- •«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша кейстер өңдеуге қатысты әдістемелік нұсқамалар қарағанды - 2013
- •Мазмұны
- •1. Кейс түсінігі, мақсаттары, қызметтері және ерекшеліктері
- •2. Кейстің жіктелуі:
- •Кейстің «маскировкасы»:
- •5. Кейстің мазмұны:
- •6. Кейс сапасын бағалау жүйесі:
- •3. Кейс: өңдеу, құрау және қолдану
- •Кейсті өңдеу үшін рольдік идентификациялау мен уақыттың шектеулер:
- •Кейс жоспарын нақтылау:
- •4. Кейсті өңдеу құрылымы:
- •Кейс форматы мен көлемі
- •7. Кейсті кафедраға ұсыну:
1. Кейс түсінігі, мақсаттары, қызметтері және ерекшеліктері
Кейс – бұл ұйым, мекеме, кәсіпорындарда қалыптасқан нақты жағдайды сипаттайтын нақты фактілер мен оқиғалардың жиынтығы, мәселенің қойылуы, оны зерттеу, талдау, болып жатқан оқиғаларды бағалау.
Кейс – әдіс – студент білімді тәжірибеге бейімдейтін тәсіл, ол таным процесін тәжірибеде қолдануға жақындатады.
Өндірістік тәжірибе өту қорытындылары бойынша кейсті өңдеудің мақсаты: «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің шығармашылық потенциалын дамыту.
Кейсті өңдеудің зерттеу пәні:
- «заманауи мемлекеттік қызметші» моделін қалыптастыру;
- мәселені іздеу – басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіндегі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: ішкі және сыртқы ортаны талдау, тәжірибе жинақтау, тәжірибелік дағдыларды жүзеге асыру, басқарушылық шешімдердің жүзеге асырылуын бақылау.
Кейс қызметтері:
- «МЖБ» мамандығы студенттерінде басқарушылық дағдыларды бекітудің тиімді формасы;
- теория мен тәжірибені жақындату, студентте қаржы-экономикалық ойлауды қалыптастыру, басқарушылық шешімді қабылдауға үйрету.
«КЕЙС-ӘДІСТІҢ» тәжірибелік қызметі:
- туындаған жағдайды зерттеу;
- туындаған жағдайда қызығушылықты өзектендіру;
- маңызды болмайтын факторларды алшақтату;
- нақты тәжірибені қабылдау тәсілдері мен әдістерін кеңейту.
КЕЙС қарастырады:
- ақпараттың қол жетімділігі;
- баяндау анықтығы;
- мақсаттың нақтылығы;
- пәннің өзектілігі;
- нормативті-құқықтық базаны қолдану;
- объектінің пәнаралық байланыстары;
- позитивті резонанс.
Кейс-әдістің артықшылықтары:
Стратегиялық ойлауды қалыптастырады;
Теориялық білімді қолданады;
Дәлелдеуші полемиканы жүргізу ептілігі;
Қарқындар мен заңдылықтарды айқындау, жағдайды дамыту;
Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару теориясы мен тәдірибесін бекітеді.
Кейстің плюстері:
Өзгерістердің болу себептерін түсіндіреді;
Мәселелерді тереңнен талдап, себептерін айқындау мүмкіндігін ұсынады;
Жағдайдың тұтастай бейнесін береді;
Шешім қабылдау процесіне ықпал етеді;
Әрі қарай зерттеу үшін негіз болады;
Егер ұсыныстар тәжірибеде орын табатын болса, студентпен жүргізілетін кейс нәтижелері құнды болады.
Кейстің кемшіліктері:
- жағдайдың шектеулі санынан жалпы қорытынды алу (сәйкесінше іріктеу, ықтималды бағалаудың болмауы, кездейсоқ таңдау жоқ, алдамшы қорытындылар);
- жағдайдың даму генеизсіне негізделе отырып, нақты қорытындыға келеді.
