- •Дипломалды тәжірибе
- •1. Тәжірибе мақсаты мен міндеттері
- •2.Дипломалды тәжірибені және тәжірибе орныны дайындау және ұйымдастыру
- •3. Дипломалды тәжірибені өту бойынша ұйымдық-әдістемелік ұсыныстар
- •4. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4. Дипломалды тәжірибе жөнінде есепті рәсімдеу талаптары
- •5.Дипломалды тәжірибе қорытындыларын шығару
- •Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті
- •Диплом жұмысына тапсырма
- •Диплом жұмысын әзірлеу кестесі
- •Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті Дипломалды практикадан өту есебі
3. Дипломалды тәжірибені өту бойынша ұйымдық-әдістемелік ұсыныстар
Студенттердің дипломалды тәжірибесін ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басшылық етуді экономикалық теория және МЖБ кафедрасы жүзеге асырады. Тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге кафедра меңгерушісі мен тәжірибе жетекшілері ретінде тағайындалған кафедра оқытушылары жауапты болады.
Кафедрадан дипломалды тәжірибенің жетекшісі тәжірибені өтудің тұтастай уақытында белсенді қатысуы тиіс, мұнда:
- ұйымдық конференцияға қатысу, студенттерді дипломалды тәжірибе бағдарламасымен таныстыру;
- тәжірибе өту бағдарламалары және мерзімдеріне сәйкес тәжірибенің өткізілуіне қатысу;
- тәжірибенің өтуіне аралық бақылауды жүзеге асырып, студенттердің жеке тапсырмаларды орындауын тексеру;
- тәжірибе өту мәселелері бойынша студенттерге қажетті әдістемелік көмек пен кеңес беру;
- тәжірибе күнделігі мен оны өту есебін қабылдап, тексеру;
- тәжірибе бойынша есептердің қорғалуына қатысу.
Мемлекеттік мекемеден (ұйым) тәжірибе жетекшілері:
- кафедраға қосымшада ұсынылған типтік келісім-шарт түріндегі тәжірибе өту орнын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның келісімін ұсынады;
- студенттердің тәжірибе бағдарламасын орындауын қамтамасыз етеді;
- студенттерді ұйым (құрылымдық бөлімше) іс-әрекетінің негізгі бағыттарымен, жұмыс қағидалары және әдістерімен таныстырады;
- студенттердің ұйымның ішкі тәртібі ережелерін ұстануын бақылайды;
- тәжірибе тапсырмаларын орындау үшін студенттерге қолда бар әдебиетті, есептік, техникалық және ағымдық құжаттаманы (әрекет етуші ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес) пайдалану мүмкіндігін ұсынады;
- кеңес береді, сонымен қатар студенттердің мамандық бойынша қосымша білім алуы үшін қажетті жағдай жасайды;
- тәжірибенің аяқталуымен тәжірибе өту жөніндегі студенттің күнделігін қабылдап, қолын қойып, оның нәтижелері туралы пікір береді.
Дипломалды тәжірибе өтетін студент міндетті:
- тәжірибе жөніндегі барлық ұйымдық жиналыстар мен кеңестерге қатысу;
- тәжірибе өту бағдарламасымен танысу;
- жетекшімен тәжірибе өту кезеңіне жұмыстың күнтізбелік жоспарын келісу;
- мамандық бойынша жұмыстың тәжірибелік дағдыларын игеру;
- таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес жеке тапсырманы сапалы да толыққанды орындау;
- ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін орындау;
- есепті дайындап, дипломдық жұмысты жазу үшін қажетті материалды жинап, жалпылау;
- тәжірибе өту орны бойынша берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді жауапты орындау;
- тәжірибе күнделігін үнемі жүргізу;
- күнделікті бекітілген форма бойынша рәсімдеу, дипломалды тәжірибе бағдарламасының талаптарына сәйкес тәжірибе бойынша есепті дайныдап, тәжірибенің аяқталу күнінен бастап 7 күн ішінде кафедраға тапсыру;
- бекітілген мерзімде кафедрада тәжірибе бойынша есепті қорғау.
Дипломалды тәжірибе бойынша есепті қорғау үшін кафедра меңгерушісімен комиссия тағайындалады.
ТӘЖІРИБЕНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
Күндізгі бөлім студенттері үшін дипломалды тәжірибе мерзімі оқу жоспарына сәйкес – 5 апта. Тәжірибенің басталу және аяқталу күні университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
