- •Bdtg4424 бала дамуы пәнінен Лекция тезистері Түркістан – 2017 ж.
- •2. Жүктілік күнтізбесі
- •Бөбекке көмектесіңіз
- •Кедергілер тудыру
- •3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
- •2. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері.
- •3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың және салудың кейбір аспектілері.
3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың және салудың кейбір аспектілері.
Біздің елде балалардың курорттық- сауықтандыру мекемелерінің мағыналы тізбегі бұл. Бұл тізбек балалардың денсаулық жағдайына байланысты барлық жастағы балаларға қызмет көрсетуші, бірін-бірі өзара толықтырушы емдеу-профилактикалық және курорттық- сауықтандыру мекемелерінен тұрады. Осы тұйық тізбектің негізгі бөлімдері: «Балалар емханасы – балалар ауруханасы –- шипажайлар».
Балалардың курорттық – сауықтандыру мекемелерінің номенклатурасына кіретіндер: балалар шипажайлары, демалыс үйлері және пансионаттар;
1 – 8 сынып оқушыларының шипажайлық – орман мектептері – тубинфицирленген балаларға және туберкулез бойынша реконволесценттерге арналған жыл бойы пайдаланатын оқу–сауықтандыру сипатындағы интернаттық мекемелер;
шипажайлық-сауықтандыру лагерлері;
науқас және әлсізденген балаларды шипажайда емдеу және сауықтандыруға арналған стационарлық емдеу – профилактикалық мекемелері;
шипажайлық-сауықтандыру лагерлеріндегі және орман мектептеріндегі орындардың жалпы саны балаларды сауықтандыру мекемелеріндегі орындардың барлық санының 0,5 % көлемінде жоспарланады.
сауықтандыру лагерлері – балалардың демалуы үшін ең көп тараған мерзімдік типті мекемелері. 2000- шы жылға дейінгі перболашаққа 1000 тұрғынға 40 орын жоспарланған.
Негізгі жоспарлау талабы – балаларды сауықтандыру мекемелерін жергілікті курорттық факторларды барынша пайдаланып қала сыртындағы курорттық аймақта орналастыру.
Сонымен, балалардың тәрбиелеу-білім беру және сауықтандырушы мекемелерін жоспарлау және салу гигиеналық нормативтері тұрақты болмайды. Олар мына жағдайларға байланысты өзгеріп отырады:
- бала организмнің функционалдық мүмкіншілігі туралы біздің түсінігімізді өзгертуші және «норма» критериясына коррекция енгізуші ғылыми білімнің деңгейі;
- осы мекемелер ғимараттарының комфорттық дәрежесін қамтамасыз етуіне ықпал жасайтын құрылыс және санитарлық технологияның және техниканың дамуына;
- еліміздің экономикалық мүмкіншіліктеріне;
- елді мекендерді жоспарлау және салу принциптерінің өзгеруіне;
- педагогикалық процестің, білім беру құралдары мен тәсілдерінің жетілуіне байланысты.
Әдебиеттер:
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З.Алиакбарова Алматы 2002 ж.
Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов. Под ред. В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.
Избранные лекций по гигиене детей и подростков. Метод. Пособие для студентов медико-проф. и педиатрического факультета. (МЗРК, КГМИ, сост. А.Г Швецов-Караганда, 1997-151с.
Санитарные правила и нормы «Санитарно эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных учреждениях» от 4 июля 2003 года №2.01.017.03.
№ 14 Лекция. Тақырыбы: МЖДБ оқу-танымдық іс-әрекеті мен күн режимін белгілеудің физиологиялық-гигиеналық негіздері
Лекция мақсаты: Балланың белгілі бір реттілік пен режім (тәртіп) арқылы дамып, өсіп жетілетіндігін түсіндіру.
