Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30 Кб
Скачать
☆

Жарма шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

  • Жарма өнімдерін өндіру (шығару) үшін азық-түлікке арналған астық тұқымдастар мен бұршақты дақылдардың дәндері, сондай-ақ қосымша крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (шығаруға) тағам және жем-шөп үшін өсірілетін картоп пайдаланылады.

  • Жарма өнімдерін өндіруге (шығаруға) арналған дәнді және бұршақты дақылдар дәндерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

  • Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға жауап беретін дән қоспасы жем-шөптік мақсатта пайдаланылады.

  • Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға жауап бермейтін дән мен дән қоспасы техникалық мақсаттағы өнімдерді қайта өңдеу үшін пайдаланылады

  • Техникалық мақсатқа қайта өңдеуге жарамсыз дән, қалдықтар және зиянды қоспа Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздік жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.

Мынадай шикізатты  пайдалануға жол берілмейді:    1) қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын ілеспе құжаттарды (сәйкестік сертификаты, сапа паспорты) жоқ;    2) «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттерінде келтірілген рұқсат етілген нормалардан тыс мөлшерде ластану тән немесе құрамында органолептикалық көрсеткіштерін нашарлататын заттары бар;    3) бұзылып-бүліну белгілері бар және (немесе) пайдалану мерзімі өткен шикізат.

Жарма өндірудегі технологиялық процесске  қойылатын талаптар

  • Жарма өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде магниттік тосқауылдар сепараторлардың, тазартқыш, ысқышты, жуу машиналарының, триерлердің, үдемелі ылғалдандыру шнектерінің және дәнді сулап қауызынан айыруға арналған машиналардың, көлем мөлшерлегіштердің, білікті станоктардың, ұсатқыштардың, түйгіш, дән бастыру, жылтыратқыш, қауыздағыш машиналардың, энтолейторлардың және соққымен әрекет ететін басқа да машиналардың алдында, сондай-ақ дайын өнімдер мен жем-шөптік астық өнімдерінің бақылауында орнатылуға тиіс.

  • Дезинсекциялау, газдандыру, дегазациялау, дератизациялау, улы еліктіргіш жемді дайындау, улы заттарды тасымалдау, қабылдау, сақтау және қолға беру, улы химикаттармен ластанған жеке қорғаныш құралдарын, дезинсекциялау машиналарын, көлік құралдарын, ыдыстарды, улы химикаттар төгілген жерлерді зарарсыздандыру, сондай-ақ жарамсыз болып қалған улы заттарды жою жөніндегі барлық жұмыстар бұл жұмыстарды жүргізуге берілетін тиісті лицензия бар болған кезде Қазақстан Республикасындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісілген салада қолданыстағы арнаулы нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқаулар мен ережелерге қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға тиіс.

 

Үйлестірілген стандарттардың тізбесі:

ГОСТ 5550-74

  Қарақұмық жармасы. Техникалық шарттар.

  ГОСТ 5784-60

  Арпа жармасы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 6002-69

  Жүгері жармасы. Техникалық шарттар.

  ГОСТ 6292-93

  Күріш жармасы. Техникалық шарттар.

  ГОСТ 7022-97

 

  Манка жармасы. Техникалық шарттар.

 

 

 

 

 

 

 

Жарма өнімдерінің  ассортименті

       Сөкті — тарыны ақтап, қауызынан тазартып алады. Тазаланған сөк — арнайы өңделген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Кейбір соктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.

Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында сіңімді белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өндеу тәсілдері мен дон сапасына қарай қарақұмық жармасы ұнтақталмаған тұтас жарма және тез пісетін жарма болып бөлінеді. Ұнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармадан қоймалжың ботқа әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі кебіртек ботқа, сонымен біргегарнирге, турамаға пайдаланады.