- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
- •5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Графигі
- •Мазмұны
- •1 Қала және автомобиль
- •2 Жол бойы территориясындағы шудан қорғау іс-шаралары
- •3 Шудан қорғау мақсатында көгалдандыру жолақтарын жобалау
- •4 Шудан қорғау экрандарын есептеу және жобалау
- •5 Қажетті терезе конструкциясын таңдау
- •6 Көлік магистралінің шу деңгейін есептеу
- •7 Адам ағзасына шудың әсері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3 Шудан қорғау мақсатында көгалдандыру жолақтарын жобалау
Жер беті кеңістігінде шудың таралуына жасыл желектер – ағаштар, бұталар үлкен әсер етеді. Жасыл желектерде дыбыс энергиясының жұтылуы және оқшаулануы болуы мүмкін. Жасыл желекпен шу деңгейін төмендету жасыл желектің түрлеріне, бұталар болуына, орналасу кеңдігіне, жыл уақытына және т.б шарттарға тәуелді. Егер көгалдандыру қабаты қалың болса, дыбыс азаюы жасыл масса ішінде жұтылу мен дыбыстың шашырауы әсерінен болады. Нақты дендрологиялық құрамдағы жасыл желек қабаты тығыз болған сайын экран дыбыс өткізгіштігі төмендей береді.
Шудан қорғау мақсатында арнайы дыбысты шағылдырушы «жасыл қабырғалар» мен шашырату мен жұтуға себепкер ірі массивтерді кезектесіп орналастырады. Бұл мақсатта ірі өлшемді, тез өсетін, діңгегі төмен, бұтақтары көп ағаш түрлерін пайдалану тиімді. Ағаш қатарлары тығыз болуы тиіс, міндетті түрде бұталар егіледі, олар төменгі бөліктің акустикалық беріктігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы тиімділікке қол жеткізу үшін көпқатарлы конструкциялардың ені 25 м дейін созылады.
Санитарлық қорғау зоналарын өндірістік және коммуналды мекемелер жанына отырғызуда ағашты – көлеңкелі әдіс қолданады. Басты және қосалқы көлеңкелі ағаш түрлері кезектесіп отырады. Негізгі ағаш түрлері бір қатарда 3–4 м сайын отырғызылса, қосалқы ағаш түрлері 2–2,5 м сайын отырғызылады. Ірі бұталар бір-бірінен 1–1,5 м қашықтықта орналасса, ұсақ бұталар 0,5м қашықтықта орналасады.
Отырғызылатын ағаштардың 50% негізгі ағаш түрлері болуы тиіс, олардың негізгі қасиеттері шудан қорғау, түтін мен газға тұрақтылық және жергілікті топырақты-климатты шарттарда өсуге қабілеттілігі.
Жасыл желек қабатының максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін жасы үлкен ағаштардың биіктігі шу көзі мен есептеу нүктесі арасындағы тік дыбыс сәулесінің шартты сызығынан 2 м жоғары болуы керек (1-2-кесте).
1 – кесте - Жасыл желек жолақтарының шудан қорғау тиімділігі
Ағаштар құрамы |
Еені, м |
Автокөлік қозғалысы қарқындылығына сай, авт/сағ, жолақтың шуды төмендетуі, дБ А, |
|||
60 кем |
200 |
600 |
1200 артық |
||
Бір қабатты кедергі түріндегі үш қатарлы жапырақты ағаштар және бұталар |
10 |
6 |
7 |
8 |
8 |
Екі қабатты кедергі түріндегі төрт қатарлы жапырақты ағаштар және бұталар |
15 |
7 |
8 |
9 |
9 |
Екі қабатты кедергі түріндегі шахматты отырғызылған төрт қатарлы қылқан жапырақты ағаштар |
15 |
13 |
15 |
17 |
18 |
Екі қабатты кедергі түріндегі бес қатарлы жапырақты ағаштар және бұталар |
20 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Екі қабатты кедергі түріндегі бес қатарлы қылқан жапырақты ағаштар және бұталар |
20 |
14 |
16 |
18 |
19 |
Екі қабатты кедергі түріндегі алты қатарлы жапырақты ағаштар және бұталар |
25 |
9 |
10 |
11 |
12 |
2-кесте-Ағаштар арасындағы ұсынылатын қашықтықтар
Ағаштар түрлері
|
Ара қашықтық , м |
|
Қатар ішінде |
Қатар арасында |
|
Негізгі ағаштар |
3 |
3 |
Қосымша ағаштар |
2 |
2 |
Ірі бұталар |
1,0...1,5 |
1,5 |
Ұсақ бұталар |
0,5 |
1,5 |
Зерттеулер жасыл желектің тиімді ара қашықтығы 10-25 м екенін көрсетеді, оның 25 м жоғары болуы шудың одан әрі төмендеуіне үлес қоспайды.
