Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ 14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Эспарцет

Егісті күту. Көктемгі өңдеу арнайы тырмалармен, шабылғаннан кейін - ауыр соқалармен өңделеді. 2-3 жылдан кейінгі егістерде саңылау жасау қолданылады. Қажет болған жағдайда аурулармен және зиянкестермен күрес шаралары жүргізіледі.

Ору. Эспарцетті шөпке пайдаланудың оңтайлы мерзімі – гүлшанақтың қалыптасатын уақыты.

Эспарцеттің жақсы қасиеттерінің бірі – тұқымдарының өнімділігі. Оның тұқымдарының орташа түсімділігі 1 гектардан 5-6 ц. Тұқымдықтар зиякестерден жапа шекпейді.

Тұқымдардың жетілу уақыты ерте басталады. Эспарцеттің тұқымдары жаңа орылғанына қарағанда бір жыл тұрғаны өнімді көп береді, тез көктейді.

Түйежоңышқа

Аудандастырылған сорты - Колдыбанский (сары).

Алдыңғы дақылдар. Түйежоңышқаның алдыңғы дақылдары топырағы төмен құнарлы болса да, міндетті түрде арамшөптен таза болуы тиіс. Екінші жылында арамшөптерді түйежоңышқаның өзі басып тастайды, олардың таралуына жол бермейді.

Топырақты өңдеу. Ауыр механикалық құрамды сортаңды жерде топырақты терең аудармай жырту, ал жеңіл топырақта – беткі қабатын фрезерлік немесе ауыр дискілі тырмамен өңдеген жөн. Егіс алдында 2-3 із салып, тырмалау, жаймалау жүргізіледі, ал егіс кезінде жамылғыны 4-5 см тереңдікке тырмалаудан басқа бірнеше егіс алды қопсытулар жүргізіледі.

Егіс. Түйежоңышқа күздік дақыл болғандықтан, оны бірнеше мерзімге егуге болады. Бірінші рет ерте егілетін жаздықтар егісінің алғашқы күндерінде, екіншісі – тары егу кезінде, үшіншісі – ылғал топыраққа шілде аяғы мен тамыздың басында. Егер тұқым 100 % жарамды болса түйежоңышқаны таза күйінде жаппай егу мөлшері 10-12 кг/га, жартылай жамылғы астына егу мөлшері - 7-8 кг/га. Тегіс егілуі үшін ағаш жаңқалары, електен өткен қауыз, 1 гектарға 50 кг есебімен гранулалық суперфосфат сияқты араластырушылар қолданылады. Егіс дәндішөп сепкіштермен 2-3 см тереңдікке бүркемелі дақыл егумен бірге жүреді..

Егісті күту. Егістен кейін міндетті түрде танап жаймаланады.

Ору. Бірінші жылғы түйежоңышқаны ору үшін 15 см-ден кем емес сыдырынды қалдыру қажет. Сыдырынды неғұрлым биік болса, бүйірлік өркендері соғұрлым тез өседі, қыста биік сыдырынды қарды жақсы ұстайды. Түйежоңышқаны шабудың қолайлы мезгілі гүлшанағы қалыптасатын уақыт. Алайда бұл тек жауын-шашынды жылдары ғана жүзеге асады, онда 2 рет шабу мүмкіндігі туады. Қуаңшылық жылдары түйежоңышқаның алшынкөгі аласа болатындықтан, гүлдеу кезеңінде жүрген жөн. Тұқым өнімділігін арттыру үшін түйежоңышқаның егісіне аралар әкелінсе, түсімділік 2 есе артады.

Түйежоңышқаның гүлдеу мен жетілуі әркелкі болғандықтан, тұқымға оруды өсімдіктердің үштен бір бөлігі қоңырайғанда бастайды. Ору бөлек жүргізіледі. Десте жинағанда олардың шашылып қалмауын және құрғап кетпеуін қадағалаған дұрыс. Орылып, алғашқы тазартудан өткен тұқымдар қатты тұқымдарды азайту үшін жоңышқа өткізгіштен немесе жармалаушыдан өткізіледі.

Тарақ бидайық

А удандастырылған сорттары. Краснокутск тар жолақтысы 305, Орал тар жолақтысы, Тайпақтық.

Алдыңғы дақыл. Ауыспалы егісте пардан кейін екінші және үшінші дақыл болып егілетін ақ бидайдан кейін орналасады.

Топырақты өңдеу. Тарақ бидайықтың жақсы түсімін қамтамасыз ететін агротехникалық тәсілдердің ішінде топырақ өңдеудің маңызы зор, оның міндеттері: ылғалды мейлінше сақтап, жинақтау, арамшөптермен, аурулармен және зиянкестермен күресу.