Лекция жоспары
1. Күн режимін белгілеудің физиологиялық-гигиеналық негіздері
2. Апталық тәрбие кестесі
Лекция мәтіні:
Тәрбиеші ата анаға баласның балабақшадағы режімін сақтауға шақыру үшін бала арнаған күн режімін беру керек.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін-ақ белгілі бір реттілік пен режім (тәртіп) арқылы дамып, өсіп жетілетіні белгілі. Оған дәлел: адам бір тәулік бойы тіршілік ету керек болса, сол тәулікте не істеу керектігі табиғи түрде (ешкімнің айтуынсыз, табиғи түрде реттеледі). Тамақ ішеді, жұмыс істейді, демалады, ұйықтайды (қосымша өзін-өзі күтетін жұмыстар атқарады).
Бұл реттілік адам өмірі, оның дұрыс өсіп жетілуі, ұзақ өмір сүруі, денсаулығын сақтау үшін аса қажет. Оны бұзуға, өзгертуге болмайды.
Сондықтанда балалар бақшасында мынадай схемадағы күн режімі жасалады
Орындауға тиісті өрекет-қимылдар |
4 жас |
5 жас |
|
Уақьптары |
Сағат, минут |
Үйде (түру, жуыну, киіну, бақшаға жету) |
6,30-7,30 |
6,30-7,30 |
Бала бақшаға (қабыддау, тексеру, таңертеңгі гимнастика) |
7,30-8,30 |
7,30-8,30 |
Ертеңгі тамақ ішу |
8,30-8,55 |
8,30-8,55 |
Сабаққа әзірдену, сабақ өткізу |
9,00-9,45 |
9,00-9,45 |
Ойнау, далаға шығып серуендеу |
9,45-11,50 |
9,45-11,50 |
Серуеннен оралу; (түскі тамақ ішу) |
11,50-12,15 |
11,15-12,15 |
Ұйықтауға әзірлік, күндізгі ұйқы |
12,15-12,50 |
12,15-12,50; |
Ойын ойнау, серуендеу |
12,50-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50 |
13,10-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50 |
Даладан оралу |
15,50-17,50 |
15,45-18,00 |
Кешкі тамаққа әзірлену, кешкі тамақ ішу |
17,50-18,15 |
17,50-18,20 |
Ойнау, үйге киіну қайту |
18,15-18,45 |
18,20-18,45 |
Үйге келу |
18,45-19,00 |
18,45-19,00
|
Апталық тәрбие кестесі
1. Айналадағы табиғатпен таныстыру және сөздік корын молайту — 2 сағат.
2. Санауды үйрету және санамақ ойындарын ұйымдастыру — 1 — сағат.
3. Сурет салу және ою-өрнектердің мәнін әңгімелеу -.1 — сағат.
4. Пластелиннен заттар жасау және мүсін сомдау — 1 — сағат.
5. Құрастырмалы ойыншықтармен жұмыс — 1 — сағат.
6. Ән-күй мен әртүрлі жанрдағы музыка тыңдау — 2 — сағат.
7. Дене шынықтыру — 2+сағат.
.
№ 15 Лекция. Тақырыбы: МЖДБ салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Лекция мақсаты: Бала денсаулығын қорғау проблемасын шешу қоғамның барлық сатысына тиісті екендігін ұғындыру.
Лекция жоспары:
Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясы.
Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не?
Лекция мәтіні:
Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясы. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне Қазақсатан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу ҚР-ның мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуді қамтамасыз етуге арналған.
Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру:
-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі;
-бес білім беру саласы арқылы танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды біріктіру әдісі;
-құзыреттілікті дамыту индикаторларының,яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейін зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі.
Бала денсаулығын қорғау проблемесын шешу қоғамның барлық сатысының тиімді ұштастырғанда ғана нәтиже болмақ.Академик П.петленконың пікірі бойынша денсаулықты сақтау проблемелерын шешуде екі бағытқа ерекше назар аударуы керек.
1.батыстық бағыт.дені сау болу үшін «өзіңдң таны»деген Сократ тезисіне негізделген.
