- •Зертханалық жұмыс
- •6.1 Қысқаша теориялық мәлімет
- •6.3.Жұмыстың орындалу тәртібі
- •2. Аз сигнал аймағында жалпы коллекторлы каскадты зерттеу
- •3.1. Эксперимент нәтижелері
- •1.Аз сигнал аймағында жалпы эмиттерлі каскадты зерттеу.
- •2. Аз сигнал аймағында жалпы коллеторлы каскадты зерттеу
- •4. Бақылау сұрақтары
6.3.Жұмыстың орындалу тәртібі
1. Аз сигнал аймағында жалпы эмиттерлі каскадты зерттеу.
А) 6.4 бейнеленген схеманы тұрғыз.Аспаптарды орнату параметрлері бейнелерге сәйкес келуі тиіс.
7-нұсқа бойынша
-
R1, кОм
R2, кОм
Rd, кОм
Rc, кОм
Re, Ом
Ec, В
RL, кОм
7
16
4
2
660
17
210
6.4-сурет. ЖЭ каскадты зерттеу сұлбасы.
Б)схеманы қосу. «экспериметтердің нәтижелері» бөлімінде орнатылған режим үшін кіріс және шығыс амплитудаларды өлшеу нәтижелері,синусоидалы кіріс және шығыс сигналдарының фазалар айырмасын жазу. Амплитудалардың кіріс және шығыс синусоидалы кернеуін өлшеу нәтижесі арқылы кернеу бойынша күшейткіштердің күшейту коэффиценттін есептеу. Нәтижелерін «экспериметтер нәтижелері» бөліміне жазу.
В) суретте схема үшін эмиттер тогын анықтау. Оның мәні бойынша эмиттерлік ауысуының rэ дифференциалды кедергісін есептеу. Табылған мәндерді таңбалана отырып, кернеу бойынша каскадтың кушейту коэффиценттін есептеу. Нәтижелерді «экспериметтер нәтижелері» бөліміне жазу.
Г) Uкіріс нүктесі мен С1 кондесаторы арасында [space] кілтін ажыратып, Rp резисторын қосу(жалғау)
Схеманы қосу. Амплитуданың кіріс Uкіріс және шығыс Uшығыс кернеулерін өлшеу. Өлшеу нәтижелері бойынша кернеудің күшейту коэффиценттің жаңа мәнін есептеу. Нәтижелерді «экспериметтер нәтижелері» бөліміне жазу.
Д) Осциллографтың А каналы мен Ub түйінінде қуыс бұрғы(щуп) орнату. Схеманы қайта қосу және Ub нүктесінде кіріс синусоидалы кернеудің Ub амплитудасын өлшеу. Ub және Uout кернеулерді өлшеу нәтижелері бойынша какадтың кекрнеуі бойынша күшейту коэффиценттін есептеу.
Uкіріс және Ub кернеудің амплитудасын өлшеу нәтижелері бойынша Iкіріс кіріс токты есептеу. Uкіріс және Iкіріс мәндері бойынша күшейткіштердің айнымалы тогының rкіріс кіріс кедергісін есептеу. . Нәтижелерді «экспериметтер нәтижелері» бөліміне жазу.
Е) 1- экспериментте алынған β тогының күшейту коэффицентті бойынша және дифференциалды эмиттерлік кедергілер rэ шамасы арқылы ri транзистордың кіріс кедергісін есептеу. R1,R2 және ri кедергілерінің мәндерін пайдаланып, rкіріс мәнін есептеу. Нәтижелерді жазу.
Ж) [space] кілтін ажырату арқылы С1 конденсаторы мен Uкіріс түйінінің арасында Rp резисторын тұйықтау. Осциллографтың А каналы мен Uin түйініндегі қуыс бұрғы(щуп) орналастыру. RL 2kОм резистор номиналын орнату.Содан кейін схеманы қосып, амплитудаларының кіріс және шығыс синусоидалы кернеуді өлшеу. Өлшеу нәтижелерін пайдалана отырып, , кернеу бойынша кушейту коэффиценттінің жаңа мәнін есептеу. Нәтижелерді жазу.
З) б)пунктінде және ж) пунктінде амплитудаларының шығыс синусоидалы кернеулерін, ж) пунктінде жүктеменің кедергісінің мәнін өлшеп, күшейткіштердің шығыс кедергілерін есептеу. . Нәтижелерді «экспериметтер нәтижелері» бөліміне жазу.
И) RL 200kОм резистор номиналын орнату. Осциллографтың В каналының Uc қуыс бұрға қою, және схеманы қосу. Шығыс сигналының тұрақты құраушысын өлшеу мен нәтижелерді жазу.
к) Осциллографтың В каналын Uout түйініндегі қуыс бұрғыны қайта қою. Осциллографты 10мВ/дел кіріс үшін масштаб орнатылған. С3 шунттаушы (ұштастырушы) конденсаторды алып тастап, схеманы қосу.Амплитуданың кіріс және шығыс синусоидалы кедергісін өлшеу. Өлшеу нәтижелері бойынша эмиттер тізбегіндегі кернеуге қатысты кедергінің жалпы эмиттерлі каскадының күшейту коэффицентінің мәнін есептеу нәтижелерді жазу.
