- •1. Балалардың көректілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергия-ның жойылуына сөйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сүрастыру жөне сал-мақты өлшеу өдістері қолданылады.
- •Табиғи тамақтандыру
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың он қағидасы (ддү / юнисеф-тің біріккен мөлімдемесі (1989 ж.))
- •Лактация
- •Уыз бен суттщ курамы
- •Нөрестені емізуде кездесетін қиыншылықтар жөне емізуге мүлде болмайтын жағдайлар
- •1. Гипогалактия - сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Оны алғашқы және екінші реттегі, ерте жөне кеш гипогалактия деп бөледі.
- •I дөрежелі гипогалактия - сүттің мөлшерінің (баланың қабылдауға тиісті мөлшерінің) 25 % жетіспейді, п-дөрежелі - 50 %, ш-дөрежелі - 75 % дейін, IV-дөрежелі - 75 % артық жетіспейді.
- •Бала emi3etih аналардьщ 1 кунге арналған tafam өнімдершщ шамамен алынған мөлшер1
- •Табиғи тамақтандыру техникасы
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың негізгі ережелері. Ддү/ юнисеф үсыныстары
- •Балаға емшекті емізудің негізгі ережелері
- •7 Айлығында дөнді дақылдар (негізгі-іі) қосымша тамақ енгізіледі. Олар: күріш, қараңүмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тагайындалады. Жүмыртқа сарысы - 7 айда.
- •Бір жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандырудың шамалап алынған жобасы
- •Тағамдық заттар мен энергияға бір жасқа дейінгі балалардың мүқтаждығы (рф, 1991 ж.)
- •Қосымша жөне жасанды тағамдардың негізгі бөліктерін дайындау тәсілі
- •1 Литр 10 % манная ботқасын дайындау үшін 1 литр сүт, 100 г жарма, 50 мл ңант сиропы, 16 мл түз ертіндісі, 250 мл су алынады.
- •Жасанды және аралас тамақтандыруда қолданылатын сүт қоспалары
- •Жасанды және аралас тамақтандыру
- •Қорытынды
1 Литр 10 % манная ботқасын дайындау үшін 1 литр сүт, 100 г жарма, 50 мл ңант сиропы, 16 мл түз ертіндісі, 250 мл су алынады.
Дайындауы: Тиісті суға сүттің ] бөлігі, түз ертіндісі қосылады. Қайнай бас-таганда үдайы араластыра отырып, сүзгі арқылы манная жармасын қосады. Жарма толық піскесін сүттің қалған бөлігін жөне қант сиропын қосып, қайта-дан қайнағанша қыздырады. Ботқа ыссылай стерильді қасықпен салынып, беті стерильді қағазбен жабылады, салқындатылады. Этикеткасы жапсырылады. 2-10° жылылықта 1 төулікке дейін сақтайды.
Күріш, сұлы, қарақұмық ұндарынан дайындалған ботқа (10%).1 литр ботқа дайындау үшін 1 л сүт, 100 г үн, 50 мл қант сиропы, 16 мл түз ертіндісі алынады.
Дайындауы: Сүт қайнай бастағанда 200 мл суда езіп алады. Үн қосқан сүт 5 минуттай қайнатылады. Сосын қант сиропын және ас түзының ертіндісін қоса-ды. Ыссы ботқа стерильді өлшегіш қасықпен стерильді стакандарға салынады, беті жабылады. 2-10° жылылықта 1 тәулікке дейін сақтайды.
Жаңа жидектерден (мүкжидек, қара қарақат, таңқурай, қарлыған жөне т.б.) дайындалған кисель. 1 л кисельдің қүрамы: 150 г жидек, 1 литр су, қант сиропы (жидектің түріне байланысты) 100-150 мл, картоп ұны - 40 г.