Негізгі өңдеу сүдігерді жырту 20-22 см тереңдікте жүреді. Көктемде топырақ тырмаланып, жаймаланады, жаймалау жер бетін тегістейді де, тұқымдар қажетті тереңдікте 2-3 см-де жатады.

Егіс. Құнды құнары мол өнім алу үшін егіс мерзімінде жүруі тиіс. Тарақ бидайық топырақ тырмаланғаннан кейін дереу ерте көктемде егіледі.

«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС жүргізген бақылаулары бойынша, қуаңшылық жылдары тұқымдардың көктеуі 10 %-ға төмендейді. Мұндай төмен көктеудің себебі топырақтың тез құрғауында, соның нәтижесінде тұқымдардың бір бөлігі өсіп үлгере алмай, құрғақ қабатта қалып қояды, екінші жағынан – ауаның қызуы жаңа шығып келе жатқан өскіндерге кері әсерін тигізеді. Қатты қызған топырақтан өту барысында өскіндер қуатын жоғалтып алады. Сондықтан 3-4 см қабаттан өте алмай, кептеліп, бетіне шыға алмай өледі.

«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ұсынатын тәсіл – ерте көктемдік жартылай жамылғылық. Оның мәні – жамылғылық дақыл (күздік ақ бидай, қыша) жаппай емес, аралары 30 см қатар тастап егіледі, олардың араларына шөп егіледі. Осы жағдайда көпжылдық шөптердің қорек алаңы кеңейіп, жарықпен қамтылады, жамылғылық дақылдың қыспағында қалмайды, жақсы дамып, арамшөптерді тықсырады.

Жамылғысыз егісте тарақ бидайық сақталғанмен, кемшілігі де бар. Ондай танаптарда арамшөптер тез таралады.

«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ұсынған егіс мөлшерлері: таза күйінде жаппай егу үшін -10-12 кг/га, жартылай жамылғылық – 6-7 кг/га.

Тарақ бидайықты күзде де сеуіп тастауға болады. Бұл көктемгі науқандық жұмыстарды азайтады, күз жаңбырлы болса, тарақ бидайық тез өсіп кетеді. Егер күзгі жаңбыр топырақтың бетін ғана (2-5 мм) сулап кеткен болса, бұл әдіс сенімсіз. Өскіндер шыққанымен, топырақта ылғал жоқ болғасын, кеуіп кетеді, өледі.

Егісті күту. Егістен кейін өңдеудің тұқымның ылғалды тартуына және тұқымның топырақпен жақсы беттесуі үшін маңызы зор.

Тарақ бидайықты өсіруде егіс күтуге көп көңіл бөлінеді. Жылдан-жылға ауырлайтын ауыл шаруашылығы техникасы топырақты өткен сайын нығыздап, физикалық-су сіңіргіштік қасиеттерін жояды. 20-40 см ылғалдылық қоры бар топырақта тарақ бидайық жақсы өнім бере алмайды. Әсіресе бұл ескі тозған танаптарда байқалады. Сондықтан, тарақ бидайықтың түсімділігін арттыру үшін күзде топырақты қопсытып, саңылаулардың өз орны бар. Саңылаулар жасау ауа өткізіп қана қоймай, көктемде топырақта ылғал жинақталуына көмектеседі. Бұл тәсілдің әсері 2-3 жылға созылады.

Саңылау жасауды тарақ бидайықтың барлық тозған танаптарында жүргізу керек. Оның алдында кей жағдайда дискілі құралдармен өңдеу жүргізілуі мүмкін. Нәтижесінде жаңа жас өскіндер пайда болып қана қоймай, арамшөптер, аурулар қоздырғыштары, зиянкестер жойылады.

Ору. Шөпке арналған тарақ бидайықты жинау мерзімі толықтай масақталғаннан гүлдеу кезеңі басталғанға дейін жүреді. Одан кешігіп қалса, тарақ бидайықтың шөбі қатайып, қорегі аз болады. Шабу биіктігі -5-6 см.

Тұқымдық тарақ бидайықты бөлек ору жолымен жинайды. Мерзімін сақтау жөн. Пісудің соңғы кезеңіндегі тұқымдар өсіп-өнуге бейім, қуаты мол. Құрғақ дестелердегі тарақ бидайықты комбайнмен бастыру жеңіл жүреді, тұқымдарды қосымша кептіру қажет болмайды.

Тұқымдарды тазарту және іріктеу тұқым тазалағыш машиналарда жүреді. Стандартқа сай жеткізілген тұқымдар жай қоймаларды 3-4 жыл бойы сақтала береді.