2. Кейстің жіктелуі:
- зерттеу стратегиясының типі бойынша;
- қолданылуы бойынша;
- кейстің әрекет етуші субъектілері бойынша;
- сюжеттің болуына байланысты;
- материалдың уақыттық ілеспелілігі бойынша;
- көлемі бойынша;
- құрылымдық толықтырылуы бойынша;
- ұсыну тәсілдері бойынша.
КЕЙСТЕР: ЗЕРТТЕУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТИПІ БОЙЫНША
барлау (exploratory) – алдын ала гипотезаны анықтауға бағытталған;
сипаттаушы (descriptive) – объектіні толығымен сипаттау бойынша ақпарат алу барысында қолданылады: сандық және сапалы сипаттамалар;
түсіндірмелі (explanatory or causal) – себеп-салдарлы байланыстарды айқындап, себептер мен салдарлар, объектіде болып жатқан процестер жөнінде гипотеза қалыптастырады.
КЕЙСТЕР: ҚОЛДАНЫЛУЫ БОЙЫНША
Иллюстративті – құжаттарды өңдеу барысында пайдаланылады (тәжірибеден мысалдарды негіздеу);
Зерттеуші – нақты жағдайларды зерттейді (кейс сызбасын кезеңдік қалыптастырудың сапалы параметрлері мақсатында мәліметтер алу үшін пайдаланылады);
оқу - білімін бекіту үшін пайдалану, білім беру процесінде біліктілік тәсілдемені қалыптастыру (жеке, топтық болуы мүмкін);
8
диагностикалық – резюмені бағалау ретінде, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау үшін, резервті қалыптастыру үшін қолданылады.
КЕЙСТЕР: ӘРЕКЕТ ЕТУШІ СУБЪЕКТІЛЕР БОЙЫНША
тұлғалық – нақты тұлғалар әрекет етеді: менеджерлер, саясаткерлер, жетекшілер;
ұйымдық-институционалды – ұйым, мекемелер мен олардың бөлімшелері әрекет етеді;
көпсубъектілі – бірнеше әрекет етуші субъектілерді қамтиды.
КЕЙСТЕР: СЮЖЕТТІҢ БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
сюжеттік – болған оқиғалар туралы баяндаманы қамтып, ұйым тұлғаларының әрекеттерін қамтиды;
сюжетсіз – сюжетті баяндау барысында шешімді ашатын сюжеттің жасырылуы. Сырттай олар жағдайды зерттеуге көмектесетін статистикалық материалдар, есептеулердің жиынтығын білдіреді.
КЕЙСТЕР: МАТЕРИАЛДЫҢ УАҚЫТТЫҚ ІЛЕСПЕЛІЛІГІ БОЙЫНША
оқиғалардың табиғи уақыттық ілеспелілігімен (өткеннен нақты шаққа) – себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді;
кейстер-еске түсіру – уақыт кейінге оралатын жағдайлар ретінде қолданылады: тұлғалар бірдеңені еске түсіреді, талдау жағдайды қайта өзгертіп, оны қандай да бір танымдық парадигмада саралауға әкеледі;
прогностикалық – өткен мен нақты шақ оқиғаларының сипатталуын білдіре отырып, жағдай дамуының ең жақсы нұсқасын өңдеу міндетін алға қояды.
КЕЙСТЕР: КӨЛЕМІ БОЙЫНША
шағын-кейс;
орта көлемдегі кейс;
макро-кейс.
КЕЙСТЕР: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ БОЙЫНША
Біртекті – қандай да бір әмбебап оқиғаның дербес зерттеуі болып табылады;
Көптік – ортақ зерттеу міндеттерімен біріктірілген кейстердің кешені.
КЕЙСТЕР: ҰСЫНУ ТӘСІЛІ БОЙЫНША
Аналитикалық справка ретінде;
Есеп ретінде;
Әңгіме ретінде;
Эссе ретінде;
Журналистік зерттеу ретінде;
Очерк ретінде.
