Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой ЫБЫРАЙ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165 Кб
Скачать
☆

1.3. Ыбырай Алтынсаринның отбасы және бала тәрбиесі.

Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні жас буынды өнер білімге үндеу, адамгершілікке, мінез–құлыққа тәрбиелеу болып келеді. Ол ел–жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы т ұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Мұнан кейінгі жылдарда да ұлы ағартушы өзінің педагогикалық ой – пікірлерін байыта, тереңдете берді. Әсіресе ол орыстың ұлы педапгогы К.Д.Ушинскийдің мол мұрасына тереңірек үңілді. Оның педагогикалық принцптерін жаңадан ашыла бастаған орыс–қазақ мектептерінің оқу–тәрбие жұмыстарына ендіру жолын іздестірді. Ыбырай Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары мен біліміне таратуда Ыбырай Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионатты қыздар учиищелерінің негізгі оқу пәндері тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін және арифметиканы оқыды. Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсаринның нсімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша үкіметі тарапынан кедергілерге тап болады. В.В.Катаринскийге жазған хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ мектептің табысты боларына губернатордың күдігі бар... Ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеңе болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін.

Көп ұзамай бұл арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шынында бұл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездеріне қаздар училищелерін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанай қаласында, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұқсат етілді .

Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептердің ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы боып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп–болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени–ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.Тамаша педагог қыздар училищелеріне зор тәрбиелік міндеттер жүктеді. Бұл училищелер арқылы қазақтардың арасында семья тәрбиесін өрістеуді көздеді. Орск оқытушылар мектебі өзінің оқу–тәрбие жұмысын халық ағарту министрлігінің орыс мұғалімдері семьялары жөніндегі нұсқауларына сәйкес жүргізді. Ағартушы педагог ең алдымен өзінің оқулығының идеялы бағытын халықтық принцип негізінде, балаларды өз Отанын сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу бағытында құруды ойлады. Орыс тілін, жаратылыстану ғылымын, география және тарихты оқыту жұмысы әрбір мектепте күн ілгері белгіленген бір жүйемен, оқу құралымен жүргізілуі керек, өйткені тәрбиеге қарағанда оқыту, тәрбиелеу жұмысына дәйекті көзқарасты бекіп болмаған кейбір жас оқытушылар оқу құралдарын беталды өзгерте береді, оның үстіне, халық мектептерінде өтілетін пәндердің оқыту әдістері мен тәртіптерінің өжін өзгерте береді.

Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық, әдеби және пудлицистикалық шығармаларында тәрбие, әсіресе адамгершілік проблемаларына ерекшекөңіл бөлген. Ыбырай Алтынсарин да мектепті саудагерлік рухта болудан, тар өрісте тәжірбиелік шектеуліктен сақтандырды. Ол мектеп тәрбиесінің қапас заманның қатал әдет–ғұрпына қарсы болуын, адамдарды жарасымды мінез–құлыққа, игі сезімге баулып, дүниеге кең көзқарасын қалыптастыруға уағыздады.

Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2–3 жылдай ел молдасының алдын көреді. Осы сәби кезінде–ақ Ыбырай өзінің ұқыпты жас екенін көрсетеді. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын бғындырудың, билеп–төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет–шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан–ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.

Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі 9 жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болды. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан, Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады. Орыс тілін жақсы меңгеріп, сол тілде жазылған оқулықтарды түсініп оқиды. «Мектеп–қазақтарға білім берудің басты құралы.Олар даласының кез–келген жеріне ретсіз орната салатын болса ешбір пайда келтіре алмайды. Біздің барлық үмітсіз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын, артта қалған халықты мектепке қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге не жөнінен болса да бір артықшылық берілетін болсын, сонда ғана оқушылардың саны ешбір күмәнсіз өте тез өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады, сонда татар фанатизімінің де күлі көкке ұшады» деп жазады. Осындай алдына айқын мақсат қойған Ыбырай балаларды тәрбиелеу ісіне де ерекше мән берді. Ол оқушыларын адамгершілігі зор, білімді, халқына жаны ашып, оған аянбай қызмет еткендей мәдениеті жоғары адам етіп, шығаруға тырысты. «Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын» дей келіп, балама заң–законды үйрет деп талап қойған қазақтарды іштей сөгеді. Достарына жазған хаттарында бұл талаптардың негізгі даукес парақорлық, арызқойлық сияқты жұғымсыз әрекеттердің шығуына әкеліп соғатынын айтады.

Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларына, сапасына да көңіл аударады. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды. Ол: «өзімнің барлық ісіміз де, ақыл–ойымыз да, тілегіміз де материялдық күшіміз де бір, басқаша болуы мүмкін де емес» дейді. Оқу жұмысында негізгі рөлді оқытушыға артып, сол рөлін жақсы атқара алатын мұғалімдерді жоғары бағалады. Мұғалімдердің білімі, тәжірбиесіне қоса, ұстаған бағытына–идеясына да көңіл аударды. Ильминскийден іскер оқытушылар жіберуін сұрап жазған бір хатында ол бұрын жіберген екі оқытушысының ұстаған бағыттарына адамшылықтары мен іскерліктерін риза екенін айтады. «Сіз тәрбиелеп өсірген Семен Меркулович пен Иван Григоревич, шынында да, өте жақсы жігіттер екен, ұстаған бағыттары да, адамгершіліктері де жақсы екен» - дейді.

Балалар мен оқытушылардың арасының жақсы болуын да ерекше ескереі. Мұғалім беделін, оны оқушы сыйлау керек екенін және оқытушы да оқушысын өз баласындай көруіне тиіс екенін айтады. Бірақ балаларды бұзықтық жасағанда жазғырып, тәртіпке шақырмаса болмайтынын да өз тәжірбиесі арқылы түсіндіреді. Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе–оқу құрал. Ол оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. 1879 жылы Ыбырайдың хрестоматиясы шықты. Бұл кітаптың қазақ мәдениеті тарихында ерекше орыны бар. Ол ағартушылық идеядағы тұңғыш оқулық еді. Ыбырайдың бұл хрестоматиясынан қазақтың көп балалары тәрбиеленді. Ыбырайдың оқыту әдісінде де көптеген жақсы бастамалар болды. Ол оқушысын өз тілінде сауаттандырып, одан кейін орыс тілін үйретуде де жемісті істер атқарып отырды. Тек кітаптағы сөздерді жаттатып, көшіртіп қоймай, сөйлету тіліне баулып тәжірбиеге ұштастырды. Мектеп тәрбиесінің негізгі нысанасы қазақ өміріне әсер ету, халақ тұрмысын жаңарту деп біледі. К.Д.Ушинскийдің педагогтық пікірін басшылыққа ала отырып, балаларды жаңаша тәрбиелейді.

Ыбырай–ғылымға жетілуде тәжірбиесінің рөлі ерекше деп таныды. «Тәжірбие барлық ғылымның бастамасы ғой, кемкемдеп өзіміз үйреніп, балаларды да оқыта берейік, мүмкін сөйте келе мақсатымызға да жетерміз» деп, ол тәжірбиеге біріңғай қарап, соған соншалық сенген адам деп түсіну керек. Ол тәжірбиесінің өлшемді мүмкіншілігінің ескерте де білді. Тәрбие жұмысында тәжірбиенің зор рөлі барын айта келіп, оған сене беруге болмайтынын, ол үшін тәжірбиенің де тәжірбиесі бар екені, лайықты ортаның да керектігін үлкен ойшылдықпен болжайды. «Балалар күнбе–күн тәжірбиеден тәлім алар деуге–мұндағы қоғамның түрі мынау, ал тіпті, бұдан басқа, бұдан гөрі мәдениеттірек қоғам болғанның өзінде де тәжірбиеге сене беруге болмайды. Бұл әңгіменің тәбиелік жүйені: егер өзіңді-өзің еңбекке, ұқыптылыққа баулып, шынығып өссең, Үсен сияқты өмірге икемді, қиыншылыққа мойымайтын, өршіл боласың. Ал еңбексіз арамтамақпен өссең, Асанға ұқсап қабілетсіз, икемсіз енжар боласың деген тұжырымға келіп тіреледі. Ыбырай халқына шаруа жайын, кәсіп түрін де көрсетіп, оларға әрдайым ақылын айтып отырады. Ыбырай әңгімелерін көтерін тағы бір өзекті мәселесі–адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса деген ізгі ниет білдірді. «Шеше мен бала», «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала», «Ауырудан аяған күштірек», «Әдеп», «Әділдік», «Такаппарлық», «Таза бұлақ» әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді. Ыбырайдың мейірімділік пен жоғары адамгершілікке баулитын әңгімелерінің бірі–«Ауырудан аяған күштірек». Әңгімеде баласының анасына деген сүйіспеншілігі, аянышы, мейірімділігі сөз болады. Аяулы анасына деген мейірімді баланың төзімділігі, адамгершілігін ардақтайды. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет–салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озық оқу–білім, адамгершілік қасиеттерді, дәуір ұсынған ең келклі де керекті жаңа тілектерді айта біледі. «Жақсы әдетті баланың бойына сіңіруде жанды мысалдан артық әсерлі күш жоқ» деген К.Д.Ушинский пікірін жазушы жан–тәнімен қостады. Ыбырай шашқан тәлім–тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ мектебәнде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болды.

ІІ тарау Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық көзқарастары