатын минималды мөлшерін белгілейді. Артықшылықтары: ірі қаржы сомасының тез арада жиналуы, бір тұлғамен де құрылу мүмкіндігі, серіктес мүшелері, серіктестік міндеттемелері үшін шектеулі жауапкершілікке ие.
Туристiк фирма қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың ұйымдық құрылымы 5 суретте көрсетілген.
Сурет 2. Басқарудың ұйымдық құрылымы
Әр туристiк фирманың өз маманданған саласы болады, бiрақ көбісі түрлi бағыттарда бірдей жұмыс жасай алмайды. «Bugin Group» турфирмасында олар төртеу:
- шетелдiк туризмнiң бөлiмi және VIP - қызмет көрсету
- Ақтөбе облысы Қобда ауданың туризм және қажылық қызмет көрсету
- қажылық және умра туризмін дамыту
- қабылдау бөлiмi және экскурсиялық қызмет көрсету
Фирманың барлық қызметi фирма бөлiмдерiнiң табысты жұмысына тәуелдi болады. Негiзгi бөлiмдерден басқа тағы 2 бөлiмдер жұмыс iстейдi: виза және бухгалтерлiк.
1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
Фирмада қажылық туризмін дамыту мақсатындағы шаралар: діни бағытта білім беру, ифтикаф, танымдық экскурсиялар.
Қазақстанның барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату: - Эйр Астана;
- Скат;
- Семей-авиа;
- Джезказган авиа;
Ресейдің барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату: - Трансаэро;
- Аэрофлот;
- Россия;
- Сибирь авиа;
- ресейлік басқа әуе жолдары;
- таяу шетел авиакомпаниялары;
- Georgian Airways;
- Узбекистон хаво йуллари;
- Донбассаэро;
- Алыс шетел авиакомпаниялары;
- Kam Air;
- KLM;
- Lufthansa;
- British airways;
- Turkish airlines;
- Asiana airlines;
- Star alliance;
«Bugin Group» 25 авиакомпанияның авиабилеттерін сатуды жүзеге асырады: - KLM;
- Turkish Airlines;
- BMI;
- Lufthansa;
- Transaero;
- Aeroflot;
- Air Astana;
- Air Arabia;
- Скат;
- басқа авиакомпаниялар;
Барлық авиакомпанияларға авиациялық билеттерді брондау мен рәсімдеу: - Қазақстандық;
- Ресейлік;
- Халықаралық;
- Офистарға билеттерді тегін жеткізу;
- Визалық қолдау;
- Сақтандыру;
- VIP – қызметтер;
- Ақтөбе қаласындағы қонақ үй-аэропорт-қонақ үй трансферын ұсыну;
Авиакомпаниялардың өз рейстарына арнайы және жеңілдігі бар тарифтері болса, операторлар брондау кезінде клиенттеріне бағалары әдеттегіден төмен арнайы тарифтерді ұсынады:
- жастарға және балаларға;
- егде жастағы адамдарға;
- топтық;
- халықаралық туризм (лицензия ТО- 481 от11.07.2007. сертификат соответствия КСYN 0012195 от 11.07.2007);
- клиенттерге ыңғайлы төлем: ақшалай, кредиттік карталар;
- әуежайда VIP қызмет көрсету;
Ақтөбе облысы және Қазақстанның басқа қалаларында отелдерді брондау «Bugin Group» турфирмасы қажыларымыздың қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларындағы сапары кезінде араб тілі мен өзге де тілдерді жетік меңгеріп, Ислам мәдениетін, Исламның жауһар құндылықтарын, тарихи орындарын жақсы білетін кәсіби жолбасшылар қызметін ұсынады. "Bugin Group" командасы - бұл туризм саласында және әуе, теміржол билеттерін сату саласында көпжылдық тәжірибелері бар, IATA халықаралық диплом иегерлері, үнемі кәсіби деңгейлерін арттырып отыратын мамандар. Компания жұмысының басты принципі - клиентпен жұмыс кезінде жоғары дәрежеде қызмет көрсету. «Bugin Group» өз клиенттері мен серіктестері алдында алған жауапкершілігін әрқашан орындайды. Бұл компания жетістігінің кепілі. Компания өз жұмысын әрқашан жетілдіріп отырады, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтіп, сапасын жақсартады.
