Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты 6 кл сборник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
415 Кб
Скачать
☆

Етістіктің шақтары.

1-нұсқа.

1. Сөйлемді аяқта.

Көктемде қар ... .

А) жауады

Ә) ұшады

Б) ериді

В) ағады

2. Көктем қандай мезгілден кейін келеді?

А) жаздан

Ә) күзден

Б) қыстан

В) көктемнен

3. Сәуір айының екінші атын тап.

А) ақпан

Ә) тамыз

Б) тамыз

В) наурыз

4.Тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктер арқылы қандай шақ жасалады?

А) жедел өткен шақ

Ә) ауыспалы келер шақ

Б) нақ осы шақ

В) мақсатты келер шақ

5. Ауыспалы келер шақтағы етістік бар сөйлемді көрсет.

А) Осы аптада ауа райы жылынды.

Ә) Биыл көктем кеш келді.

Б) Ертең ауа райы жақсы болады.

В) Күн ұзарды

6. Қатардағы артық сөзді белгіле.

Тон, күртеше, бәтеңке, жылы костюм.

А) тон

Ә) күртеше

Б) бәтеңке

В) жылы костюм

7. Нақ осы шақта тұрған етістік бар сөйлемді тап.

А) Күн жарқырап тұр.

Ә) Мен бүгін жеңіл киінемін.

Б) Күн жылынды.

В) Аспан ашық, бұлтсыз.

8. Көктемге тән өзгерісті білдіріп тұрған сөйлемді тап.

А) Ағаштардың жапырақтары жерге түседі.

Ә) Жерді аппақ қар басады.

Б) күн ыстық болады.

В) Ағаштар бүршік жарады.

9. Сөйлемдегі етістік қай шақта тұр?

Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болды.

А) нақ осы шақ

Ә) ауыспалы келер шақ

Б) жедел өткен шақ

В) мақсатты келер шақ

10. Қатардағы артық етістікті тап.

Басталды, құйдық, көмектеседі, қаздым.

А) басталды

Ә) құйдық

Б) көмектеседі

В) қаздым

11.Сөйлемнің жалғасын тап.

Көктем -

А) жыл ортасы.

Ә) жыл аяғы.

Б) жаздың басы.

В) күз белгісі.

12. Көктемде ұшып келетін қай құс?

А) тырна

Ә) қарға

Б) сауысқан

В) торғай

13. Көктем мейрамы емес күнді белгіле.

А) Наурыз мейрамы

Ә) Жеңіс күні

Б) Халықаралық әйелдер күні

В) Ата заң күні

14 Жылдың бесінші айы қай ай?

А) сәуір

Ә) мамыр

Б) маусым

В) шілде

15.Көктемде егіншілер не істейді?

А) егін егеді

Ә) егін жинайды

Б) шөп шабады

В) мал бағады

2-нұсқа.

1. Сөйлемді аяқта.

Көктемде өзендерде ... .

А) қар басады.

Ә) бәйшешек гүлдейді.

Б) сең жүреді.

В) коньки тебеді.

2. Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді?

А) қыс

Ә) көктем

Б) жаз

В) күз

3. Көктемге тән сөзді көрсет.

А) бәйшешек

Ә) қар

Б) жаңбыр

В) шомылады.

4. Күн мен түн қай күні теңеледі?

А) 25-наурыз

Ә) 22наурыз

Б) 1-мамыр

В) 5-сәуір

5. Жедел өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А) -шы, - ші

Ә) - а, - е, -й

Б) -у, -ю

В) –ды, -ді, -ты, -ті

6. Қатардағы артық сөзді тап.

Бәтеңке, пима, етік, туфли.

А) бәтеңке

Ә) пима

Б) етік

В) туфли

7. Қай сөйлем көктем мезгіліне тән емес?

А) Жер көгереді, шөп шығады.

Ә) Көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек.

Б) Жыл құстары ұшып келеді.

В) Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

8. Ауыспалы келер шақта тұрған етістік бар сөйлемді тап.

А) Біз мектеп ауласында ағаш ектік.

Ә) Қар еріді, сай-салаға су толды.

Б) Наурыз айында күн мен түн теңеледі.

В) Балалар ағаштарды суарып жатыр.

9. а, -е, -й жұрнақтар арқылы қандай шақ жасалады?

А) нақ осы шақ

Ә) ауыспалы келер шақ

Б) жедел өткен шақ

В) дағдылы өткен шақ

10. Қатардағы артық етістікті тап.

Келді, жылынды, ұшып келді, ойнап жүр.

А) келді

Ә) жылынды

Б) ұшып келді

В) ойнап жүр

11. Ынтымақ, еңбек мерекесі деп қай мереке аталады?

А) Жеңіс күні

Ә) Халықаралық әйелдер күні

Б) Бірлік күні

В) Республика күні

12.Наурыз мейрамы қандай мереке?

А) тұрмыс

Ә) діни

Б) мемлекеттік

В) саяси

13.Сәуір жылдың нешінші айы?

А) үшінші

Ә) төртінші

Б) алтыншы

В) оныншы

14. Көктемде адамдар қалай киінеді?

А) жұмсақ

Ә) қалың

Б) жылы

В) жеңіл

15. Қай құс жыл құсы емес?

А) сауысқан

Ә) тырна

Б) қаз

В) бозторғай

13-модуль. Біздің мерекелер.