Дайындауы: Жидектер аралап, мүқият жуып, тазартылады. Ыссы су құйып (1л), бу пайда болғанша плитада қыздырады. Қайнатпа сүзгі немесе дәкі арқы-лы сүзіледі, жидектер қасықпен сығылады. Бір стакан картоп ұны қайнатпада езіледі. Қайнатпаға қант сиропы қосылып мұқият араластырылады. Содан кейін оған қайнатпада езілген картоп ұнын қосады. Кисель қайтадан қайнағанға дейін қыздырылады. Сосын оттан алынып стерильді шыныларға құйылып, аузы жабылып, этикеткасы жабыстырылады. Бөлмеде 1 төулікке дейін сақталады.
Қүрғақ жидектерден (шие, кара қарақат, қара жидек жөне т.б.) да-йындалған кисель. 1 литр кисельдің қүрамы: қүрғақ жидектер - 100 г, су -1,5 л, қант сиропы (жидекке байланысты) - 100-150 мл, картоп ұны - 40 г.
Дайындауы: Аралап, салқын суда тазалап, жуылған жидектер ыссы су құйып, 30 минуттай пісіріледі. Содан кейін сүзгі немесе дәкі арқылы сығып, сүзіледі. Қайнатпаның бір стаканын картоп үнын езу үшін алып қалады. Қал-ғанына қант сиропы қосылады да, ңайтадан қайнағанша қыздырады. Сосын от-тан алып, стерильді шыныларға қүйылып, беті жабылады, этикеткасы жабыс-тырылады. Бөлме температурасында 1 төулікке дейін сақталады.
Жаңа алмадан дайындаған кисель. 1 л кисельдің қүрамы, 1 л су, 500 г алма, 125 мл қант сиропы, 40 г картоп үны.
Дайындауы: Тазалап, жуылған алма жүмсарғанша қайнатылады да сүзгіден өткізіледі, қайнатпа мен қант сиропымен қосылады. Тиісті мөлшерде су қосы-лып, қайтадан қайнағанша қыздырылады. Содан араластырып отырып, суда езілген картоп үны қосылады. Қайтадан қайнағанша қыздырылады. Сосын от-тан алып ыдыстарға қүйылып, аузы жабылып, бөлме температурасында 1 төу-лікке дейін сақталады.
Итмұрын дөндерінен дайындалған сусын. 1 литр сусынның құрамы: 50 г - итмүрынның дәндері, 950 мл - су, 50 мл қант сиропы.
Дайындауы: итмұрын дөндері салқын сумен жуылып, эмальданған ыдысқа салынып, су құйылады. Содан 10 минуттай қақпағын жауып қойып қайната-ды. Оттан алып, 3 сағат бойына түндырып қояды. Содан кейін тығыз стерильді дөкімен стерильді ыдысқа сүзеді. Жаңа қайнатылған қант сиропын қосады. Сусынды мүқият араластырып аузын жауып, этикеткасын жабыстырып, 2-10° жылылықта 1 тәулікке дейін сақтайды.
Жемістер мен көкөністерден шырындар мен пюре дайындау. Апель-син, мандарин, лимон шырыны: апельсин, мандарин, лимонды тазалап жуыу, ыссы сумен шаяды. Содан кейін ұсақтап кесіп, шырын сығатын құралдың көме-гімен шырынын алады. Егер ондай құрал жоқ болса, жемісті ұсақтап кесіп, дөндерін алып тастап, дәкіге орап, қасықпен шырынын шыны ыдысқа жинай-ды. Дәміне сәйкес шырынға қант қосады. Қара қарақат жөне малина шырыны. Аралап алып, астынан су ағып түратын ыдыста, ағысты суда жуады. Үстіне қайнаған су шашады. Содан кейін дәкіге орап, сығып шырынын шығарады.
Алма шырыны. Жаңа, таза алманы жуып, ыссы су шашып, үгетін қүрал-ға үйкеп, үгіндісін алады. Алынған үгіндіні дөкіге орап, шырынын шыны ыдыс-қа сығады. Дайын шырынға дөміне қарай қант сиропын қосады.
Жүзім шырыны. Жүзімді аралап алып, жуып, дөндерін алып тастайды. Жидегін дөкіге орап, сығып, шырынын алады.
