Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕГ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

Есеп №5

«Э» зауытының суық түсіру цехының термиялық бөлімінде металлдың физико-химиялық қасиетін өзгерту және оған белгілі қаттылық, тұтқырлық беру үшін, шынықтыру және цианидтеу, өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Технологиялық үдеріс келесі кезеңдерді қамтиды: бұйымдарды пеште цианид тұздарымен бірге 800-9000С дейін қыздыру, май ваннасында тез салқындату, 250-3500С дейін екіншілік қыздыру және ақырын салқындату. Жылдың жылы мезгілінде микроклимат жағдайын зерттеу барысында термистердің жұмыс орнындағы температура 28 ден 300С дейін ауытқиды, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 50-60%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,5м/с екені анықталды. Жұмыс аймағындағы ауада цианидті сутектің концентрациясы 0,5мг/м3 (N-0,3 мг/м3 ), акролеин 0,5мг/м3 (N-0,2 мг/м3 ), СО – 25 мг/м3 (N-20 мг/м3 ).

Сұрақ:

1. Термистер жұмыс орнындағы ауа ортасының жағдайына баға беріңіз? 2. Осы жағдайда жұмыс істейтіндердің жылу берілу жолдарын көрсетіңіз?

Есеп №6

Машина құрылыс зауытының механикалық цехында токарлы, фрезерлі және бұрғылау станоктарында майлау – суыту сұйықтығын (МСС) қолдана отырып метал бұйымдарына суық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Станокшылардың жұмысы түргеп тұрып атқарылады, салмағы 10 кг бөлшектерді және заготовкаларды көтерумен және жылжытумен үйлесімді түрде жүргізіледі.

Жылдың суық мезгілінде микроклимат жжағдайын зерттеу барысында анықталды: станокшылардың жұмыс орнындағы температура 12 ден 140С (ең төмені есік ойығына жақын жерде) дейін ауытқиды, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 50%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,5-0,7 м/с.

Жұмыс аймағының ауасында МСС темодеструкциясының өнімдері анықталды, 2 қауіптілік классына жатады, саны жағынан ШРЕК 2,5 есе жоғарылаған. Станокшылардың жұмыс орнындағы жалпы шудың деңгейі 92-93 дБА құрайды. Сұрақ:

1. Микроклимат көрсеткіштерін өлшейтін аспаптарды атаңыз?

2. Қалыптаушылардың жұмыс орнындағы ауа ортасының жағдайына баға беріңіз?

Есеп №7

Иленген металл қаңылтырларын орташа қалыптау цехында, жеңіл және жүк автомобильдер корпусының бөлшектерін суық қалыптау жұмыстары жүргізіледі.

Қалыптау жұмыстары кезінде жарақаттану қауіп жоғары. Қалыптаушылардың жұмыс орнындағы жасанды жарықтандыруды өлшеу нәтижелері, жұмыс орындарындарының 80%-ы 110-120 лк, ал қалғаны 150-160 лк көрсетті.Қалыптаушылардың жұмыс орнындағы шудың жалпы деңгейі 88-89 дБА. Жылдың суық мезгілінде микроклимат көрсеткіштерін өлшеу барысында ауа температурасы 17-180С, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 48-52%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с екені анықталды.

Сұрақ: 1. Қалыптаушылардың еңбек жағдайын бағалаңыз?

2. Жарықтандыруды өлшеу үшін қандай аспап қолданады?

Есеп №8

Алкогольсіз сусындар зауытының ыдыс-аяқ цехында шыны бөтелкелерді қабылдаушының еңбек жағдайының ерекшеліктері және еңбек жағдайы зерттелді. Автомашиналардан ыдыс-аяқтарды қабылдау арнайы терезе ойықтары арқылы іске асырылады. Сондықтан қабылдаушы ережеге сәйкес ашық терезеде ыдыс-аятардың сапасын тексереді, сұрыптайды, есептеу жұмыстарын жүргізеді.

Микроклимат көрсеткіштерн зерттеу барысында қабылдаушының жұмыс орнындағы ау температурасы 10,1-11,80С, ауа ылғалдығы 70-75% (қоршаған ортаның орташа температурасы кезінде – 80С, салыстырмалы ылғалдылық 70%) екні анықталды.

Қабылдаушының жұмыс орнындағы жасанды жарықтандыру 250 лк құрайды (жарықтандыру жалпы, люминесцентті шам). Қабылдаушының жұмыс орнындағы шудың жалпы деңгейі 86-87 дБА. Сұрақ:

1. Қабылдаушының еңбек жағдайын бағалаңыз?

2. Жұмыс қабылеттілігінің фазасын атаңыз?