- •Толық емес отбасындағы баланы тәрбиелеу және дамыту стилі
- •Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына толық емес отбасының ықпалы
- •«Отбасының кинетикалық суреті» тестісі
- •Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы
- •Сауалнама шкалаларының шикі балдарын пайыздық дәрежеге ауыстыру кестесі
- •I, ү стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.
- •II стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына толық емес отбасының ықпалы
Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Себебі оның дамуы — күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Некелік-отбасылық қатынас адамзаттың өзара қарым-қатынасында жетекші маңызға ие. Сондықтан жастарды бұл қарым-қатынасқа даярлау әрбір өркениетті қоғам үшін үлкен қызығу тудыратыны даусыз. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Тәжірибеге қарағанда, баланың психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы отбасында дұрыс қарым-қатынастың болуына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін көрсетеді. Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды. Кейде толық отбасының өзі баланың дұрыс қалыптасуына негіз бола бермейді. Балалар бірдей биологиялық, психологиялық заңдылық бойынша дамиды. Демек, отбасы өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастырады немесе бұзады, оның мүшелерінің психикалық денсаулығының нығайып немесе нашарлауы отбасы билігінде. Отбасы қауіпсіздік, бақыт, өзін қалыптастыруды құрылымдаушы. Идентификацияның шекарасын көрсетіп, тұлғада "Мен” бейнесінің пайда болуын қамтамасыз етеді[14].
Тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті мемлекет құра отырып, Қазақстан Республикасында балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үнемі жүріп жатыр. Балалыққа қатысты саясаттың тиімділігін арттыру мақсатымен соңғы жылдары Қазақстан Республикасы балалар құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс атқарып жатыр[15].
1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, Е.О. Смирновалар атап көосеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова, балаға отбасы жылулығының әсерін атап өткен. Жақын адамдардың әсерін баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запорожец, А.Д.Кошелева және т.б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю.П.Азарова, И.В.Гребенников, Т.А.Маркова, А.Г.Харчев т.б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова, А.И.Захарова, Е.И.Кульчицкая т.б. жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А.И. Захарова, психолог Д.Б.Эльконин, А.Я.Варга т.б. зерттеген[14.17].
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы.Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х.Арғынбаев, Г.Уманов, К.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, З.Әбілова т.б. еңбектері бар. Ата-ана — алғашқы тәрбиеші балаға ең үлкен әсер етушілер. Ж.Ж.Руссо: "Балаға соңғы тәрбиешінің әсерінен гөрі алдыңғысынікі көбірек”, - деп тұжырымдаған. Отбасылық қатынастың ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г.Эйдемиллер, Ю.Гиппенрейтер, М.Буянов, З.Матейчик, Г.Хаментаускас, А.Фром, Р.Снайдер, т.б. ғалымдар зерттеген[14.20]. А.Е.Личко отбасылық қарым-қатынас мәселесін зерттей келе отбасындағы жайсыз жағдайларды көрсетті. (гиперопека, қараусыздық, "отбасы пірі”, жетім қыз жағдайы). Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі, мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігі мен психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады. Отбасы — неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. «Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді» деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында. А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады».
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады. Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық–тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады. 70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді. З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы» туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді. 70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б. Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең студенттік кезең[14].
Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л.Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина Р. зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық – еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. Отбасы туралы басқа көзқарас А.И.Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Әлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ — отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай «тәсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ» Н.Я.Совольевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы — ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас». Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы — бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік». А.И.Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді[14].
Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И.Я.Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы» атты кітабы көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды. Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У.Джемс, Ч.Кули, У.Томос, Ф.Знанецкий, Ж.Пиаже, З.Фрейд және т.б. жатады. Қандай да болмасын жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады. Отбасы — бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды.
Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсінік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі — әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Сонымен, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір –жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы –оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру[13].
ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ
Толық емес отбасының жеткіншекке ықпалын анықтау
Отбасындағы эмоциялық қатынастың балаға ықпалын анықтау
Авторлары: Е. Бене және Д.Антони ( 1999)
Әдістемелік тест отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік бар. Баланың қандай психологиялық қорғану мүмкіндігі бар. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін білуге болады.
Әдістеменің екі түрі бар:
4-6 (8) жастағы кіші балалар үшін;
6-8 (10) жастағы және жеткіншектер үшін.
Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды береді:
Баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде;
Балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде;
Өзгеге тәуелді;
Үлкен балаларға арналған нұсқасы қатынасты зерттеуге арналады:
Екі түрлі жағымды қатынастан тұрады: әлсіз және күшті. Әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады, ал күшті сезім жыныстық күйзелістен, ол екелік жыныстық байланыс пен айла –амалдан тұрады;
Екі түрлі жағымсыз қатынас: әлсіз және күшті. Әлсіздігі достықты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады, күштілігі кектену мен қақтығысудан тұрады,
Балаларға 20 фигура беріледі. Онда барлық жастағы адамдардың түрі, мөлщері, көлемі бейнеленген. Тестің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байқап, сәйкес фигурамен бірге жәшікке салу керектігі тапсырылады.