Сөбіз шырыны. Сөбізді жуғышпен (щеткамен) жуып, ыссы сумен шаяды, үгітетін құралға үйкеп алынған үгіндісін дәкіге орап сығып, шырын алады. Қант сиропы дөміне байланысты қосылады.
Каротин қоспасы (А. Ф. Тур бойынша). 500 г үсақ жөне орташа мөлшерлі сәбізді мүқият жуады, үсақтайды, азғана су қүйып 40-60 мин бүқтырады. Жүмсарып піскен сәбізді сүзгіден өткізеді де 1 литрге дейін қайнаған су құяды. 3-5% -ды сироп қосады. Шыныға құйып, су буында 5 минут бойына стеризация-лайды.
Алма үгіндісі (пюресі). Жаңа алманы ыссы сумен жуып, қабығын алып, үгітетін қүралда, үгіндісін алады. Қажет болса дөміне байланысты қант сиро-пын қосады.
Сөбіз пюресі. 1 кг үгіндінің құрамы: сөбіз - 100 г қант сиропы - 20 мл, сүт
- 250 мл, түздың 25 % ертіндісі - 16 мл, сары май - 50 г.
Дайындауы: Сөбізді жуғышпен мұқият жуады, тазалайды, ұсақтап кеседі. Содан кастрюльге салып, сәбіздің деңгейіндей етіп қайнаған су ңүяды. Қақпа-ғын жауып, су түгел қайнап таусылғанша әлсіздеу отқа қояды. Ыссы сөбізді сүзгіден өткізеді, жылы сүт, түз, қант сиропын қосады. Содан кейін 2-3 минут қайнатады. Дайын пюреге сары май қосады.
Картоп пюресі. 1 кг пюренің құрамы: картоп - 1100 г, сүт - 400 мл, 25 % ас тұзы - 16 мл, сары май - 30 г.
Дайындауы: Картопты жуып, тазалап, буда пісіреді. Егер буда пісіруге бол-майтын болса, қабыгымен пісіріп, ыссы күйінде қабығын алады, ыссы картоп сүзгіден өткізіп, кастрюльге салады. Үдайы қозғап араластырып түрып, ыссы қайнаған сүт, тұз, май қосады.
Пюре баланы тамақтандырардың алдында ғана дайындалады.
Көкөністің бірнеше түрінің пюресі. 1 кг пюренің қүрамы: өртүрлі көк-өністер (сәбіз, брюква, репа, капуста) - 800 г, картоп - 200 г, сүт - 250 г, май -30 г, 25 % түз ертіндісі - 16 мл.
Дайындауы: көкөністерді тазалап жуғышпен жуып, кесіп, тереңдігі 2-3 см су құйылған кастрюльге салады. Кастрюльдің қақпағын жауып, отқа қояды. Кастрюльдің түбінде су болып, көкөністер буда бұғып пісуін қадағалап отыра-ды. Көкөністер дайын болуға жақындағанда, кесілген картоп қосылады. Жұм-сарғанша пісіреді. Содан кейін ыссы күйінде сүзгіден өткізіп, сүт, түз қосады. Барлық пюрені араластырып, отқа қойып, қайнағанша қыздырып, сары май қосады.
Көкөніс пюресіне саумалдық, көк бүршақ, қызылша шырынын қосқан пай-далы.
Көкөніс суп-пюресі: 1 литр пюренің қүрамы: 100 г - картоп, 100 г - ка-пуста (түсті немесе ақтүбірлі), 50 г - сөбіз, жұмыртқаның сарысы - 2 түйір, сүт
- 200 мл, сары май - 15 г, түз - 8 г, су - 600 мл. Дайындауы: Тазаланған көкөніс пен картопты азғана суда пісіреді, сүзгіден өткізіп, қайнатпамен қайта қосып, ыссы сүтпен, түзбен араластырады. Жет-пейтін жері ыссы сумен толықтырылып, қайтадан қайнағанша отқа қояды. Супты балаға берер алдында жұмыртқаның сарысын маймен мүқият аралас-тырып, супқа қосады.
