Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Педагогикалық психологиялық зерттеудегі .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

1.2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары.

Жоғары оқу орнының негізгі міндетінің бірі мемлекеттің жоғары дәрежелі мамандарға деген сұранысын қамтамасыз ету. Бұл әрекеттің қазіргі таңдағы дамуына келетін болсақ, жоғары оқу орнының түлектерінің кәсіби мүмкіншіліктерімен қарулануының өзі орта мектепте қалыптасатынын аңғаруға болады. Негізінен кәсіби мүмкіншіліктің қалыптасуы бала мен тәрбиешінің, оқушы мен мұғалімнің, оқытушы мен студенттің өзара бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен басталады. Педагогикалық әдебиетерде кейінгі жылдары өзара қарым-қатынас процесіндегі педагог мен студенттің бір-бірімен қатынасқа түсуі мәселе ретінде көтеріліп жүр. Педагог өзінің кәсіби қарым-қатынасын жүзеге асыра отырып өзімен қарым-қатынасқа түсушілер алдында өзінің мүмкіншіліктері, ритмі жағынан жоғары мазмұнға ие болуы керек, өз серіктесінің ерекшеліктерін, рухани жан-дүниесін, қажеттіліктері мен түрткілерін көріп, түсіне білуі керек. Оларды көріп-түсініп қана қоймай, өзінің көздеген мақсатына жету үшін қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Осыларға сүйене отырып В.С.Грехнев қарым-қатынас факторын екі топқа бөледі: жеке бастық және операциялық.

Жеке бастық – бұл адамның өзінің жеке басымен байланысты (сырт келбеті, киімі, тәжірибесі, білімі, эмоциясын көрсете білу).

Операциялық – қандай мақсатпен, ненің көмегі арқылы жүзеге асатындығына байланысты болып келетін қарым-қатынас процесінің барлық сипаты. Педагог қарым-қатынасты ұйымдастыра отырып, балаларды қарым-қатынасқа түсе білуге үйретеді. Тәрбие жүйесінде әрекеттің бір түрі ретінде қарым-қатынаста ерекше орын алуы керек. Жүргізілген зертеу нәтижелері мен Н.Е.Щуркованың жіктеуіне сүйене отырып кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың келесі функцияларын ажыратуға болады.

Шығын функциясы – серіктесті қарым-қатынаста ашылуға ұмтылдыру үмітін ояту, психологиялық қысымнан шығару, өзін-өзі бағалау деңгейі мен сенімділігін жоғарылату.

Қарым-қатынастың келесі функциясы бірлесіп қатысу функциясы. Осы функция ортақ рольді атқарады: бірлестік арқылы серіктестерге, біріншіден, басқаның ішкі әлеміне енуге, екіншіден, басқаның алдында «мен» қасиетін ашуға мүмкіндік береді.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас – педагогтың балалармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынасы. Бұл процесте қарым-қатынастың үшінші функциясы – жеке тұлғаны жоғарылату функциясы іске асырылады. Жоғарылату функциясы – тәрбиеленушіге өз әрекетін және мәдени қарым-қатынасын жоғарылатуға әсерін тигізеді.

Бұл функциялардың жүзеге асуы педагогтың кәсіби практикалық дағдыларын қамтамасыз етеді. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасында анықталады. Диалогтік қарым-қатынас субъектілердің оқу-тәрбие процесіндегі өзара түсінісуі мен құрметтеуі негізінде қалыптасады. Осының көмегімен мына жағдайлар дамиды:

  • серіктесімен әрекетке түсу мүмкіншілігін қалыптастыру, біріккен іс-әрекетке қатысушылардың эмоциялық жағдайын анықтау;

  • белсенділік, серіктесіне жалпы әрекет жоспарына әзірлігін ұсыну;

  • тепе-тең түрінде өзін-өзі бағалау, серіктесіне достық сеніммен баға беру, қақтығыстық жағдайдан шыға білу.

Әрбір адам үшін педагогикалық әрекет бірлескен дамытушы роль атқарады. Бір жағынан педагог студенттерге олардың дамуына (ақыл-ойының, адамгершіліктік, эмоциялық, физикалық) көмектессе, екінші жағынан студенттер педагогтың жеке басының кәсіби-педагогикалық және адамгершіліктік қасиетін дамыта түсуіне әсер етеді.

Жеке бастың жан-жақтылығы оның білімінен, бағалауынан, қарым-қатынасқа түсуінен көрінеді. Педагог еңбегінің тиімділігі қарым-қатынас мәдениетімен тығыз байланысты. Педагогикалық қарым-қатынас негізіне баланы дұрыс түсіну, топпен тығыз байланыс орнату, ситуацияны шеше білуге дағдылану жатады. Осының бәрі кәсіби шеберліктің құрамды бөлігі болып табылады және педагогикалық әрекеттің жетістіктерін қамтамасыз етеді.

Тек кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көре білгенде ғана В.А.Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.

« Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің – деп жазды А.С.Макаренко,-орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формамызда әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыс сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік-жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің деке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет »

А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті кеңес педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетті: балалармен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Балалармен қарым-қатынас жасау – бұл толассыз шығармашылық. Бір сабақтың өзін ғана сәл еске түсіріңізші. Мұнда балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды десеңізші. Осының барлығы қас-қағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтан да педагогикалық қарым-қатынас - әрине, шығармашылық оның өзі қалайша нақты көрінеді.

