Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

2 Жыныстарды қазуға дайындау

2.1. Бұрғылау түрі мен ұңғыма диаметрі

Қолданылатын бұрығылау станогы: Айналмалы бұрғылау станогы – 160

Ашық өндірудің тәжірибесі көрсеткендей, кемердегі жұмыстарды ұйымдастыру және өндірістің ырғақты қамтамасыздандыру тұрғысынан қарағанда, экскаваторға қазып алуға арналған блоктардың уақытылы бұрғылануын қамтамасыз ететін бұрғылау станогын бекіткен жағдайда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бұрғылау түрін (айналма, шарошкалы, пневмосоққылы және т.б.) таңдау үшін бұрғылау қиындық көрсеткішін анықтау керек. Бұл жағдайда ұңғыманың типтік диаметрлері келесідей қабылданады:

айналма бұрғылау - 120, 125, 160 мм;

шарошкалы бұрғылау - 200, 220, 250, 320 мм;

пневмосоққылы бұрғылау - 105, 120, 125, 160 мм.

Экскаваторды бұрғыланған сілемнің талап етілген көлемімен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, станоктың типтік өлшемдерін таңдау көп жағдайда онша маңызды емес, өйткені ұңғыма диаметрі ұлғайған кезде бұрғылау жылдамдығы мен қажетті көлемі (яғни, ұңғымалардың ұзындықтарының қосындысы) азаяды – диаметр ұлғайған кезде скважиналардың сыйымдылығы, ұңғымалардың оқтамасы және көршілес ұңғымалардың арасындағы аралық ұлғаяды. Сондықтан бұл жағдайда шешуші рольдін атудың ұсақтау көрсеткіштері атқарады, яғни, жарықшақтық және ату қиындығы.

Бұл жағдайда жалпы нұсқаулар мыналар болады:

  • жарықшақтық үлкен болған кезде ұңғыма диаметрін үлкен етіп қабылдау керек;

  • жару қиындығы жоғары болған кезде ұңғыма диаметрін кішірек етіп қабылдау керек.

Берілген бөлім келесі ретпен орындалады.

Бұрғылау және жару қиындығы көрсеткіштерінің өлшеміне байланысты, жыныстың жарықшақтығын ескере отырып, бұрғылау әдісі, бұрғылау станогының типі мен типтік өлшемі және берілген станок үшін диаметрдің стандартты мәндерінің бірі таңдалады.

Бұрғылау станогының өнімділігін анықтаған кезде ең алдымен техникалық бұрғылау жылдамдығы, сосын ауысымдық және жылдық өнімділік есептеледі.

2.2. Бұрғылау станогының еңбек өнімділігі

1 м.б ұңғыманы бұрғылауға кеткен негізгі және қосалқы операцияларды орындаудың меншікті уақыттарының қосындысын қабылданған бұрғылау станогының моделі және берілген бұрғылау қиындығы Пб үшін тұрақты деп санауға болады. Демек, қабылданған ұңғыма диаметріне байланысты кез келген бұрғылау әдісі үшін станок өнімділігін келесі формуламен анықтауға болады:

Qб.см = [Tс- (Tп.з.+ Tр)]/(tо + tв), (2.1)

мұндағы Tс, Tп.з. және Tр - ауысымның (әдетте 8 сағат), дайындық-аяқтау операцияларының және бекітілген үзілістің ауысымдағы ұзақтығы, сағат (Tп.з. + Tр= 0,5 .. 1 сағ);

tо және tв - 1 м ұңғыманы бұрғылауға кеткен негізгі және қосалқы операциялар (tо=1/Vб, мұнда Vб - бұрғылаудың техникалық жылдамдығы, м/сағ);

tв көрсеткішін анықтаған кезде бұрғылау жұмыстарын жүргізу әдісін және жыныстың бұрғылау қиындығын ескеру керек, дәлірек айтқанда:

  • шнекті бұрғылау үшін бұрғылау қиындық көрсеткішінің мәні Пб=1...6 - tв=2...4 мин.;

  • шарошкалы бұрғылау үшін бұрғылау қиындығы көрсеткіші Пб=6...14 - tв=1,5...4,5 мин.;

  • пневмосоққылы бұрғылау үшін бұрғылау қиындығы көрсеткіші Пб=14...25 - tв=4...8 мин.

Qб.см = [8- 1]/(0.01+ 0.5)=117

Таза бұрғылау жұмысына кететін уақыт көрсеткішін Tраб ауысымдық қор балансынан анықтауға болады. Бұл жағдайда келесідей тәуелділік пайда болады:

Tраб= Tс - Tс.пр - Tп.з - Tр , (2.2)

мұндағы Tс - ауысым ұзақтығы;

Tс.пр - бұрғылау станогының ауысымдағы іркілістерінің жалпы уақыты, сағат.

Тәжірибеде Tс.пр уақыты 0,9...1,3 сағат.

Tраб= 8-1-1=6 сағат

Станоктың жылдық өнімділігін анықтау үшін келесі формуланы пайдалануға болады:

Qб.год= Nсм Qб.см Kгод , (2.3)

мұндағы Kгод - ауысымдық жұмыс уақыт қорын пайдаланудың орташа жылдық коэффициенті;

Nсм - жылдық ауысым саны.

Жылдық жұмыс күндердін саны 305 болғанда, Nсм көрсеткіші 915 болады, ал Kгод коэффициентін 0,8...0,85 аралығында алуға болады.

tо көрсеткішін анықтау үшін Vб бұрғылаудың техникалық жылдамдығын анықтау қажет. Ол бұрғылаудың қолданылатын әдісіне және бұрғылау қиындығы көрсеткішіне байланысты анықталады.

Qб.год= 915*117*0,8=85644

Шнекті бұрғылау

Шнекті бұрғылаудың техникалық жылдамдығы төмендегі формуламен анықталады:

, м /сағ, (2.4)

мұндағы Pо - беріліс күші, Кн;

n - бұрғы жалғамасының айналу жиілігі, с-1;

dр - қашаудың диаметрі, м;

Пб - бұрғылаудың қиындық көрсеткіші.

м/сағ

Беріліс күшін келесі формуламен анықтауға болады:

Pо 5 Пб Fк , Кн, (2.5)

мұндағы Fк - қашау жүзінің мұқалу ауданы, см2.

Pо 5*4*2=40 Кн

Өз кезегінде Fк көрсеткішін оқу есептерінде жақындатылған формуламен анықтауға болады:

Fк 0,5 Пб , см2, (2.6)

Fк 0,5*4=2 см2

Бұрғылау жалғамасының айналу жиілігін 1,2...3,7 с-1 интервалында қабылдауға болады, бұл жағдайда кіші мәндер бұрғылау қиындығының үлкен мәндеріне қолданылады.