Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инкар курсавой писхология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

1.2. Сөйлеу әрекеті және сөйлеу түрлері

Сөйлеу әрекеті – үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:

  1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау

  2. оны жүзеге асыру

  3. салыстыру мен бақылау

Сөйлеу іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу болып екіге бөлінеді. Ал, сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша, монологтік және диалогтік болады.

Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз – мидың жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары.

Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді – дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады.

Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.

Ауызша сөйлеу – кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар.

Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер ар0ылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;

ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;

б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;

в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді. Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай – ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін.

Ішкі сйөлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру – интериоризация деп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі.

Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.

Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.

Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.

Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.

Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі – оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.

Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деуі тегін емес. Шебер сөйлей білу де өнер. Оқушының сөйлеу қабілетінің дамуының шарты – баланың сөздік қорының мол болуы.

Үйретуші мұғалімнің тіл мәдениеті де балаға өте әсер етеді.

Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі – В.Л.Скалкиннің «Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі» атты еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.

І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен әдістемелік мәселелерге арналған.

Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны ұйымдастырудың, оқытудың әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а) жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.

Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама; пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп бөліп .

Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі. Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі. Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде іске асады.

Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез) сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты.

Психолог Н.И.Жинкин «Коммуникативная система человека и развитие речи в школе» деген еңбегінде. «Сөйлеу – интелектінің даму Каналы, сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу – сөз бен буынның бейнесін қайта жаңғыртудан басталады», дейді. Н.И.Жинкиннің еңбегінде сөйлеу әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.

Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3-түрлі салаға топтастырылады.

  1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі

  2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі

  3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі

Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Білімідік қатынас, хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат алмасу қатынасы т.б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет, құрмет, қозғалыс т.б.) болады.

Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.

Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен, мәнермен сөзбен, құлаққа жағымды, көңілге қонымды күйінде өзгелерге жан дүниесін тебірентіп жеткізілуі. Бұл әрекетте сөйлеген сөз – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш болады.

Сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем – ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші – ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кітабында .

М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады. Сөйлеу қалай пайда болады? – деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз –тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу - әрекет, сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөйлеу – тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдіреш деп күйдіреді; білдіреш деп бүлдіреді; жұбаташ деп жылатаду; қуанташ деп қуартады.

Сөйлеу тілінің дамуы -өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімделіп отырады.

И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Баланың сөйлеу қабілетінің дамуына үш негізгі фактор әсер етеді.

  1. Тұқым қуалаушылық (ішкі сала)

  2. Орта (сыртқы сала)

  3. Тәрбие (ішкі және сыртқы сала)

Биологиялық тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортаның баланың сөйлеу қабілетін дамытуға әсері зор. Қабілеттілік тәрбие арқылы жетіледі, іске асады.