Біріншіден қарым-қатынас шығармашылығы ақпаратты бере білуде көрінеді: оның әңгімелесушіге дәл бағыттап, айқын бейнелі сөзді таба білуде. Сабақта ақпаратты сұрыптаудың, құрудың және оны берудің шығармашылығы болмаса – онда бірден оның тартымдылығы жоғалып, іш пыстыра бастайды. Қарым-қатынас шығармашылығының екінші бір жағдайы-басқа адамның көзқарасына, қимыл-әрекетіне, мәнеріне қарап түсіне білуде. Баланың бет әлпетіне бір қарағанда-ақ оған не болғанын түсіну өте маңызды. Бұл мүмкін бе? А.С.Макаренко осы жайлы былай деп жазды: «Көре білуге болады және де оны дамыта түсу қажет. Адамның бет әлпетін, бала жүзін оқи білу керек, ал мұндай оқи білу арнайы курста сипатталуы да мүмкін. Адамның бет әлпетіне қарап оның жан-дүниесіндегі өзгерістің кейбір белгілері туралы білуде тұрған ешқандай айлакерлік, ешқандай әулиелік жоқ ». Оқушының ішкі әлеміндегі өзгерістерді біздің байыптай білмеуіміз тиімді қарым-қатынас жасауды, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға бөгет жасайтыны белгілі.

Ал балалармен өзара қатынасты ұйымдастыруда шығармашылық қалай көрінеді? Тек шығармашылық қана өзара қатынасты сапқа тұрғызудың, дамытудың күрделі өнерінде аса маңызды бола түседі. Өйткені біздің балалармен іскерлік әрекетіміз өзара қатынастың « көп қабатты сарайын » тұрғызудан басталады. Тек өзара қатынас қана көп жағдайда балалардың біздің пәнге, мектепке, сыныпқа деген көзқарасына ықпал ететінін ұмытпаған жөн.

Балалармен қарым-қатынастың жасаудың психологиялық дәл жолын қалай табуға болады, қарым-қатына арқылы нысананы педагогикалық ықпалды қалай ұйымдастыруға болады?

Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрену, яғни оның жеке басының жан-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, өзінің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігін ескеру керек.

Мұғалімнің қарым-қатынас жасау шығармашылығындағы тағы бір жағдай – бұл шығармашылықтағы өздігінен реттелетін процесс - өзіннің психологиялық күйіңді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзінің шығармашылық сезіміңді шабыттандыру, әрқашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу.

Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын ақпарат беруге, қарым-қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

Жас мұғалімдерде байқалатын ең көп тараған қателіктер қандай? Олар қарым-қатынасты тұтастай ұйымдастыра алмайды да,оның белгілі бір функциясын ғана жүзеге асыруы мүмкін. Мәселен, сабақтағы өзара әрекеттің аса маңызды және өте мәнді функциясы – ақпарат формасын жете ұйымдастыруға көңіл бөледі. Міне сондықтан да жас педагогтар сабақты жоспарлағанда ең алдымен ақпаратты беру жүйесін ойластырады да, жоғарыда аталған басқадай қатынас функцияларын ескермейді. Соның салдарынан сабақ конспектісі, көрнекті материалдар әзір болып, мұғалім жақсы даярланып, материалды толық игергенімен сабақ ойдағыдай өтпейді. Мұндай жағдайда біз аудиториямен байланыс жоқ дейміз. Өте дұрыс, бірақ дәлірек айтқанда педагогикалық қарым-қатынастың тұтас процесі жоқ. Танымдық ақпарат болғанымен, ол өзара қарым-қатынаспен нығайтылмағандықтан мұның өзі жеке адамдар арасында өзара әсер туғызбайды.

Оқыту процесін ұйымдастыру кезіндегі қарым-қатынас функцияларын толығырақ талдап көрелік. Қазіргі кезде оқыту барысындағы өзара әрекетте қарым-қатынастың ақпараттық функциясы туралы жиі айтылып жүр. Оны жүзеге асырудың алуан түрлі әдісі жайлы көптеген теориялық және қолданбалы еңбектер жарық көрді. Қарым-қатынастың ақпараттық функциясы материалды және рухани байланныстарды алмастыру процесін қамтамасыз ете отырып, оқу-тәрбие процесінде жағымды мотивті дамыту, өзіндік ізденіс пен ойлауды қалыптастыру үшін жағдай жасайды.

Жеке тұлғаның әлеументтік іс-әрекетін мысалға ала отырып, рольдер арқылы қарым-қатынас оның әлеуметтік мінез-құлқының дайын үлгісін бағдарлайды (мұғалім мен оқушы). Әлеуметтік рольдер жан-жақты жеке тұлғаның пайда болуымен сипатталады да, адамдарды адамдардың түсіну процесін ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер жеке рольдік формаларды кіргізеді. Оқушыларды сабақтың жеке элементтерімен таныстырады, әрбір оқушыға ұйымдастырушылық және орындаушылық рольдерде ойнауға рұқсат береді.

Қарым-қатынас функцияларына жеке тұлғаның өзіндік пайымдаулары жатады. Педагог тапсырмасы – оқушының өзіндік «МЕН» қасиетін ұғынуға мүмкіндік туғызу, өзіне тән белгілерді түйсіну, жеке тұлғаның болашағы мен өзіндік бағалауын, талап деңгейін қалыптастыру.

Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

- Мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;

  • Мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;

  • Оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

  • Ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы;

  • Оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің шығармашылықойын айқындауы тиіс;

Қарым-қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:

  • Оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынасы жүйесін орнату;

  • Оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым-қатынасы жүйесін қалыптастыру;

Қарым-қатынасты оқытудың дамушы функциясы былайша жүзеге асырылады:

  • Оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату;

  • Жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;

  • Жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына (өз бетінше білім алуына және өзін-өзі тәрбиелеуіне) ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық факторларды меңгеру.

Демек, тыңғылықты ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқу әрекетін ыңғайластырудың ықпалды факторы болып саналады.