Кішкентай балаларға арналған түрі.
(баланың аты жазылатын орын)
Баланың қабылдайтын жағымды сезімдері:
... сені жақсы адам деп ойлайды. Кім жақсы?
... сені жақсы көреді. Кімді жақсы көресің?
... сенің кереуетіңде ойнағанды ұнатады. Кімнің кереуетінде ойнағанды ұнатасың?
...сені сүйгенді ұнатады. Кімді сүйгенді ұнатасың?
...сенің аяғыңда отырғанда ұнатады. Кімнің алдына отырғанды ұнатасың
...сенің балаң болғанды ұнатады. Кімнің баласысың
...сенімен ойнағанды ұнатады. Кіммен ойнағанды ұнатасың?
...сенімен қыдырғанды ұнатады. Кім серуенге алып шығуға міндетті
Баланың қабылдайтын жағымсыз сезімдері:
9. ...сені тіл алмайды дейді. Кімнің тілін алмайсың?
10. ...сені жақсы көрмейді. Кімді жақсы көрмейді?
11. ...сені жаман деп ойлайды. Кім жаман?
12. ...сені шапалақтап жібергім келіп тұр. Кім шапалақтап ұрғысы келеді?
13. ...сенің кеткеніңді қалайды. Кімді қуып жібергің келіп отыр?
14. ...сені жек көреді. Кім жек көреді?
15. ...жиіркенішті қылықты ойлайды. Кімді көргің келмейді?
16. ...сені ашуландырады. Кім ашуланады?
Баланың қабылдайтын жағымды сезімдері:
17. Сен ойнағанды ұнатасың. Кім сенімен ойнағанды жақсы көреді?
18. Сен ... сүйгенін ұнатасың. Кім сені сүйгенді ұнатады?
19. Сен күлесің бе? Кім сені күлдіреді?
20. Сен өзіңді бақытты сезінесің. Кім сені бақытты етеді?
21. Сен құшақтағың келеді. Кімді құшақтағанды ұнатасың
22. Сен жақсы көресің. Кімді жақсы көресің?
23. Сен сүйкімдісің. Сен кімге сүйкімдісің?
24. Сенің ойыңша, ол бала (қыз) сүйкімді. Кім баланы (қыз) сүйкімді деп ойлайды?
Баланың қабылдайтын жағымсыз сезімдері:
25. Сен шапалақтайсың. Кім шапалақтайды?
26. Сен орындайсың. Кім ұрысады?
27. Сен жылауға дейін ызаландырасың. Кім сені жылауға дейін жеткізеді?
Жоғарғы буын балаларына арналған тест сұрақтары.
Баланың қабылдайтын нәзік сезімдері:
0. Бұл өте жақсы отбасы мүшесі.
1. Бұл өте көңілді отбасы мүшесі.
2. Бұл басқаға көмек беретін отбасы мүшесі.
3. Бұл үлкен мүмкіндігі бар отбасы мүшесі.
4. Бұл қандай жағдай да тастап кетпейтін отбасы мүшесі.
5. Бұл өте әзілқой отбасы мүшесі.
6. Бұл жақсы сыйлық алуға лайықты отбасы мүшесі.
7. Бұл жақсы спортпен шұғылданушы отбасы мүшесі.
8. Бұл жақсы ойын көтеретін отбасы мүшесі.
9. Бұл өте мейірімді отбасы мүшесі.
Баланың қабылдайтын күшті жағымды жыныстық ерекшелік» сезімі:
Мен отбасы мүшесінен осы адамға сүйеніп, еркелегенді ұнатамын.
Мені осы отбасы мүшесінің иіскелегені ұнайды.
Маған отбасында кейде осы адамның қасында бірге төсекте жатқан ұнайды.
Менің қалайтыным, осы отбасы мүшесі барлық уақытта менімен бірге болса деймін.
Маған осы отбасы мүшесі басқаға қарағанда көбірек қолдау көрсетіп, қамқорлығына алса деймін.
Менің қалауымша, болашақ жарым осы отбасы мүшесіне ұқсаса деймін.
Маған осы отбасы мүшесінің қытықтап күлдірткені ұнайды.
Маған осы отбасы мүшесін құшақтаған ұнайды.
Баладан шығатын жағымсыз әлсі сезімдер:
Осы отбасы мүшесі кейде қатты абыржиды.
Осы отбасы мүшесі кейде соқтығады.
Осы отбасы мүшесін бөтен ермектер бұзады.
Осы отбасы мүшесі қызба.
