- •1.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар
- •2.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауда темперамент және мамандық типтерінің рөлі
- •Сауалнама
- •Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің темпераментін бағалау кестесі.
- •Оқушылар зерттеу нәтижесімен таныстырылып, қеңес, ұсыныстар берілді.( д. Голланд тесті бойынша).
- •2.3.Жасөспірімдерге арналған түзету –дамыту техникалары
- •Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Оқушылар зерттеу нәтижесімен таныстырылып, қеңес, ұсыныстар берілді.( д. Голланд тесті бойынша).
сынып |
саны |
шынайы |
интеллектуалды |
әлеуметтік |
конвенционалды |
предпреимді |
әртістік |
11 |
36 |
4 |
3 |
9 |
5 |
5 |
10 |
Ұсыныс: Әрбір оқушы өз бейімділіктеріне қарай дұрыс мамандықты таңдау қажет, ол әрбір адамның өміріне әсер етеді.
Барлық көрсеткіштерді қорытындылап келгенде сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі қозғыш, қозу процесі тежелуден басым екені анықталды. Бұл балаларға өзін ұстамдылыққа тәрбиелеп, байсалдылыққа, басқа адамдарға кешірімді болуға өзін үйретпесе олардың жауабы тітіркендіргіштің күшінен көп басым болуы мүмкін. Ондай адамды халық шыбық тимес, шық етер деп жақтырмаушылықпен атайды.
2.3.Жасөспірімдерге арналған түзету –дамыту техникалары
Кәсіби кеңес берудің интерактивтік түріне және белсенді шығармашылық әдісіне кәсіби бағдарлау ойындары жатады.
Соңғы кезде интерактивті әдістерге өте үлкен көңіл бөлінуде. Ал тренигті фрагментарлық түрде жүргізу, біздің ойымызша, интерактивтік әдістің нағыз өзі болып табылады.
Балаларға кәсіби бағдар беру жұмысы олардаң жас және жекелік ерекшеліктерін ескеріп олардың мінез-құлықтарына тән ауытқуларды коррекциялау психолог міндеттерінің бірі. Осы міндетті атқару үшін біз жоғары сынып оқушылары арасында оларды тұйықтықтан шығарып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекция жүргізуді ұйғардық.
Зерттеулерді жан-жақты талдау нәтижесінде оқушылардың темперамент көрсеткіштері және мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. Жоғары сынып оқушылары жасындағы балалардың мінез-құлқындағы негізгі көрінісі - көкіректік, немесе эгоистік екендігі диагностикалау барысында анықталды. Эгоизм (дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшеліктерімен, сыртқы түрімен, ата-анасының байлығы мен, өз кемшілігін жасырумен және көпшілік ортаның ыңғайымен байланысты) сипатталады.
Жас өспірімдерде орын алатын осы кемістіктердің әсерін төмендету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргіздік. Оны бастау алдына оқушылармен әңгімелесіп, жас өспірімдік шақта орын алатын ауытқулар, одан шығу жолдары туралы бірнеше кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Коррекциялық топқа тек өздері қатысамын деп қызығушылық білдіргендер ғана айтылды. Топтық коррекциядан өткісі келгендер шамадан тыс көп болғандықтан оларды диагностикалау нәтижесіне қарап іріктеп алу қажет болды.
Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:
-оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;
-баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;
- топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.
Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түздік. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты - қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдаумен байланысты мәселер шешу тренингі деп атадық. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:
-әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;
-топтың дәстүрін қалыптастыру;
-мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтармен таныстыру;
- кәсіби іс-әрекеттер түрін модельдейтін ойындар ұйымдастыру;
- мамандық таңдау процесін модельдеу;
- сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сиымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашитын, басқаларды өзіндей силайтын позициясын қалыптастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылды. Олардың біразын осы жерде келтіреміз[21].
Ситуативті-коммуникативті ойындар.
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату.
Міндеттері:
- коммуникативті ойындар барысында балалардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;
- балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;
- балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету;
- балалардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру;
- мамандық таңдау моделін құру.