2.Шығыстық бағыт.дені сау болу үшін «денсаулығыңды өзің жаса»деген Конфуции тезисіне негізделген.
Баланың өз денсаулығына қарым-қатынасын қалыптастыруда балалақшада дене шынықтыру сияқты арнаулы пәндердің орны ерекше,сонымен қатар белгілі бір пәндер көлемінде шектелмей барлық пәндердің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн.
Біздің елімізде бала тәрбиесіне ,дені сау,сымбатты әрі келбетті,сұлу болып өсуіне аса зор көңіл бөлінді.Өйткені,бала біздің болашағымыз.Өміріміздің ең қымбат қазынасы,табиғи жалғасы мұрагеріміз,яғни қоғамымыздың ең қымбат қазынасы адам. Сондықтан да балалармен және ата-аналармен мынадай іс-шаралар жүргізген дұрыс.
Әдемі де сымбатты болып өсудің бірден-бір ережесі:
1. Жеке бастың гигиенасы
2. Күн режимін сақтау
3. Уақытында тамақтану
4. Уақытында ауаға шығып,демалып ойнау
5. Уақытында ұйықтау.
Міне оы жағдайлардың барлығы қарастырылған жағдайда әрбір баланың денсаулығы жақсы болады.
Жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады:
1.даладан келгенде қолды жақсылап жуу қажет.
2.жеміс-жидектердің сыртын мұқият жуу.
3.Қайнамаған су ішпеу.
4.Өзінің қол орамалы, ыдысы болуы қажет. «жеке тұлға тәрбиесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясын қолдану» шешеу жолдары:
1. Кварцпен бөлмелерді тазалау.
2. Тұзға малынған ұзын матаның үстімен жүру.
3. Массажор пайдалану.
4. Өз-өзіне массаж жасау тәсілдеті түскі ұйқыдан кейін жасалады және ертеңгілік гимнастикалар мен сергіту жаттығулары жүргізіледі. Сонымен баланың дене күші мен рухани күшін бірлікте дамытуға бағытталған тәрбие ғана өмірмен,еңбекпен ұштасуын қамтиды. Баланың денсаулығын сақтайды. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-зиянды жатқылықтарға үйренбеу,салауатты өмір сүру,аурудың айықпас сырқатқа айнлуына жол бермеу. Адамзат өмірге келген соң қалай болса солай өткізбеуі тиіс.Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет.Ал денсаулықты сақтау өз қолымызда. «Денсаулық-зор байлық»-деген мақал тегін айтылмаса керек.денсаулық болса бәрі болады. Денсаулық-бірдің емес,мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн. Тәрбие.орг сайтынан Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясы. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен - күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.
Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар: Ж.Ембергенова, Д.В.Хухлаева, А.И.Левшин, З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова және т.б.
Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:«Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі»,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады.
Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:
Д.В.Хухлеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс әрекеттің символы болып табылады.
А.И.Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: « қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкр болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды.Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен»-деген.
З.М.Богуславская, Е.О.Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді.Аталған авторлардың айтуынша: «бала ның ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан.
3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.
Қимыл-қозғалыс ойындары , мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады. Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.
Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға үйретеді.Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа,яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады. Балардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрік қайраты арттады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішіндеұллтық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында, эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.
Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ширақтылықты, тапқырлықты,шапшандылықты, өжеттілікті және т.б. қасиеттерді талап етеді.
Сонымен қорыта кете, қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың денесін шынықтырып, оның рухани қалыптастыру негізін құрайтын, салаутты өмір салтын қалыптастыруда маңызды құралдардың бірі екендігіне көз жеткізуге болады.
Балаларға дәстүрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау осы күнгі заман талабы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ембергенова Ж. Жастарды салаутты өмір салтына халықтың педагогикалық құндылықтары негізінде ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу.Автореферат.канд. дис.-Қарағанды -2009ж
2.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы-1996г.
3. З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова Развивающие игры для детей младшего дошкольтного возраста.М.: «Просвещение»1991г.