Осы отбасы мүшесі нашар көңіл күйде жүреді.
Осы отбасы мүшесі ашушаң.
Осы отбасы мүшесі әркімді сылтаусыз ренжітеді.
Осы отбасы мүшесі барлық уақытта қанағаттанбай үреді.
Осы отбасы мүшесі шыдамсыз.
Осы отбасы мүшесі қатты ашулы.
Баладан шығатын жағымсыз, күшті кектену сезімдері:
Кейде мен осы отбасы мүшесін өлтіріп тастағым келеді.
Кейде мен осы адам көз алдымнан құрыса деп армандаймын.
Кейде мен осы отбасы мүшесін қатты жек көремін
Кейде мен осы отбасы мүшесін ұрып жатқанымды көз алдыма елестетемін.
Кейде мен, егер де осы отбасы мүшесі болмаса, бақытты болатын едік деп ойлаймын.
Кейде осы адам мені жететін жеріне жеткізеді деп ашуланамын.
Кейде мен осы отбасы мүшесін, тек ренжіту үшін бірдеңе істеуді қалаймын.
Осы отбасы мүшесі мені қатты ашуландыруы мүмкін.
Баланың нәзік сезімге бөленуі:
Осы отбасы мүшесі маған сондай мейірбан.
Осы отбасы мүшесі маған сондай әдепті.
Осы отбасы мүшесі мені сондай жақсы көреді.
Осы отбасы мүшесі маған сондай ықыласты.
Осы отбасы мүшесінің маған сондай көмектескісі келеді.
Осы отбасы мүшесі мені ермек етіп ойнағанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі мені шын мәнінде түсінгісі келеді.
Осы отбасы мүшесі мені барлық уақытта тыңдай біледі.
Баланың қабылдайтын күшті жағымды «жыныстық реңктік» сезімдері:
Осы отбасы мүшесі мені еркелеткенді ұнатады.
Осы отбасы мүшесі мені құшақтағанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі мені қатты қысып,өзіне жақындатқанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі мені жуындыруға көмектескенді ұнатады.
Осы отбасы мүшесі мені қытықтап ойнағанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі менімен бір төсекте жатқанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі әрқашан менің қасымда болғанды ұнатады.
Осы отбасы мүшесі басқадан гөрі менің қамымды көп ойлайды.
Баланың қабылдайтын әлсіз сезімдері:
Осы отбасы мүшесі маған өшіге қарайды.
Осы отбасы мүшесі менімен ырылдасқанды ұнатады
Осы отбасы мүшесі кейде маған ұрсып алады.
Осы отбасы мүшесі маған керек кезінде менімен келіспейді.
Осы отбасы мүшесі мен қиналған шақта көмек бергісі келмейді.
Осы отбасы мүшесі маған кейде ашулы.
Осы отбасы мүшесі маған кейде айқайлайды.
Осы отбасы мүшесі әрқашан бос емес, маған бөлетін уақыты жоқ.
Баланың қабылдайтын күшті жағымсыз (кектену) сезімдері:
Осы отбасы мүшесі мені жиі ұрады.
Осы отбасы мүшесі мені жиі жазалайды.
Осы отбасы мүшесі мені ақымақ санайды.
Осы отбасы мүшесі мені қорқуға мәжбүрлейді.
Осы отбасы мүшесі мені қолдамайды.
Осы отбасы мүшесі мені бақытсыз етіп сезінуге мәжбүрлейді.
Осы отбасы мүшесі маған барлық уақытта өкпелі.
Осы отбасы мүшесі мені жеткілікті деңгейде ұнатпайды.
Аналық жоғары қамқорлық:
Осы отбасы мүшесіне суық тиіп қалады деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі ауырып қалуы мүмкін деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі машинаның астына түсіп қалмасын деп анамыз уайымдайды
Осы отбасы мүшесі бір жерін ұрып алып,зақым келтірмесін деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесімен бір нәрсе болып қалуы мүмкін деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі шектен тыс секектейді деп анамыз уайымдайды
Осы отбасы мүшесі сотқар балалармен көп ойнайды деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі үшін анам бостан –босқа уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі аз тамақ ішеді деп анамыз уайымдайды.
Осы отбасы мүшесі үшін анам көп уақытын бөледі.
Осы отбасы мүшесі үшін анам шектен тыс еркелетеді.
Осы отбасы мүшесімен көп уақыт бірге болады.
Осы отбасы мүшесін анам бәрінен де көп жақсы көреді.
Әкелік жоғары қамқорлық:
Осы отбасы мүшесі үшін әкеміз жиі уайымдайды.
Осы отбасы мүшесіне әкем көп назар аударады.
Осы отбасы мүшесін әкем жиі еркелетеді.
Осы отбасы мүшесімен әкем жиі уақытын бірге өткізеді.
Осы отбасы мүшесін әкем бәрінен де көп жақсы көреді[16].