Ассоциация ойыны.
Ойын шарты: ойынға сынып оқушылары толық қатысуына болады. Ойын бірнеше кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңін бұл жерде араб цифріменен белгілейміз.
Ойынның диагностикалық мүмкіндігі: ойын оқушылардың мамандық туралы мағлұматтарының барлығын және аталған мамандықтарға олардың эмоционалдық қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ойынды жүргізу:
1. Ойын аты жарияланып, ойынды жүргізуге үш адам тағайындалады.
2. Анықталған үш адам сыныптан шығып, олар қандай да бір мамандықты жасырады. Жүргізушілер топтағы балалардың үшеуін топтың алдына шақырып алып, қандай мамандықты жасырғанын тауып алу тапсырмасын береді. Қатысушылар ассоциациялық сұрақтар қойып, жасырылған мамандықты анықтайды. Мысалы: мамандық қызметті орындауға қандай жиһаздар мен құрал-жабдықтар керек?
Ассоциациялық сұрақ дегенге балалар бірден түсінбей қалса мысал келтіріп түсіндіріп беру керек.
3. Жүргізуші сұрақ қоюшыларға екі сұрақтан артық қоюға болмайтынын түсіндіреді және ол сұрақты кімге қоятынын анықтап айтуға тиіс.
4. Келесі кезеңде үш оқушы бөлмеден шығады, ал қалғандары мамандықты жасырады. Ойын 7-15 минут жүргізіледі.
5. Сұрақтар мен жауаптар толық айтылғаннан соң мамандықтарға сәйкес келгендігі талданады. Мысалы: Әскери ұшқыш мамандығы жасырылса оған жауап космонавт, полиция қызметкері, автогонщик болуы мүмкін. Бұл жерде мамандықтар адамдар әрекетіне және қолданылатын құрал –жабдықтарға ұқсас талаптар қойылатыны түсіндіріледі.
6. Ойын аяқталғаннан соң оны талдау барысында қандай сұрақтар мамандықты анықтауға көмектесті, ал қай сұрақтар жаңылдырғаны анықталады.
7. Ойынды дайындау барысында ассоциациялық сұрақтардың варианттарын дайындап алуға болады. Балалар сұрақ беруге қиналған уақытта оларға бір-екі сұрақты түрткі ретінде айтып беру керек.
«Ең жақсы» ойыны Топтастыру
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші,агроном)
Ең тәтті және көңілді ------------------(аспаз, кондитер, клоун, карикатурашы, әртіс)
Ең ақшалы---------------(банкқызметкері,экономист, бизнесмен, бухгалтер, милиционер)
Ең жауапты ----------------- (бухгалтер,электрик, шебер, жүргізуші, ұшқыш)
Ең салмақты ----------------- (сот, заңгер, дәрігер, мұғалім, иман)[3].
«Әріпті мамандық» - ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек. /Постерге түсіру/
І - топ: «А»,
ІІ - топ: «М»,
ІІІ - топ: «Ж»,
IV-топ «Д»,
V – топ «С». Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет[3].
Елсіз арал.
Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.
Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш саладағы мамандық өкілдері болады (ауыл шаруашылық, құрылысшылар, қызмет көрсету жүйесі қызметкерлері). Олар тіл табысып, бір бірінің мамандықтарын толықтырып, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. 20 жыл ішінде апаттан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді ашып, тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.
Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай мамандық өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер бола отырып олардың кәсібін анықтауы керек.
Бұл жерде біз төрт ойынның қысқаша мазмұнын келтірдік. Барлық ойын тренингіне арналған сценарийларды тақырыпқа икемдеп варианттарын жасап алуға болады. Бұл ойындардың оқушыларға болашақ өмір тек ойында ғана жеңіл, соның өзін шешу қиын болып отырғанын түсіндіру керек. Сондықтан мамандық таңдауға зер салып, өте жақсы дайындықпен бару қажет екенін әр бала түсінсе, психолог бұл саладағы міндетін орындау жолында деп айтуға болады.
