Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЕ 5 курс Каз-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
663 Кб
Скачать
☆

Билет № 1

1. Дәнекерлеушілер жұмыс орнында жалпы алмасатын және жергілікті сормалы желдеткіштерді тиімді орнату, дәнекерлеу орнында алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу және қамтамасыз ету

- аккумулятор цехындағы бөлмелерді және қондырғыларды, дәнекерлеу орнындарын сірке қышқылы ерітіндісін қолдана отырып үнемі (айына 1 рет) ылғалды тазалау жұмыстарымен қамтамасыз ету;

- анайы киімдерді жууды орталықтандыруды ұйымдастыру;

- тағамдарды қабылдайтын бөлмелерді бөлу.

2. Қорғасынмен созылмалы улану.

Билет № 2

1. Бензоараларды (бензопила) №17-20 дірілқауіпсіз түріне алмастыру;

- еңбек және демалыс тәртібін сақтау; - жұмыс ауысымындағы бензоарамен жалпы рұқсат етілген жұмыс істеу уақыты 4 сағаттан аспау қажет;

- демалу үшін регламеттелген үзілістерді енгізу;

- орманды құлатушылардың жылынуы және демалуы үшін арнайы бөлмелерді ұйымдастыру; - демалыс және үзіліс кезінде ыстық тамақтарды және сусындарды ұйымдастыру және т.б. 2. Діріл ауруы.

Билет № 3

1. Осы жұмыс орнында еңбек жағдайын жақсарту мына жағдайларға арқылы қол жеткізуге болады: эксковатор кабинасын тұмшаландыру; шаңды қондыратын суландырғыш құралын қолдану; жеке бас қорғаныс заттарын қолдану ( бет перде (маска), респиратор және т.б.); емдік профилактикалық шаралар (алдын ала және кезеңді медициналық қараулар, физиотерапиялық процедуралар).

2. Силикоз

Билет № 4

1. Еңбек гигиенасы дәрігері қорытынды диагнозды бекіту бойынша хабарламаны алғаннан бастап 10 күн ішінде әр кәсіптік созылмалы ауру (улану) жағдайына арнайы тексеру жүргізеді.

2. Тексеру барысында, жұмыс берушінің бұйрығы негізінде еңбек гигиенасы дәрігері басқаратын комиссия құрылады оның құрамында әкімшілік, еңбекті қорғау бөлімі, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті, денсаулық сақтау саласының медициналық қызметкерлерінен тұрады.

Билет № 5

1. Ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы шектеулі рұқсат етілген шамада. Жұмыс аймағындағы ауада цианидті сутектің концентрациясы ШРЕК 1,6 есе, акролеин 2,5 есе, көміртегі оксиді 1,25 есе жоғарылаған.

2. Жұмысшы термистердің жылу бөлінуі көбінесе булану есебінен жүзеге асады, конвекция және кондукция, сәулелену жолы арқылы жылу бөліну мүмкіндігі барынша шектелген. Осындай жағдайда ұзақ уақыт жұмыс істеу ағзаның қызып кетуіне және жылулық соққысына алып келеді.

Билет № 6

1. Микроклимат параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар: ауа температурасын-термрметрмен, салыстырмалы ылғалдылықты- Ассман психрометрмен; ауаның қозғалыс жылдамдығын-шарлы термрметрмен немесе анемометрмен (қанатшалы, термранемометр), шуды өлшеу үшін (ВШВ-003-М2) шу өлшегішін қолданады.

Жұмыс орнында шудың рұқсат етілген деңгейі - 80дБА. 2. Станокшылардың жұмыс орнындағы микроклимат көрсеткіштері гигиеналық талаптарға сәйкес емес: ауаның температурасы рұқсат етілген шамадан 1-70С есе төмендеген; ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,3-0,5 м/с жоғарылаған. Ауаның ылғалдығы-рұқсат шама деңгейінде. Станокшылардың жұмыс орнындағы шудың деңгейі ШРЕД 12-13 дБА жоғарылаған.

Билет № 7

1. Жылдың суық мезгіліндегі микроклиматтың рұқсат етілген көрсеткіштері болып табылады: ауа температурасы 17-230С; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 15-75%; ауаның қозғалыс жылдамдығы-0,2 м/с.

Жұмыс орнындағы шудың рұқсат етілген деңгейі 80 дБА құрайды. Минимальды жарықтандыру 150 лк кем болмауы керек.

Қорытынды. Қалыптаушылардың жұмыс орнындағы шудың деңгейі ШРЕД 8-9 дБА жоғарылаған; микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамада. Жасанды жарықтандыру көптеген жұмыс орындарында (80% жадайы) талаптарға сәйкес емес. 2. Жарықта өлшеуге арналған аспап – люксметр.